20 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жазушылар одағын 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин қызметінен кететін болды

13 февраль 2018, 10:46
Қазақстан жазушылар одағын үзіліссіз 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин өз еркімен қызметінен кететін болды. Ал, бүгінгі жазушылар пленумында көптен бас қоспаған қаламгерлер одаққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Нұрлан Оразалинді аямай сынағандар да аз болмады. Тіпті барша жұрт рухани жаңғырып жатқанда, жазушылар одағы неге жаңғырмай қалды деген де сұрақтар қойылды.

Таңғы оннан бастап жазушылар одағына жиналған қаламгерлердің қарасы көп. Әдебиетшілер алдында бесінші құрылтайдың өтетін күнін белгілеп, одақ жұмысына баға беру мақсаты тұрды. Ал жиынды бастаған Нұрлан Оразалин бірден алдағы құрылтайда өзінің сайлауға түспейтінін мәлімдеді.

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН, жазушылар одағының төрағасы:

– Түспеймін деген сөзді мен тағы да қайталап айтқым келеді. Үйткені маған жетіп жатқан әңгімеде Нұрлан тағы да алдап-сұлдап, ертең уақытты созып, мына бәйгеге аяқ асты өзі түсіп кетіп осы бесінші рет мына билікті қолына алып алғысы келеді деген сөзді айтатын көрінеді. Ондай болуы мүмкін емес, Қабеке.

Қабеке деп, одақ төрағасының Қабдеш Жұмаділовке қаратып айтуы да бекер емес. Осыған дейін Оразалинге орыныңда отырып алдың деп шүйліккен де дәл осы халық жазушысы еді. Десе де Жұмаділов бұл жолы да қарап қалмады.

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы:

– Өмірі кешпейтін нәрсе Нұрланның бетінде қалады ол. Алаш деген атты аяққа басып, 42 адамға бір күнде үлестіру деген не болды соншама? Не жетпеді? Алаш сыйлығын 2 адам 3 адам алатын бұрын ұзаса.

Одақ төрағасының жұмысына оң баға бергендер де аз болған жоқ. Әдебиетшілер қаламақы мәселесінің бір жолға қойылуы мен одақ ғимараты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуін Оразалиннің еңбегі деп біледі. Сондай-ақ қаламгерлер одақтың ассамблея мен дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы секілді мемлекет тарапынан қаржыландырылып, идеологияны жүргізетін бірегей ұйымға айналатын уақыты жетті деген пікірлерін де ортаға салды.

ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК, ақын:

– Баяғыда Колбинді осы жерге шақырып алып тұрып Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шәймерденов сөйлеген кездегі айбар қандай еді, жазушылар одағының? Көкке жетер еді. Ал одан кейін Мұхтар Шаханов ержүректік жасап, аноу бүкілодақтық съезде сөйлегені ол да Қазақстан жазушылар одағының айбары

80 жылдан астам тахихы бар, 800 ден аса ақын-жазушысы бар одақтағылар 5 сағат бойы бес жылдағы қордаланған мәселелерді ортаға салды. Осылайша олар алдағы 12-і наурыз күні одақтың жаңа төрағасын сайлап, жаңаша бағдарлама құрмақ.

Ерқанат Көпжасар, Сергей Шуйский
ДЕРЕККӨЗ: 31 арна
Просмотров материала: 3 342

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 135 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 841 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 335 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 364 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 739 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 877 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 911 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 244 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 928 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 956 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 160 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 889 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 025 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 653 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 533 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 557 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 768 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 527 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 933 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 719 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 531 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 378 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 217 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 589 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 468 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 949 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 388 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 282 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 517 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 909 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 258 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 202 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 351 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 279 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 523 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 656 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031