22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еліміз туризм мекені атануға сұранып-ақ тұр

02 апрель 2018, 9:43

Фото: National Geographic Қазақстан
«...Сені қалай сүюдің керектігін
Мен ешқандай кітаптан оқымадым...»
(Фариза Оңғарсынова)
 


Менің есімім — Тоғжан. Бала кезімде есімім өзіме ұнамайтын. Бұл әкемнің таңдауы екен. Шамасы Абайдың Тоғжанындай шынайы, жан дүниесі таза, ақындарға шабыт сыйлар ерекше жан болса деген үміті болған шығар.

Қазір есейдім бе, Абайды таныдым ба,әлде сирек кездесетін есім болғасын ба, әйтеуір Тоғжан болғаныма қуаныштымын. Шындығында Абайды таныдым дегенім де жай сөз. Ол – даналығына бойлау мүмкін емес дара тұлға.

Өйткені оның әрбір қара сөзін оқыған сайын ойымды мазалайтын сұрақтар көбеюде. Ұлы ақынның музасымен аттас бола тұра, оның туған жері Семейге, сол қаладағы музейіне әлі бармаппын. Алайда жоспарымда бар.

Өзім Астана қаласындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысымын.Бас қалаға қоныс тепкеніме алты жыл. Алайда бұл әңгімем өзімнің туған қалам – Атырауым туралы.

Астанаға келгелі жергілікті халықтың (негізі өзім секілді өзге өңірліктер ғой) Атырау туралы көзқарасы жақсы екенін байқадым. «Жері байдың – елі бай» дегендей «атыраулықтар бай» дейді. Мен «иә» деймін. Өйткені негізгі байлық – көркем мінез емес пе?! Ал атыраулықтар – қонақжай, бауырмал, ақкөңіл адамдар.

Атыраудың ауа-райы, табиғаты, әрине Алматы не Астанамен, шырайлы Шымқаламен немесе жер жәннаты Көкшемен салыстыруға келмейтіндей өзгеше. Жерінің беті тақыр, тұзды. Жазы аптап, оның үстіне маса мен шыбынын айтсаңызшы.

Қысының желі қатты, алайда жерінің балшығы кеппейді. Балшық та емес, аяғыңыздағы аяқ киіміңіздің өкшесі ішінде қалар сорын айтам да. Бұл Атырау қаласының өзінде және қала маңындағы аудандарда. Ал облыстың Ресейге жақын өңірлерінде жасыл көп, жері шұрайлы.

Атырау – даму үстіндегі әдемі қала. Онда менің бұрынғы сыныптастарым, достарым, туыстарым тұрады. Адамдарының мінезі жоғарыда айтқандай табиғатына кереғар.

«Ауылымның түтіні қымбат маған...» деп ақындар жырлағандай, Атырауым өзіме ыстық. Алайда, ол түтіннің өндірістік улы түтінге айналғаны қынжылтады.

Жазда ЭКСПО көрмесіне достарым, туысқандарым келді. Әсем қалада тұратыныма қызыға қарады. Ал мен... керісінше олардың сүйікті туған қаламда тұратынына қызығамын. Ауламды, ондағы бірге ойнаған достарымды сағынамын. Алайда кезінде денсаулығыма байланысты Атыраудан қоныс аударуға тура келді.

Тарихы сонау 1640 жылдар шамасынан басталатын бұрынғы Үйшік, Гурьев, қазіргі Атырау қаласы - нағыз қайнаған өндіріс орталығы. Мұнда мұнай, газ өндірісі жолға қойылған. Яғни «мұнайлы астана». Экологияның, ауаның ластануының бірден бір себебі осында.

Біз 21-ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Санымыз да онша көп емес. 18-ақ миллион. Түркияда бір түріктің «біздің бір Антальяның халқымен бірдейсіңдер» деп мақтанғаны есімде. Жерінің үсті мен асты байлыққа толы үлкен аумақта аз ғана халық мекендейді екенбіз. Ендеше неге өндіріс пен экологияны тепе-теңдікте ұстамасқа?

Мысалы ауаның ластануына байланысты айыппұл көлемі көбейсе. Сол айыппұл облыстың әрбір тұрғынының есеп шотына салынса. Алматы мен Алакөлде, Зайсан мен Баянауылда, Ақтау мен Көкшеде қол жетімді бағада көптеген сауықтыру орындары ашылса. Көп балалы отбасыларына демалу тегін болса.

Әрине бұл үшін мемлекет есебінен демалыс үйлерінің шотына балалар үшін ақша аударылса. Өйткені демалыс үйлерінін иелері де пайда табуы қажет. Жұмысшыларына еңбекақы, салықтар, т.б. төлейді дегендей.

Жақында география пәнінен ғылыми жоба қорғадым. Тақырыбым - Астана қаласының маңындағы Ақмол елді мекенінде туризмді дамыту. Ақмолда «Алжир» лагері орналасқан. Бұл - талай жақсы мен жайсаңның басын жалмаған зұлматтың куәсі ретінде, бізге - жас ұрпаққа өткен тарихымызды ұмыттырмайтын жәдігер ретінде сақталып отырған тарихи орын.

Сондықтан Астанаға келген туристер мен қала қонақтары Ақмолға соқпай кетпейді. Менің жобам - Ақмолда экоқала салу. Қаланы барлық жағынан табиғи ресурстармен қамту. Алдымен туристер үшін биік қонақ үй салып, ондағы жылу мен жарықты күн сәулесі батареяларынан алу. Астананың жазғы жиі жауатын жаңбырларын пайдаланып, қонақ үйдің төбесіне су жинайтын арнайы резервуар орнату.

Ондағы жиналған сумен қонақ үйдің төменгі қабатында орналасқан жылыжайдағы көкөністерді суару. Бұл көкөністер күн сайын сол жерде орналасқан мейрамхана мен супермаркетке тікелей жеткізіліп тұрады. Қала аумағында медициналық қызмет көрсету және полиция бекеті, такси тұрағы жұмыс жасайды.

Туристер қаладағы мал фермасына және фермамен тығыз байланыста өнім шығаратын сүт өнімдері комбинатына саяхат жасап, ұлттық тағамдарымыз айран, қымыз, құрт, сүзбе, ірімшік және басқа да өзге елде, тіпті ұлтта жоқ өнімдеріміздің дәмін тата алады.

Иә, сүт өнімдерінің небір түрінен біздің алдымызға түсетін ел жоқ. Бір «Абай жолы» шығармасының өзінде қаншама сүт өнімдерінің атауы бар?! Анамның айтуынша романды оқыған шетелдіктер қазақ халқында сүт өнімдерінің түрінің көптігіне таңқалысқан екен. Сол өнімдерді дайындай отыра, оларды ұзақ сақтай алатын арнайы, әдемі ыдыстарға, қалталарға салып, супермаркетте сатсақ.

Бұдан басқа туристер «Ұлттық кәдесый фабрикасын» тамашалай алады. Яғни елімізге келген әрбір турист өзімен бірге естелік ретінде ұлттық нақыштағы сыйлықты ала кетеді. Қала аумағында жасанды көл орналасқан. Көл жағасында аулаған балығыңызды жедел өз қолыңызбен дайындайтын асхана да болады.

Қала тұтастай күн сәулесінен қуат алатын батареялармен қамтылады және қала аумағында жасыл ағаш өте көп болады. Сонымен қатар қала тұрғындарын жұмыспен қамту мүмкіншілігі болады.

Осылайша көрікті қала салынып, елімізге келетін туристер санын көбейтсек. Бұл біріншіден, жұмыссыздықты азайтады, екіншіден елге шетелдік валюта келеді, үшіншіден ішкі туризмді дамытамыз, төртіншіден өзін өзі қаржыландыратын әдемі қалаларымыз көбейеді.

Осы типтес қалаларды әр облыс аумағынан салуға болады. Мысалы, Атыраудағы ежелгі Сарайшық қаласының орнынан. Еуропа мен Азия секілді екі алып материкті тоғыстырып тұрған Атырау қаласына қандай жоба болса да, керемет үйлеседі.

Қаладан сәл әріректе орналасқан Каспийдің немесе тарихқа толы Жайықтың жағалауын да халық қызығып, сүйсінетіндей етіп түрлендіруге болады. Менің елім де, жерім де бай, халқым еңбекқор, табиғатым тамаша. Қазақстанның әр қаласын туризм орталығына айналдыруға болады.

Мысалы теңіз жағалауын тамашалағысы келген адам Ақтауға, жасыл орман ауасымен демалғысы келгендер Бурабай мен Шығыс Қазақстанға, Баянауылға, жер жаннатында болғысы келетін жұртшылық Жетісу мен Шымкентте, Сарыағашта, балық аулап, тарихи орындарды көргісі келген адам Батыс Қазақстанға барып демалуына болады.

Иә, менікі арман ғана. Алайда меніңше мақсатқа жетудің алғашқы сатысы - армандау, екінші сатысы - жоспарлау. Әзірше мен алғашқы сатыда ғанамын. Бұл шағын әңгімеммен байқаудың шартын орындай алдым ба, білмеймін. Мен тек өзімді толғантқан ойларымды ғана қағаз бетіне түсірдім.

Тоғжан АМАНБАЕВА
10 Б сынып оқушысы
№70 мектеп-лицей
Астана қаласы
Жетекшісі: Жанар Айжарықова
Просмотров материала: 1 971

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 190 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 022 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 663 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 687 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 995 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930