4 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда жүкті боп қалған студент сәбиін 700 мың теңгеге сатпақшы

16 февраль 2018, 13:46
Алматыда 19 жастағы студент қыз байқаусызда жүкті боп қалып, енді әлі дүниеге келмеген сәбиін сатқалы жатыр. Бұл туралы «NewTimes.kz» порталына сілтеме жасаған SN cайты хабарлады.

«Мен өзім әлі баламын. Маған бұл бала керек емес. Тіпті, керек болған жағдайдың өзінде мен оны өзімде алып қала алмаймын. Қарабет болудан қорқамын, біздің менталитетті білесіздер», — дейді бойжеткен тілшіге берген сұхбатында.

Өзінің болашақ сәбиіне ата-ана іздеген студенттің жарнамасы VK әлеуметтік желісіндегі «Кто хочет отдать/взять ребенка на усыновление» тобында жарияланған.

«Мен жүктіліктің жетінші айындамын. Өзімнің сәбиім үшін ата-ана іздеймін. Ешқандай проблема болмайды, нотариус арқылы құжат рәсімдеп, баладан бас тартамын. Мен студентпін, баланы асырай алмаймын. Ол ұл бала. Денсаулығы жақсы. Басты талабым — молшылықта, махаббатта өмір сүрсе жеткілікті», — делінген аталған жарнаманың мәтінінде.

«NewTimes.kz» тілшісі клиент ретінде аталған бойжеткенмен хабарласып, оның жағдайынан толықтай хабардар болды. Қыздың есімі Мөлдір, жасы 19-да екен. Өзінің айтуынша, оны жүкті қылған жігіт үйленуден де, баладан да бірден бас тартыпты. Күйзеліске түскен өрімдей қыз мұнан кейін баланы сатуға шешім шығарған.

«Мен студентпін, келер жылы да оқуымды жалғастырғым келеді. Маған бұл бала керек емес. Өзіме алып қалсам ертең туған-туыстардың, таныстардың алдында қарабет боламын. Сондықтан, сәбиді сатып жатырмын», — деп түсіндірді ол өз жағдайын.

Жуырда ғана Мөлдір дәрігерге көрініп, баланың денсаулығын тексертіпті.

«Шарананың жағдайы жақсы. Оны өлтіргім келмейді, сондықтан аборт жасатпадым», — деп ағынан жарылды студент қыз.

Баланы сәбилер үйіне өткізу туралы ой оның басына әлі келмеген екен. Бірақ, босана салысымен перзентхананың өзінде баладан бас тартатыны туралы қолхат жазып қалдырмақшы. Ал, сәбиді не үшін сатқалы жатқанын айтқысы келмеген бойжеткен артынша журналиске өзі хабарласып, мән-жайды түсіндіріпті.

«Мен баланы сатпаймын. Тек оған жақсы ата-ана тапқым келеді. Олар менің босануыма кететін шығынымды, үш айлық пәтерімнің ақысын, ас-ауқатымды төлеп беруі керек. Бұл шамамен 700 мың теңгені құрайды. Қазір әпкемнің үйінде тұрып жатырмын. Бұдан әрі онымен бірге тұра алмаймын. Егер өзге қалаға көшу керек болса оған да дайынмын», ― дейді бойжеткен.

Оның айтуынша, бүгінге дейін 5 ата-ана хабарласып, түрлі ұсыныстарын айтқан. Арасында Ресей азаматтары да бар екен. Олар бойжеткенге қомақты қаражат ұсынған. Қазір Мөлдір баласын кімге беретінін ойланып жатқан көрінеді.

Заңгерлер болса бұл оқиға екі түрлі желімен өрбуі мүмкін екенін айтып отыр. Алғашқысы - қылмыстық жауапкершілік. Мөлдір баласын сатқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы бойынша сотталуы мүмкін.

Екіншісі - баладан заңды түрде бас тартып, ақысыз өзге отбасына беруі керек.
Просмотров материала: 4 870

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 752 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 422 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 912 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 954 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 329 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 277 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 309 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 619 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 267 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 347 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 525 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 741 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 816 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 390 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 237 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 621 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 353 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 752 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 561 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 398 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 240 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 100 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 438 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 323 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 806 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 041 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 779 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 129 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 073 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 207 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 149 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 369 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 520 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31