11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ninety One" тобының әншісі өздеріне қарсы болғандарға арнап сөз сөйледі

29 март 2018, 12:56
Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезі аясында өтіп жатқан гала-форумда Орталық кеңес мүшелігіне сайланған Ninety One тобының әншісі Дулат Мұхаметқалиев сөз сөйледі, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол ең алдымен съезд қатысушыларына өнер жолына қалай келгені туралы баяндап берді.

«Бірден сұрақ: музыка деген не? Шынымен де, музыка деген не? Дәл осы сұрақтарға жауап тапқаннан кейін өмірім бірден өзгеріп кетті. Мен өнерге деген қызығушылығым арқылы Ninety One тобына келіп, әлеммен музыка арқылы танысуға мүмкіндік алдым. Топ болып құрылғаннан кейін бәрі бірден жақсы болып кеткен жоқ. Алдымызда көптеген түсініспеушілік болды. Бірнеше қалада, бірнеше алаңда біздің өнер көрсетуімізге қарсы болды. Яғни, өлең айту, шоу көрсету, нағыз заманауи әртіс болу ХХІ ғасырдың қазағына тән емес екен. Дәл сол уақытта біз ХХІ ғасыр мен қазақ менталитеті және мәдениеті бір-бірімен сәйкес келмейді деген таптаурынмен кездестік. Мен онымен толықтай келіспеймін. Қазаққа мәдениетсіз болу тән емес, қазаққа заманауи болу тән, менің ойымша. Осы уақытта сұрақ туындайды, батыс мәдениеті біздің мәдениеттен несімен ерекше, батыс мәдениеті заманға сай және әрдайым өзгеріске ұшырап отырады. Сол себепті де бүкіл әлемнің жастарына ол өте тартымды. Біздің мәдениетімізді, рухани қорымызды биік деңгейге шығарғымыз келсе онда жастардың қызығушылығын ескеруіміз қажет. Қазіргі трендтерге еліміздің мәдениетін бейімдеуіміз қажет», - деді ол өз сөзінде.

Дулат Мұхаметқалиев рухани жаңғырудың негізгі көзі өнер саласы, рухани қорды қоректендіруші салмақты құралдардың бірі шоу-бизнес екенін атап өтті.

«Қазіргі уақыта шоу-бизнеске 91 тобы q-поп бағытын әкеліп ұсынып отыр. Бұл бағыттың негізгі мақсаты неде? Барлық музыкалық салаларды, бағыттарды, TV-шоу, бағдарламаларды қазақ тілді контенттермен толтыра отырып, қазақтың мәдениеті мен тілі, өнері жан-жақты бола алатынын дәлелдеу», - деді Ninety One тобының әншісі.

Ол өзі өнер көрсететін топ құрылғаннан бері екі жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталып, қазақ тілінде ән тыңдап жүрген шетелдік жанкүйерлерінің көп екенін айтты.

«Өз еліміздегі көптеген жүлделерді алуымызды былай қойған кезде, ең үлкен жетістігіміз – әлемнің 120 мемлекетінде біздің ресми тұрғыда жанкүйерлеріміз бар, фандомның аты – «иглз». Егер де біз қазақ тілін әлемдік деңгейге шығарғымыз келсе онда біз қазақ тілін соған ыңғайластыруымыз керек. Бұл жерде латын әліпбиі өте ыңғайлы келеді. Сол себепті де топтың аты Ninety One деп аталып, топ әндерінің бәрі латын әліпбиінде шыққан. Ол қадамның берген нәтижесі біздің шетелдік жанкүйелер қазақ тілінің әдемілігіне қызығушылық танытып, қазақ тілін үйрену үстінде және де үйренгеннен кейін бізге әртүрлі видеожолдамаларды қазақ тілінде жіберуде. Жастардың сұранысы бойынша, дәл сол жастардың екпінімен және сіздердің қолдауларыңызбен біз қазақ мәдениетінің, тілінің, өнерінің, кодының қорын жәй ғана өзара дамытып қана қоймай, бүкіл әлемдік деңгейге шығара аламыз. Өнер саласында әріптестеріме айтарым, бәріміз бірігіп елдің экономикасына ықпалын тигізетін өнер нарығын аяққа тұрғызып, Қазақстанның атын әлемдік деңгейге шығарайық. «Мұзды еріту» ешқашанда кеш емес», - деп сөзін аяқтады Дулат Мұхаметқалиев.
Просмотров материала: 3 238

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 974 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 568 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 078 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 135 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 485 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 351 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 444 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 737 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 190 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 628 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 267 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930