8 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІЗ ҰЗАҚ УАҚЫТ ҮНДЕМЕЙ КЕЛДІК!, - "NINTY ONE" ТОБЫ МҮШЕСІНІҢ АТА-АНАСЫ

23 август 2017, 14:48
БІЗ ҰЗАҚ УАҚЫТ ҮНДЕМЕЙ КЕЛДІК!, - "NINTY ONE" ТОБЫ МҮШЕСІНІҢ АТА-АНАСЫ "Ninty one" тобының мүшесі Данияр Құлымшаның -ата-анасы топ мүшелері мен өзінің ұлын сынағандарға жауап қайтарды. Инстаграмм парақшасында жазылған хат нақты Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевқа арналған. Даниярлың ата-анасы жазған хатында қос әншіден түпкі мақсаттарын сұрады.


"Бір сұқбатында /Zhuldyz.tv/ Сәкен Майғазиев (@saken_maigaziyev) әдеттегісінше Ninety One тобы туралы ой толғап, «Адам танитындай, мейірлене құшақтайтындай, сүйетіндей, ата-аналары қалай жақсы көретінін мен білмеймін.

Қалай оларға үйретпейтінін, менің жүрегім ауырады. Өзім үшін емес, ұрпақтарым үшін», – депті. Атап айтсақ, Сәкен бұдан бұрын да топ мүшелерінің болмысына сын айтып, біресе жақтап, біресе даттап жүрген.

2 жыл үндемей келе жатқан бізге, бұл сөздер шектен шыққандық болып көрінді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бар білгенімізді үйретіп, өсіріп жатқан балаларымызға тіл тигізіп қана қоймай, олардың ата-аналарының, яғни біздің берген тәрбиемізді жоққа шығармақ болған сөздері біздің қолымызға қалам алып, осы ашық хатты жолдауға мәжбүрлеп отыр.

Алғы сөз ретінде айтып өтсек, адам баласының өмірі өнермен тікелей байланысты. Бірі өнерпаз болса, екіншісі тыңдарман болып, бір-бірімен тығыз байланысып жатыр.

Адамзат тарихында небір алуан түрлі талғамдарды қанағаттандыратын,өнердің сан түрі, жанрлар, бағыттар өз заманына сәйкес туындап жатады, біреулері кейін жойылады, мыңдаған өнерпаздар мен музыка туындылары пайда болып, кейбірі ұмытылып, кейбірі мәңгі сақталып қалып жатады.

Өнер жолы – ауыр жол, еріккеннің ермегі емес, танымалдылық та оңайлықпен келмейді. Ол үшін талант, еңбек, ерік-жігер қажет.

Осының бәрін біле тұра, бір өнерпаз екіншілеріне неше түрлі атау беріп, қала берді анекдот шығарып, онысын жария басылымдарда жариялауы – біріншіден, жеке адамдардың ар-намысына тіл тигізуі, яғни заң бұзушылық болып есептелінеді. Екіншіден, аталмыш топтың тыңдармандарымен санаспағандық, олардың талғамдарын сыйламағандық деп білеміз!

БІЗ ҰЗАҚ УАҚЫТ ҮНДЕМЕЙ КЕЛДІК!, - "NINTY ONE" ТОБЫ МҮШЕСІНІҢ АТА-АНАСЫ


Нақтылап айтсақ, 91 тобы туралы жағымсыз, біржақты пікірлер айтып жүрген өнер адамдарының ішінен, жастайларынан көз алдымызда өскен, өздері де топ құрған, оның барлық «қызық-шыжығын» білетін Сакен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев (@m_besbaev) інілеріміздің қандай бастамаға жанашырлық жасамақ болып жүргендерін түсіне алмадық.

Әлде қазақ эстрадасының көсемдері болғысы келе ме немесе эстрадаға Кеңес Одағында орын алған саяси цензура орнатуға бастамашы болғысы келіп жүр ме?! Түпкі мақсаттары не? Топты тарату ма?

Жарайды, қарапайым тыңдарман өнердің кей тұстарын түсінбей немесе топтың музыкасын, киім киістерін жатсынып, түрлі сөздер айтып жатса, түсінуге болады. Талғамға талас жоқ деген.

Алайда мәдениет қайраткерлерінің кәсіби сын емес, біреуінің анекдот шығарып, екіншісінің /Мейрамбек Беспаевтың Zhuldyz.tv-ға берген бейне сұхбатында/ «...Ондай танымалдылықтың керегі жоқ. 5 адам болса, 2-і ұрғысы кеп жүреді. Бұғынып-тығылып жүрген ол өнер ме, әкең?» дегенін қалай түсінуге болады?

Мейрамбек пен Сәкен осылай деген деп, топқа қарсы болып жүргендердің қарсылығын одан сайын өршіту ме мақсаттары? Тіпті, 91 (Ninety one) тобындағы балаларымыздың «тәрбиесі» жайлы сөз қозғап, жөн көрсетуге, қала берді, бізді, ата-аналарын сөз қылуға ешкімнің хақысы жоқ. Балаларымыз өнерлеріне сүйеніп, әндерін жазып, билерін билеп, халықтың алдында қалай еркелесе де, қалай жүрсе де өз еріктері.

Кезінде сіздердің әндеріңізді тыңдап, өнерлеріңізге сүйсініп, құрметтедік, мақтан еттік. Енді сіздердің біздің балаларымыздың бастамаларына қабаттасуларыңызға жол болсын? 91 тобы жаңа заманға лайықталған жанрда өнер көрсетіп, әлемдік поп музыка ырғақтарынсыз жаңа заман тынысын сезіне алмайтын өскелең ұрпақ, жас буыннан тұратын өзіндік публикасы бар топ.

Біздің балаларымыз, әуелі Алланың аманатында, одан қалды өзіміздің бақылауымызда!

Дүйім қазақ жастарының тәрбиесі осы бес жігіттің қолында емес. БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ – сахнадағы бес жігіттің емес, ҮЙДЕГІ АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ. Ал кімде-кім баласын тәрбиелей алмаса – кінә өзінен.

Оны сахна жұлдыздарынан көрудің түкке қажеті жоқ. Музыкант, әнші ретінде музыкалық жанрларын, жасаған дүниелерін: сингл, альбом, пайым, бейнебаяндары жайлы сын, кем тұстарын айтсаңыздар өз еріктеріңіз. Ал, жеке басқа тиісіп, ата-аналарының берген тәрбиелеріне күмән келтіру – шектен шыққандық болып табылады.

Біз ұзақ уақыт үндемей келдік. Себебі, бізді ішкі мәдениетіміз салғыласып, бет жартысып жатуға жібермеді. Әлі де "қазақшылдық" танытып отырғанымызды қаперлеріңізге ұстағайсыздар!

Біз бар білгенімізді бойына сіңіріп, алақанымызға салып өсірген балаларымыз жайлы айтылып жатқан ғайбат сөздерге қосылып, тіпті, берген тәрбиемізге күмән келтіріп отырған, өзіміз есті деп санап келген Сәкен мен Мейрамбек болғаны қынжылтты.

Айналайындар, Мейрамбек, Сәкен!!! Біздің жүріп өткен жолымыз сіздердікінен едәуір ұзақ әрі ғұмырлы. Біз бойына қазақы тәрбие мен рух ұялатып өсірген балаларымызға сенеміз! Бәріне уақыт төреші! Атам қазақ «болар баланың белін бу» деген. Артық әңгімені қойыңыздар! Сөзге тоқтайды деп үміттенеміз.

Өздерің де бір сәт жастық шақтарыңызға оралып, 19 жаста қандай ән тыңдап, қандай киім киіп, қандай би билегендеріңді еске түсіріңіздерші.... 91 тобының мүшесі Құлымшин Даниярдың (Bala) әке-шешесі мәдениеттанушы Құлымшин Ақылбай, филолог-заңгер Кадирова Әлия", - деп аяқтайды сөздерін Даниярдың ата-анасы.
Просмотров материала: 5 124

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 160 664 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 160 484 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 120 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 158 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 453 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 584 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 785 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 594 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 777 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 584 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 442 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 111 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 972 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 802 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 962 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 089 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 749 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 125 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 853 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 861 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 703 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 543 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 802 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 748 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 258 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 695 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 577 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 843 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 171 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 577 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 557 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 597 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 545 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 779 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 922 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031