31 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жас адвокаттарға 800 мың теңге тым көп, жарнаны алып тастау керек - Нығматуллин

28 март 2018, 12:26
Елiмiздiң заңгерлерi Адвокаттар алқасына мүшелiкке өту үшiн осындай қомақты жарна төлеуге мiндеттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегi туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралды. Депутат Иван Клименко заң жобасында Адвокаттар алқасына мүшелiкке өтуге төленетiн жарнаға тыйым салу қарастырылғанын айтты.

«Жарнаға тыйым салынғаннан кейiн адвокаттық қызметпен бiлiксiздiгi төмен мамандар айналысып кетпей ме? Бұл клиенттердi қорғау сапасына әсер етпей ме? Мүмкiн жарнаны қалдырып, тек көлемiн азайту керек шығар?», - дедi Клименко.

Ал, ҚР Әдiлет министрi Марат Бекетаев бұл норманы әзiрлеу барысында әлемдiк тәжiрибе зерттелгенiн айтты.

«Жарналардың болмауы - бұл әлемдiк тәжiрибе. Үздiк әлемдiк юрисдикцияларда өтiнiштердi өңдеу үшiн төлемдер, дайындалуға арналған материалдар үшiн төлемдер бар, бiрақ алқаға мүшелiкке өту үшiн жарна жоқ. Лицензиялау қалады. Лицензиялау кезеңiндегi емтихандардан бас тартып отырған жоқпыз. Сондықтан, сапа төмендемейдi деп ойлаймыз», - деп жауап бердi Бекетаев.

Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасының үкiметтiк нұсқасына қолдау бiлдiрдi.

«Қазiр елiмiзде 4700 адвокат бар. Орташа статистикамен алсақ, 4 мың азаматқа 1 адвокаттан келедi. Ал, Еуропа елдерiнде орташа алғанда 300-400 адамға, әрi кетсе 1 мың адамға 1 адвокаттан келедi. Яғни, оларда бәсекелестiк бар, азаматтардың таңдау мүмкiндiгi де бар. Ал, елiмiзде жас адвокаттарға бiлiктiлiк тестiлеуi емес, жарна (Адвокаттар алқасына мүшелiкке өту үшiн төленетiн жарна-авт.) кедергi келтiрiп отыр. Жарна көлемi шамамен 800 мың теңгенi құрайды. Бұны барлығының қалтасы көтере бермейдi. Яғни, адвокат болу үшiн бiлiм мен тәжiрибе жеткiлiксiз. Олар сондай-ақ қаржылық жағдайының жақсы екенiн дәлелдеуi керек. Бұл жас адвокаттарға үлкен кедергi», - дедi Нығматулин.

Мәжiлiс төрағасының айтуынша, қазiргi таңда елiмiзде заңгерлердiң жаңа толқыны өсiп келедi. Олардың көбi шетелде бiлiм алып, тәжiрибе жинақтаған. Сондықтан, қыруар қаржыға шетелдiк заңгерлердi жалдағанша шетелде оқып келген жас қазақстандық заңгерлердiң көмегiне жүгiну керек.

«Мамандыққа жетуге осындай қаржылай кедергi (жарна - авт.) болмау керек деп ойлаймын. Кәсiби бiлiктiлiк қана критерий болуы қажет. Иван Иванович, (Мәжiлiс депутаты Иван Клименко - авт.) бiлiктiлiгi төмен мамандар келедi деп қорықпау керек. Министр дұрыс айтты. Жас заңгер тәжiрибеден, күрделi емтихан - тестiлеуден өтедi. Әдiлет министрлiгiнен лицензия алады. Бұл оңай шаруа емес. Кәсiби бiлiктiлiгi төмен маман осы сатылардан өте алмайды. Ал, қаржылай кедергiге (жарна - авт.) келсек, оны алып тастау керек», - дедi Нұрлан Нығматулин.
Просмотров материала: 1 767

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 783 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 454 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 952 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 998 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 367 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 512 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 835 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 494 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 554 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 749 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 788 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 884 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 555 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 428 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 376 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 669 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 408 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 809 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 608 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 434 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 280 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 133 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 482 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 366 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 850 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 197 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 186 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 428 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 815 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 166 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 114 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 248 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 190 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 414 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 564 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31