21 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жұлдыз санағанша, жердегі тіршілікке дұрыстап көз салыңыз, құрметті министр" - Сабильянов Біртановқа

29 январь 2018, 15:28
Бүгiн «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбындағы Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Нұртай Сабильянов ДСМ басшысы Елжан Бiртановқа медицина саласындағы проблемаларды атап бердi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жаңа ғана Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртановтың баяндамасын тыңдадық. Маған министр ертегi айтып жатқан секiлдi болды. Неге? Өйткенi, цифрландыру болу үшiн денсаулық сақтау ұйымдарын, ауруханаларды, емханаларды бiз жақсы, жоғары интернет байланысына қосуымыз керек. Жаңағы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң айтуынша, бұл 2022 жылы ғана жүзеге асады. Қаражат болса... Сонда, бұл цифрландыру кiмге жүргiзiледi? Мысалы, өңiрлердi алып қарайтын болсақ, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының денсаулық ұйымдары бар-жоғы 14-43 пайыз ғана интернет жүйесiне қосылған. Сондықтан, бiрiншi кезекте осыны шешуiмiз керек. Құрметтi министр, сiзге айтарым, аспанға қарап, жұлдыз санағаннан гөрi жердегi тiршiлiкке дұрыс көзбен қараған жөн секiлдi», - дедi Сабильянов Бiртановқа.

Депутаттың айтуынша, елдi мекендердiң медицина саласында әлi де шешiлмеген көптеген мәселе бар. Мәжiлiсмен бiрқатар проблеманы да атап өттi.

«Аудан мен ауылдардағы медициналық ұйымдарды жаңа жедел жәрдем автокөлiктермен қамтамасыз ету керек. Қазiргi таңда Қазақстан бойынша 2124 жедел жәрдем көлiгi бар десек, соның 36 пайызы, яғни 770-сi ескi екен. Сонау ХХ ғасырда шығарылған автокөлiктер бар. Ендi ойлап қараңыз, қатты аяз бен боранда ескi автокөлiкпен науқастарды алып келе жатқанда жолда бұзылса не болады? Осы жағына неге көңiл аудармайсыз? Сiздер айтасыздар, оларды атқарушы орган, әкiмдер алу керек деп. Бiрақ, қаражатты бәрiбiр республикалық бюджеттен бөлу қажет. Сонда ғана бiз дұрыс медициналық көмек көрсете аламыз», - дедi Нұртай Сабильянов.

Сондай-ақ, мәжiлiсмен көптеген жерде аурухана мен емханалардың жағдайы төмен, халыққа қолайлы жағдай жасалмағанын айтты. Депутаттың мәлiметiнше, ШҚО Жарма ауданының орталығы - Қалбатау ауылындағы аурухананың жөнделмегенiне 25 жыл болған. Үржар ауданының орталығында мүлде емхана жоқ, тек үш дәрiгерлiк амбулатория қызмет көрсетедi. Оның бiреуiнiң ғимараты да жоқ.

«Қазақстан шекарасының ең шетiндегi Зайсан ауданының ауруханасы тар, бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. Iшiнде су жоқ, кәрiз жүйесi жоқ. Адамдар тұрып тұр, шешiнетiн жер жоқ. Осыдан кейiн медициналық көмектiң жоғарғы деңгейде екенiн қалай айтуға болады? Осы мәселелердi шешетiн уақыт болды ғой», - дедi Сабильянов.

Депутат өңiрлерде кадр тапшылығы бар екенiн, осыған орай жас мамандарды қолдап, дәрiгерлердi баспанамен қамтамасыз ету керектiгiн айтты. Сөз соңында ол цифрландырудан бұрын емханалардағы тозығы жеткен құрылғыларды жаңасымен алмастыру, халыққа дәрi-дәрмектi уақытында жеткiзiп, дұрыс медициналық қызмет көрсету керектiгiн де атап өттi.

Еске салсақ, бүгiн Бiртанов биылғы маусым айында электрондық денсаулық паспорты мен пациенттiң жеке кабинетi пилот түрiнде енгізілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, елiмiзде еңбекке уақытша жарамсыз парақтары e-gov арқылы берiлiп, тегін дәрі-дәрмектi «есікке дейін» жеткізу пилоттық жобасы іске қосылатынын жеткiзген едi.
Просмотров материала: 2 367

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 318 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 025 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 517 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 548 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 920 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 889 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 922 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 255 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 939 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 968 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 170 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 894 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 028 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 657 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 537 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 564 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 772 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 532 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 938 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 724 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 535 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 380 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 221 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 593 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 471 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 952 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 393 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 285 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 521 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 912 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 262 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 205 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 354 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 285 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 529 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 659 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031