28 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Майбұлақтан шыққан тарландар

14 март 2018, 8:21
Толарсақ, тоқпан жілік санда болар,
Ақ орда, алтын үстел ханда болар.
Ер жүрек, жақсы жігіт елден шықса,
Туған елге жақсылық сонда болар.

Алтын ана,
Қуаныш Төлеметовтің апасы.


Әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекені болады. Ол - туған жер. Менің туған жерім - Майбұлақ. Майбұлақ - ОҚО, Төлеби ауданында орналасқан, талай дарын иелерін тәрбиелеп шығарған ауыл. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, дала тәлімін, тәрбиесін берді.

Мен керіліп жатқан кең даламнан бойыма кеңпейілділікті сіңіріп келемін. Басымнан жаймен ғана сипайтын ерке желден еркіндікті үйренсем, бір байыппен ағып жатқан өзен суларынан сабырлылықты, қыбыр-жыбыры таусылмайтын жәндігінен еңбекқорлықты үйреніп, өсіп келемін.

Менің Майбұлағым - жағасы көк майсалы жасыл құрақпен көмкерілген, суға қарай келіншектей иілген сәмбі талдары сан-мың құстардың қан базарына айналған керемет мекен. Өзен жағасындағы қып-қызыл бүлдіргендері мен қызыл-сары доланалары ауыздың суын құртатын тәттілігімен тамсандырып, кісінің есін кетіретін шұрайлы жер.

Майбұлақ, негізінен, өзен атауы. Аты айтып тұрғандай, Майбұлақ - суы мөлдір, сұлу өзен әрі балығы да көп болған деседі. Кезінде Майбұлақтың суындағы балықтардың көптігінен аттар үркіп, су іше алмайды екен. Кешке бақалары жабылып кеп шулағанда, Майбұлақтың төңірегі думанға толып кеткендей әсерге бөленеді екен. Қазір де сондай. Осы өзен жағасында ата-бабаларымыз қоныс тепкендіктен, ауылдың атын «Майбұлақ» деп атапты.

Қу ағашты шанши салсаң, көгеріп, жайқалып шыға келетін Майбұлақ ауылының перзенттері тау мінезді, тау тұлғалы, тауға ұқсаған ірі болып келеді. «Ел ерімен еңселі» демекші, Майбұлақтан қазақы мәрттікті жанына серік еткен талай азаматтар мен туған жер төсінде еркелеп өскен әпкелеріміз өсіп шыққан.

Нақтырақ атап айтатын болсам, солардың ішінде Қазақстан Республикасына танымал болған әпке, аталарым: Қуаныш Төлеметұлы, Ақжол Асқарұлы, Сатыбалды Қосалыұлы, Гүлнәр Сиқымбаева, Ақсақал Қалмырзаев, Байғали Есеналиев. Мен бұл кісілердің есімін ерекше құрметпен, ерекше сезіммен, үлкен мақтанышпен айта аламын. Осы азаматтардың барлығының үлкен белеске жетулеріне септігін тигізген – туған жердің қара топырағы. Оны Қуаныш атамыз:

Айналып әрқашан сен тұмарыма,
Өзіңнің қанбай жүрмін құмарыңа.
Құйтымдай қасиетім болса егер,
Ауылдың топырағынан жұғады да,
- деп жеткізсе,

Ақжол атамыз:
Өзіңде тұмарладым ой тұмарын,
Сары майдай тәп-тәтті Майбұлағым.
Өзіңнің жағаңдағы саздау жерде
Бабаларым үйреткен тай-құнанын,
- деп, жырға қосады.

Кемер белбеу-белдің сәнін келтірсе, кемел жігіт-елдің сәнін келтіреді. Туған өлкемнің сәні мен салтанатын келтірген Қуаныш Төлеметұлы - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің депутаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын.

Ақжол Асқарұлы - ҚР-на еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, бокстан спорт шебері, профессор. 1996-2000 жылдар аралығында аты шыққан Халықаралық спорт шеберлері Бекзат Саттарханов, Қанат Шағатаев, Нұран Сыманов сынды шәкірттерді жаттықтырып шығарған.

Менің туған өлкемнен Қазақстанға белгілі өнер қайраткерлері де шыққан. Солардың бірі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, республикалық Шәмші Қалдаяқов атындағы өнер байқауының лауреаты, Қазақстан және Қырғызстан республикалары арасындағы еларалық өнер байқауының жүлдегері - Гүлнәр Сиқымбаева.

Майбұлақтың перзенті, белгілі майталман әртіс, 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атағын алған, екі жүзден аса образды сомдаған-Ақсақал Қалмырзаев.

Бала кезден өлеңге бейім болған, ҚР-на танымал ақын атамыз - Сатыбалды Дулати. Сатыбалды Қосалыұлы бірнеше жыр жинақтар жазып, халқына тарту еткен.

Бұл кісілердің елге, ауылымызға жасаған еңбектері өте көп. Тіпті, біз ауылымызды таныстырғанда «Қуаныш Төлеметовтің туған жері» деген тіркестерді қолданып, масаттана айтамыз.

Ауылымыздағы «Майбұлақ» қақпасын, Нұрата кесенесін, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті, ауылдағы «Анаға тағзым» мүсінін - бәрін де Ақжол мен Қуаныш аталарым жасаған.

Міне, осындай кісілерді мен «Ауылымыздың ақсақал батырлары» дер едім. Біз, сол ата-апалардың соңынан келе жатқан жас өскелең ұрпақ «Ел мақтаныштарын» , «Ел батырларын» ешқашан ұмытпаймыз.

Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер,
- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай, аталарымыздың әрбір жүріп өткен жолы - біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры - тарих деп есептеймін.

«Елім» деген ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай азаматтарын жыр-аңызға айналдырып, елі үшін жасаған еңбектері мен ерліктерін жан жүрегінде сақтайды.

Үміт ҮСІПХАН
Майбұлақ жалпы орта мектебінің
7-сынып оқушысы
ОҚО
Төлеби ауданы
Майбұлақ ауылы.
Жетекшісі: Салтанат Жолдыбаева


Просмотров материала: 9 378

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 567 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 397 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 022 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 172 068 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 357 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 158 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 296 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 524 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 564 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 724 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 899 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 374 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 219 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 038 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 240 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 312 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 982 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 370 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 094 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 108 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 938 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 774 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 036 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 491 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 959 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 811 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 088 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 827 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 832 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 789 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 014 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 158 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031