23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қыз алып қашқан жігіт сотталғанда қатты қуандым

10 март 2018, 12:06
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпшілікке әлеуметтік тақырыптарға арналған суреттерімен танылған белгілі суретші, елдегі өткір проблемаларға бей-жай қарай алмайтын белсенді блогер, кәсіпкер Аңсаған Мұстафамен сұхбаттасудың сәті түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан

– Сізді, ең әуелі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Отбасыңызға бақыт, бақ-береке тілеймін. Жалпы сіз бұл күнді қалай атап өтесіз?

– Балаларым күні бұрын салған суреттерін, ермексаздан жасаған ойыншықтарын сыйлап, құттықтайды. Бірақ, шыны керек, бұл күнді өз басым мейрам деп асыға күтпеймін. Маған бұдан гөрі Наурыз мейрамы қымбат.

– Неге? Жылдың бір күнінде әйел, ана ретінде жұбайыңыз бен балаларыңызға еркелеп, демалу деген жоқ па?

– Ондай жоқ (күлді). Бала кезден бастап санада қалған қарсылық сияқты, 8 наурыз біздің емес, шет елдің мейрамы, бізге қатысы жоқ сияқты көрінеді. Сондықтан болар, бұл мерекеге аса көңіл бөлмеппін. Бірақ өзгелердің тойлауына қарсы емеспін, тек өзіме бәрібір. Анамды, апаларымды, сіңлілерімді құттықтаймын. Көрісіп жатсақ, сыйлық та жасаймын.

– Суреттеріңізде әлеуметтік тақырыптарды жиі қозғайсыз. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда өткір проблемалардың көбейіп кетуіне не себеп?

– Негізі, балаларға қорлық көрсету, әйелді ұрып-соғу, қыз алып қашу секілді проблемалар баяғыдан бар.Тек бұрын әлеуметтік желі, интернет деген болған жоқ. Қазір көшеде бала табылса, оны біреу интернетке салады, сөйтіп ол лезде бәріне тарап, үлкен шу болады. Сондықтан соңғы кезде "жастар бұзылып кетті, проблема шаш-етектен" деген әңгімені жиі естисің.

Ал шындығында, оның бәрі бұрыннан бар дүние. 1991 жылы анам отбасыларға, қыз-келіншектерге арналған "Ақ босаға" газетін жарыққа шығарды. Ол жылдары мен небәрі он бір жаста едім. Сол кезден бастап жоғарыда айтып өткен проблемалардың барлығы газет бетінде жазылды. Ол заманда психологтар болған жоқ, қыз-келіншектер газетте оқығандарына Құдайдай сенетін.

Ал қазір газет-журнал, сайт дегендер қаптап кетті. Оның үстіне тек журналистер ғана емес, пайда, ақша үшін ашып жатқандар көп. Мәселен, журналистерде "журналистік этика" деген болады, оның бәрін оқу орнында оқытады оларға. Ал өз пайдасы үшін ашатындар не болса соны жазып, сенсация қуып, лайк жинау үшін ғана жұмыс істейді.

Ақпараттың құнын түсіріп жіберді деп ойлаймын. Айтайын дегенім, бұл мәселелердің бәрі баяғыдан бар. Газет редакциясына бір қолына пакетін ұстап, екінші қолына баласын жетектеп жап-жас келіншектер жылап келетін. Біреуін атасы ұрған, енді бірін енесі үйден қуып шыққан. Басқа барар жері, басар тауы қалмаған қыздар. Үйіме қайтып оралсам, әке-шешеден, көрші-қолаңнан ұят дейді. Осы бір өтірік ұят маған ұнамайды. Балаға ата-анасынан жақын адам жоқ бұл дүниеде.

– Сіз мұның бәрін өз көзіңізбен көріп өстіңіз ғой сонда…


– Иә, бәрін көріп өстім. Бірде редакцияда жалғыз қалған кезімде бір қыз қоңырау шалды. Ол кезде жасым он төрт-он бесте. Тұтқаны көтермейін десем, ешкім жоқ. Амалсыздан телефонды алдым, ар жағынан жылап тұрған қыздың даусы естілді. Сүйіктісі үйленемін деп алдап, жүкті болып қалған кезде тастап кеткен.

"Енді не істеймін мен?" деп қайғырып, жылап жатыр. Анамнан, сол жердегі апайлардан естігенімді айтып, жұбатқандай болдым. Қатты ұяламын оған, бірақ сол кезде оған "мен бала едім" десем, ол одан әрі түңіліп кетер еді. Өкінішке қарай, ол жалғыз емес, опық жеп жылап жүрген талай қыз бар.

Қыздар аңқау, сенгіш, бұл жағынан бір-біріне өте қатты ұқсайды. Қазақтың қыздары романтик болып келеді деп ойлаймын. Өздері алданғысы келіп тұрады. Мәселен, өзге ұлттар қыздарын "жалмауыз" етіп тәрбиелейді, қақшаңдап тұрады, ал біздікілер майысып, айтқанына көніп, алданып қалып жатады.

– Бала кезден редакция қабырғасында өстім деп жатырсыз. Ата-анаңыз да, жұбайыңыз да журналист. Журналистика саласына бет бұру ойыңызда болған жоқ па?

– Қызық болғанда, жақындарымның бәрі журналист болып шықты. Әкем журналист, жазушы, бірнеше кітабы басылып шыққан. Қазір Қазақстан жазушылар одағында аударма бөлімінің директоры. Анам "Ақ босаға" газетін шығарып жүр.

Жолдасым да журналист. Алматыда троллейбуспен ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып, "осы жерде оқысам ғой, шіркін" деп армандайтын едім. Бірақ дәл оқуға түсерде ойымнан айнып қалдым, суретшілік жағы тартып кетті.

Кейбір сайттардан хабарласып, "колонка" жүргізіп тұруға ұсыныс тастаған. Бірақ оған бір жүйелілік, жауапкершілік керек қой. Ертең оны ашып алып, ештеңе жазбасам, тағы ұят.

– Сіздің "Ауру" деп аталатын бір суретіңізде телефонға тәуелділік өте жақсы сипатталған. Бір отбасының мүшелері қолдарындағы телефонға шұқшиып, көз алмайды. Осы суреттің сіздің отбасыңызға қаншалықты қатысы бар?

– Тура осылай, жүз пайыз біздің үй. Әркім телефонына жабысып жатады. Оның жасыратын дәнемесі жоқ, әлеуметтік желілер бәрімізді бастан-аяқ жаулап алды.

– Әлеуметтік желінің пайдасын көп көріп жүрсіз бе, әлде зиянын ба?


– Зияны жоқ, өте жақсы пайдаланып жүрмін (күлді). Инстаграмда екі парақшам бар, уақытымның біразы соған кетіп қалады. Сол жерден тапсырыс аламын, қабылдаймын, адамдардың сұрақтарына жауап беремін.

– Ал балаларыңызға әлеуметтік желіде отыруға рұқсат етесіз бе?

– Олардың әлеуметтік желісі – Youtube. Видео түсіреді де жариялайды, сол жерге пікір қалдырады. Видеоблогерлердің видеосын қарайды. Өздерінің каналдары бар, кішкентай болған соң, жазылушылары аз. Он төрт жастағы қызым 30-40 шақты видео түсіріп тастады. Ұлым неше түрлі эксперимент жасап, видеоға түсіріп, ютубқа жүктейді.

– Бір сұқбатыңызда тұрмысқа шыққан қыздарға "бала туған кезде жақсылап ойланып, есеппен туу керек, өздеріңе ғана сеніңдер. Әйтпесе екі-үш баланы дүниеге әкелгеннен кейін, күйеуіңіз тастап кетуі мүмкін. Асырай алатындарыңа көздерің жеткенде ғана жоспарлаңдар" деп кеңес беріпсіз. Бірақ тұрмысқа шыққаннан кейін "жұбайым тастап кетпес пе екен" деген қорқынышпен әр баланы жоспарлап, есеппен өмірге әкелу қаншалықты дұрыс? Демографияға кері әсері тимей ме?

– Халқымыздың санын көбейтейік деп отырған үкімет жоқ бізде. Төрт балаға алатыны – он мың теңге, ол ақшаға қазіргі заманда екі қорап памперс аласың. Сондықтан адам өзінің күшіне сену керек. Мен оны еріккеннен жаза салған жоқпын ғой. Қиын жағдайға тап болып, өз-өзіне қол жұмсаған қыздар бар.

Оқуды бітірер-бітірместен алып қашып жатады, қыз да соның ығына көнеді, неге екенін мен түсінбеймін. Одан үш-төрт бала туады, кейін әлгі еркек әр нәрсені сылтауратып, басқа қыздарға көз салады, соған кетіп қалады. Соның кесірінен өзіне қол жұмсап, өліп қалып жатқан қыздар бар. Ал балалар тірідей жетім қалды. Бұл өте ауыр жағдай. Сондықтан қыздарға кішкене есін жисын деп айтқаным еді.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде еркектер жабылып, "неге олай жазасың? Феминиссің, біздің әйелдерге жаман әсер етесің" деп шулап жатты. Жоқ, мен қыздарды өте қатты жақсы көремін. Өмір деген зу етіп өте шығады, сондықтан шалыс қадам баспай, өздерін күтсін, бақытты болсын деймін. Жұмыс істесін, қанша баланы асырауға шамасы жетеді, соншасын дүниеге әкеліп, көп ақша тапсын.

– "Шындықты айтатыным үшін еркектер мені жек көреді" деген едіңіз. Сіздіңше, XXI ғасырдың нағыз жігіті қандай болуы керек?

– Қазақтың жігіті, ең алдымен, мықты, жан-жақты болуы керек деп ойлаймын. Елдегі оқиғаларға немқұрайлы қарамауы керек. Бізде қазір тек жігіттерде емес, қыздарда да, жалпы қоғамда немқұрайлылық бар.

Біреу құлап жатса, аттап өтіп кетеді, қирап қалса, тастай салады, "жөндейік, бірігейік" деген түсінік жоқ. Ұйымшылдықтың жоқтығынан ба, жоқ әлде жұрт өз күнін өзі көре алмай жүр ме, білмедім енді. "Менің елім, жерім" деген сезім жоқ. Бір жағынан ойлаймын, өзі баласын асырай алмай, пәтер жағалап жүрсе, қайдағы менің елім, менің жерім.

Жастарға бақытты болу үшін үй керек. Елім деп сезінуі үшін үйі, отбасы, бала-шағасы болуы керек. Мысалы, Астананың өзінде қанша жас баспанасыз жүр. Кредит алайын десе, жұмысы жоқ, жұмысқа тұрайын десе, "пропискасы" жоқ.

– Әлеуметтік желілерде ер азаматтардың намысын қайрау үшін дөрекі сөздермен тиісіп жатасыз. Осындай жазбаларыңызға жұбайыңыз не дейді?

– Құдайға шүкір, әлеуметтік желіге кірмейді (күлді). Мүлде оқымайды, қатысқан бағдарламаларымды да қарамайды. Уақыты жоқ, жұмысы көп.

– Ұл-қыздарыңыз сурет сала ма?

– Қызым кішкентай кезінде салған, одан кейін модельер боламын деп неше түрліні қиыстырып, құрастырып жүрді. Уақыт өте журналистикаға көңілі ауды, бауырым "16 қыз" фильміне түсіргеннен кейін, әртіс болғысы келді. Қазір жасы он төртте, таңертеңнен кеш батқанға дейін сценарий жазады, режиссер боламын дейді.

Одан кейінгі ұлым Сұлташ, он жаста. Қасымда жүрген соң, менімен бірге сурет салады. Бес жасар кенже ұлым тентек, бірақ суретті жақсы салады. Қағаздан бастайды да, үйдің қабырғасымен аяқтайды (күлді). Соңғы кезде магнитик жасап жүрмін, үйде пластилин көбейіп кетті. Соны ермек қылып, ерітіп, қабырғаға жағады.

– Балаларыңыздың суретші болғанын қалар ма едіңіз?

– Өздерінің қалауы сол болып тұрса, қолдан келген көмегімді аянып қалмаймын. Бірақ күштемеймін, қинағым келмейді. Өздері білсін.

– Бала тәрбиесінде ең алдымен не нәрсеге көңіл бөлесіз? Уақыт тапшы заманда өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн?

– Сөзіңмен емес, ісіңмен үлгі болу керек шығар. Өзім арақ ішіп алып, темекі тартсам, қызыма мұның зияны туралы әңгіме айтып тұрсам, ол мені тыңдай ма? Сондықтан үйдегі балаларға тек адал еңбегіңмен, жақсы ісіңмен үлгі көрсетіп, тәрбие беру керек.

– Көшеде темекі тартып тұрған бойжеткенді немесе басқа да ерсі әрекет жасап тұрған адамды көрсеңіз, қасына барып айтасыз ба?

– Қоқыс контейнерлерінің қасында шылым шегіп тұратын қыздарға айтамын. Сосын біраздан кейін қартайғанның белгісі шығар деп ойлаймын. Ұяты барлар, бұрылып кетіп қалады. Ал кейбіреулері "шаруаң болмасын, ары жүр" деп өзіңе зекіреді.

Бір қызық болды, біздің үйдің қасында үлкен сауда орны бар. Сол жерде босануға айы-күні жетіп қалған жүкті әйел бар. Үнемі темекі тартып тұрады. Бірде ұлым сол әйелді нұсқап "анашым, қарашы" деді. Үйге келген соң, темекі тартып тұрған шошқаның суретін салып, далаға қарата терезеге жабыстырып қойдым. Бұл сурет әлеуметтік желілерде кең тарап кетті.

– Суретіңіздің пайдасы болды ма?

– Ол жағын білмеймін. Мәселен, 2012 жылы "мамам мені өлтіретін шығар" деген сурет шықты. Содан кейін екі анадан хат алдым. "Біз осы суретті көргеннен кейін жаман ойдан айнып, өмірге сәби әкелдік" деп жазыпты. Аналардың бірі "сіз оның кіндік шешесісіз" деп баланың суреттерін жіберді. Қуанғаннан жылап жібердім. Осындай адамды толғандыратын сәттер болады.

– Өзіңізді батылмын деп санайсыз ба?

– Жоқ, батыл емеспін, керісінше қорқақпын. Жаңағы айтқанымның бәрі тек қорқақтықтан деп ойлаймын. Өзге елдер біздің ақпарат кеңістігімізді жаулап алмасын, еліміз тыныш болсын, өзге жұрттан кем болып қалмайық, жеріміз сатылып кетпесін деген сықылды ойлар қорқыныштан туып жатқан ойлар.

– Әлеуметтік желідегі жазбаларыңыздан қыздарды алып қашуға мүлде қарсы екеніңізді аңғардым. Сіздің ойыңызша, осылай тұрмыс құрған қыздардың бәрі бақытсыз ба?

– Иә, бақытсыз. Өйткені ол қыздың өз арманы, алға қойған мақсаты болды. Ал қайдағы біреу келіп, сырттай ұнатып, таныспастан, танымастан алып қашып кетті. Қыздың одан кейінгі өмірі зорлық-зомбылықпен өтеді. Өйткені мұны жасайтын еркектер оқыған-тоқыған, ақылды қызды емес, аңқау, айтқанымен жүретін, не істесе де көнетін, еш қулық-сұмдығы жоқ қыздарды алып қашады.

Ал байғұс қыздың не білімі, не жігітке тойтарыс беретін күші жоқ. Ақылды, тәрбиелі жігіт келісіммен, сүйген қызына үйленеді. Ал адамды ұрлау – бұл қылмыс. Ақтөбеде бір жігіт қыз алып қашамын деп түрмеге қамалды ғой. Соны естігенде өз басым қатты қуандым.

Бәрі көрсін, білсін, басқалары мұндай қылмысқа бармасын деп әлеуметтік желілерде бөлістім. Сондықтан алып қашу дәстүр емес, қылмыс. Бұған қоғам болып қарсы тұру керек. Әр қыздың өз арман-мақсаты, болашағы бар. Әр қыз сүйгенімен қосылып, бақытты болуға лайықты.

– Қалай ойлайсыз, әйел бақыты неде?

– Оның үйі, жері, мемлекеті. Кейбір нәзік жандар тұрмыс құрғаннан кейін, туған әке-шешесін ұмытып кетіп жатады. Бұл дұрыс емес. Шыққан жеріңді еш уақытта естен шығармау керек. Сосын, қыздарға айтарым, тектеріңді ауыстырмаңдар. Қыздар, әкелеріңді сатпаңдар. Сендердің әкелерің – бұл әлемдегі ең жақсы адам.

– Енді өнеріңіз жайлы әңгіме қозғасақ. Әлеуметтік тақырыптағы суреттеріңізді граффити стилінде салу ойыңызда бар ма?


– Алматыда бір жігіт менің рұқсатыммен ҚазҰУ-дің сыртына әдемі етіп салып қойған еді. "Мамам, мені өлтіретін шығар" деген суретті. Қатты қуанғаным бар еді сол кезде. Кейін оған басқа да оқу орындарына салуды ұсындым. Бірақ оның реті келмей, сол күйі аяқсыз қалып қойды. Қазір енді қызығы басылып қалды.

– 8 наурыз мерекесіне арнайы дайындаған сыйларыңыз бар ма? Нәзік жандарды немен қуантасыздар?

– Мерекеге деп қазақтың сәукеле киген сұлу қызын футболкаға салып беруді сұрап жатыр. Тапсырыс алып жатырмыз. Қазір джинс пиджактарға сурет салуды бастадық.

– Ұлттық нақыштағы тауар шығару бастамаңыз өзін-өзі ақтап отыр ма?

– Иә, футболкалар баяғыда-ақ ақтады. Табыс көзіне айналып келе жатыр. Былтыр жазда ісіміз оңға басып, мәз болып жүргенде "подделка" шығып кетті. Менің бір қателігім – алпыстан астам дүкенмен серіктес болдық. Олар дүкеннің аумағына, тұрған жеріне қарай 30-40, кейде 50 футболкаға тапсырыс береді. Мен әр өңірде ұлттық нақыштағы дүниелерді сататын орын болса, жақсы ғой деп ойлағанмын.

Бірақ тізімін әлеуметтік желіге шығарғаным қате болған. "Подделка" жасайтындар тізімдегі сауда орындарына хабарласып шығып, дәл біздікі сияқты футболкаларды екі есе арзан бағаға ұсынған. Санына да шектеу жоқ, екі аптада бес мың данасын дайындап жібереміз деп уәде еткен.

– Әңгіме барысында магнитик жасап жатырмын дедіңіз. Бұл ой қайдан келді, сатылымға қашан шығады?

– Негізі магнитик жасау ойымда болмаған. Бір күні футболкаға арнап қыз бен жігіттің суретін салдым да, әдемі көрінсін деп пластилиннен жасай бастадым. Бірінші гуашьпен суретін салып алдым. Өзіме қатты ұнады. Кейін футболканың жаңа түрі деп әлеуметтік желіге жарияладым. Жұрт суреттің астына "керемет дүние, шетелдіктерге сыйлайтын магнитик пе" деп жаза бастады. Бұл ой осылай туған еді.

Дүкендерді араласам, өзбектердің керамикадан жасаған магнитиктері толып тұр. Бірақ суретінде шәй ішіп отырған өзбек шалдар мен кемпірлер. Шетелдіктерге бәрібір ғой, қазақ, өзбек бір оларға. Қазір магнитиктің мың данасы дайын, бірақ сатылымға шығаруға тартыншақтап жүрмін.

– 8 наурыз мерекесіне орай барша нәзік жанға айтарыңыз…

– Енді жасы өзімнен үлкендерге ештеңе айта алмаймын. Жас қыздарды жақсы көремін, бақытты болғандарын қалаймын. Көбірек оқып-ізденсін дегім келеді. Кез келген істің шебері болуға ұмтылыңдар. Тәуекелге барып үйреніңдер. Қазақ қызының қолынан бәрі де келеді, ешкімнен кем емес. Бірақ кейбір жерде ұяңдық кедергі келтіреді оларға. Сондықтан президент әйел адам болса, қарсы емеспін негізі (күлді).

– Уақытыңызды бөліп, сұқбат бергеніңізге рақмет! Ісіңіз алға бассын!

Сұхбаттасқан Нұргүл Абай
Просмотров материала: 2 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 284 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 756 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 774 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 081 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 665 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 836 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 913 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 154 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 666 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031