9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жетісай тәуелсіздік алғалы қалай өзгерді?

28 февраль 2018, 6:08
Менің мақалам туған өлкем Жетісай қаласының дамуы және көрнекті жерлері жайлы болмақ. Мен осы өлкеде туып-өстім. Кішігірім болса да, өз қаламды мақтан етемін. Жетісай қаласының халқы өте қонақжай және мінезі жайдары. Дәл қазір бұл жер ертеде көз жетпейтін дала болған айту қиын. Оған өздеріңіз де көз жеткізесіздер.

Мырзашөлдің жүрегі һәм мақтанышы саналатын, жергілікті тұрғындар арасында жер жәннаты аталып кеткен Жетісай қаласы жайлы айтқым келіп отыр. Бір кездері шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын құлазыған шөл дала қазір адам танымастай өзгерген. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қаланың өсіп–өркендеуі де ерекше.

Өткен ғасырдың орта шенінде тың жерлерді игеруге келгендер есебінен мұнда егістік алқаптарының басында жерекпелер мен әр жерде бір қоржын тамдар болушы еді. Кейіннен Киров каналы қолдан қазылып, жер – анаға су жіберілді. Сарышұнақ мекендеп, шөлге шыдамды сексеуіл, жантақ өсетін шөл дала біртіндеп мақталы өлкеге айнала бастады.

Сол ақ алтынның Отанында қазір кей облыстармен пара–пар 300 мыңнан астам халық өмір сүруде. 1997-жылы Жетісай қаласы іріленген Мақтарал ауданының орталығы болып ауысқан соң, қаланың ауқымы да кеңейе бастады. Жаңадан мөлтек аудандар қосылып, тұрғындардың қалалықтар секілді өмір сүруіне барша жағдай жасалып келеді.

Тарихтан белгілі әңгіме 1924-жылы Мақтарал совхозы құрылды. Одан кейін барып осы жаңағы мына қаналдың, судың келуіне байланысты, жерлердің игерілуіне байланысты 3 аудан ашылған. Соның бірі – Жетісай ауданы болды да Жетісай ауданының орталығы болып осы Жетісай қаласы бекітілді. Ол кезде бұл жер қала емес поселке, елдімекен еді.

Ал, енді содан кейін барып 1969-жылы бұл жерге Жетісай қала статусы берілді. Барлық көшелер қазіргі кезде асфальттанды, аяқ жолдар салынды тротуарлар, жарықтандыру қолға алынды. Мысалы, бұрын атын ғана естіген күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатылып көшелерге, жол бойларына беріліп жатыр. Ол елді мекендерде.

Одан кейін біздің осы өз аудан әкімшілігінің жанындағы Абай атамызға ескерткіштің қойылуы, одан басқа да гүлзарлар көбейіп келе жатыр. Біздің қаламыздағы болып жатқан үлкен өзгерістердің бірі – мысалы имандылық жолында елді ұйыту, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Құдай үйлері – мешіттердің салынуы.

Мысалы «НұрЖетісай» мешіті салынған болса өткен жылы, биылғы жылы «Әбу-Ханифа Нұғман» мешіті өзіміздің жерлестеріміздің арқасында салынып, іске қосылып отыр.


Бүгінде әрбір қалалық Жетісай шаһарымен мақтана алатын халге жеткен. Әсіресе, соңғы бірер жылдың ішінде қаланың дамуы ерекше қарқын алды. Соңғы жылдары қалада Абай гүлзары дүниеге келіп, жастардың рухани кемелденуіне одан әрі жол ашатын ұлы Абайдың ескерткіші қала төрінен бой көтерді.

Жетісай қаласын – жастар қаласы деп атаса да болады. 5 мыңнан астам студент жастардың толыққанды білім алуына қалада барлық жағдай қарастырылған. «Сырдария» жоғарғы оқу орны, 3 колледж және 9 жалпы орта мектеп пен 1 дарынды балалар мектеп-интернаты жастардың мәңгі азбас білім нәрімен сусындауына қызмет етеді.

Ал, Елбасының «Балапан» бағдарламасының аясында бүлдіршіндерге мектеп алды дайындық жұмыстарын жүргізіп келе жатқан 38 балабақша бар. Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткіші де қалада жыл санап артып келеді.

«Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе» - деп атап өткен Елбасының салиқалы саясатын жүзеге асыру барысында жергілікті билік өкілдері мен тұрғындардың белсенділігі өте жоғары.

1997-жылы үш аудан біріккеннен кейін Жетісай қаласы іріленген Мақтарал ауданының орталығы болды. Қазір қалада 60 мыңға жуық халық тұрады. Қаланың күн санап гүлденіп, әсемденуіне мұнда кәсіпкерлердің де қосқан үлесі аз емес. Орта және шағын бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған әрбір Жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Осы тұрғыда еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданам, кәсібімді кеңейтем деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр. Нәтижесінде соңғы жылдары бір ғана Жетісай қаласының өзінде 147 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылды.

Ауданның үдемелі-индустриялдық бағдарламасына енгізіліп, іске қосылған сондай нысандардың бірі Жетісай қаласында орналасқан «СапаИнвестПлюс» ЖШС-і. Көлемі 1 га жерге мақта қозапаясынан құрылыс-жиһаз тақтайшаларын өндіретін цех 2012-жылдың желтоқсан айында ҚР Президентімен өткізілген жалпы ұлттық телекөпір арқылы іске қосылып, 80-ге тарта азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жылдық қуаты 50 мың шаршы метр құрылыс тақтайшаларын өндіретін цехта бүгінде құрылыс-жиһаз тақтайшаларының 10-ға тарта түрі өндіріледі. Күніне өндірілген 40-50 шаршы метр тақтайшалардың Еуропалық стандарттарға толықтай жауап бере алады, бағасы да төмен.

Осылайша жыл санап көркейіп келе жатқан Жетісай қаласына кіре берістегі «Достық» каналының екі қапталынан келер жылы достық субұрқағы салынбақ. Биіктігі 30 метрге дейін жететін бұрқақ маңы көпшіліктің демалатын орнына айналмақ.

Бұған қоса осы маңдағы 8 гектар жер толықтай игеріліп онда саябақ пен түрлі демалыс орындары салынбақ. Субұрқақтан бастап, арнайы суға шомылатын орындар, демалыс кешендері бой түзейді. Сонымен бірге, қалада кәріз жүйелерін қайта қалпына келтіріп, «Ақбұлақ», «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламалары бойынша да бірқатар игілікті істер атқарылып келеді.

Бүгінде Жетісай қаласына келе қалсаңыз осындай жетістіктердің куәсі боласыз. Тағы бір айта кететін жайт, жоғарыда айтылған барлық игі істерге екі қолға бір күрек таппай жүрген қала тұрғындары жұмылдырылып, 1000-нан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.

Сайып келгенде, Елбасы жолдауында айтылған шағын қалаларды көркейту, дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері Мақтарал ауданында осылайша іске асып жатыр.

Қадымшалап айтқанда, Тұран ойпатындағы немесе Мәуреннахр өлкесінен, бүгінгі күн тілінде Мырзашөл төсінен орын тепкен көрікті, менің қалам деп мақтаныш етуге лайықты, өткен ғасырдың екінші жартысында қала статусын алған Жетісай үшінші мың жылдықтың екінші он жылдығын осындай жетістіктермен бастап отыр. Алда әлі бағындырар белестердің де көп екендігіне бүгінде ешкімнің күмәні жоқ.

Аружан АБДУАЛИ
8 сынып оқушысы
№1 М.Горький атындағы
мектеп-гимназиясы
ОҚО Мақтарал ауданы
Жетісай қаласы
Жетекшісі: Нұрбақыт Сұраншиева



Просмотров материала: 9 088

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 131 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 804 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 305 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 349 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 720 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 548 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 587 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 575 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 627 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 821 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 910 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 573 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 222 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 181 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 206 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930