9 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Неге бізде мисыздар министр болады?

16 февраль 2018, 22:03
Ел шулап жатыр. Ерекше елге ұнаған Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың орнына келген жаңа министр аты-жөні бұрын нағыз қазақтарға – оралмандарға байланысты одағай сөзіне ғана байланысты еске қалған бір ханым еді… Оралмандардың көбісін сауатсыз деген сол кездегі шенеунік өзі мемлекеттік тілден – ең басты тілден – ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҚАҚПАЙТЫН НАҒЫЗ САУАТСЫЗ БОЛЫП ШЫҚТЫ!!!

Енді есімін іздеуге гуглге кіруге керек болды…

Сөйтсем… құдай сақтасын… Жаңа еңбек министрінің атын интернеттен іздей көрмеңіздер, қарап отырып, қара басыңызға ауру тілеп, қан қысымыңызға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін…

«Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті» деп жариялады 31 арна.

Айтпақшы, тақырыптан тапжылмай, таңғалып отырғандарға айтарым, мен осыдан жиырма шақты жыл бұрын «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ» деп, сол кездегі Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты бірнеше рет сынап едім… Өзі нан жеп отырған, өзі мемлекеттің министрі болып отырған мемлекеттік тілге қарсы шыққаны үшін… Ол мақала «Қазақ үні» ұлттық порталының «Ең көп оқылғандар» мен «Ең көп талқыланғандар» айдарында да тұр. Екі жүз мыңға жуық оқырман оқыды… Мәселе Мәдина ханымда ғана емес. Өткенде Экономика министрін де біраз сынадық, бірақ нәтиже бар ма? Мұндай мемлекеттік тілден мектепте екілік баға алғандар мемлекеттік мекемелерде толып жүр…

Бүгін мен бүгінгі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесуге баруым керек еді… Ел зәрезап болған,» Миымды ауыстырмасаңдар қазақ тілін үйрене алмаймын» деп парламентте мәлімдесе де, екі рет ел министрі болған Ерлан Ыдырысовтан кейін бұл орынға қазақтілді Қайраттай қайраткер келгенде қазақ тәубаға келгендей болып, біз де жұртпен бірге қуанып қалдық…

Осыдан он күн бұрын омыртқа жарығына (грыжа) ота жасатсам да, қазақ үшін өте маңызды кездесу үшін министрлік қызметкерлеріне уәде беріп қойып едім, бәрібір дәрігерлер рұқсат бермей қойды… Денсаулығыма байланысты бара алмай қалғаным үшін министрден және артымда тұрған қалың жұрттан кешірім сұраймын… Әріптестерімнен естіп, экраннан көріп отырмын, Қытайдағы қазақтар мәселесі жөнінде Қытай республикасына ел атынан ресми нота жолданыпты. Енді нәтижесін күту керек, қоғамдық бақылау қажет.

Әрине, кездесудегі де басты тақырып – Қытайдағы қазақ қандастардың бүгінгі жағдайы туралы… Өткен жылдың соңында «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев екеуміз Әлем елдерінің саяси партиялар көшбасшылары форумында Қытай елінде қыспаққа түскен қазақтардың тізімін қытайлық басшылардың қолына тигізгеніміз елге белгілі. Кейін өткен аптада Астанаға келген Қытай Коммунистік партиясы ОК аппарат басшысы (министр дәрежесінде) да «Ақ жол» партиясы бас кеңсесіндегі кездесуде бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғанын, «Құқықты мемлекет ретінде жауап берілетінін » айтқан болатын.

Мен өзін сыйлайтын БАҚ-тарға, әрине, атап айтсам, алдымен «Егемен» газетінен, Ұлттық арнадан, «Хабардан» бастап, мемлекеттік БАҚ-тарға, Абай атамыздың атындағы, Қазаққа Қамшы болар сайттарға айтарым, ҚАЗАҚТЫҢ, АЛАШТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТТІҢ, ҰЛТТЫҢ, ДАЛАНЫҢ, НАМЫС атын иеленген порталдарға, жергілікті сайттар мен БАҚ-тарға айтарым, Астанада, Алматыда және барлық қалаларда болатын баспасөз мәслихаты мен брифингтерде БАС ЗАҢ ҚАДАҒАЛУШЫ ОРГАН БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАС КЕҢЕСШІСІ НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНАНЫҢ РЕСЕЙ ТІЛІНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРГЕНІНЕН ҮЛГІ АЛЫП, ҚАЙ ҰЛТ, КІМ БОЛСА ДА, ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗДАР!

ҚАЙ ҚАЗАҚ БАҚ-ы, кім болса да, қазақ шенеунігіне (ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛҒАН СОҢ БӘРІ ҚАЗАҚ ШЕНЕУНІГІ БОЛАДЫ ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ сұрақ қоймаса, ол МЕМЛЕКЕТШІЛ БАҚ емес! Ал мемлекетшіл емес БАҚ –тарға біз неге МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫН ЖҰМСАУЫМЫЗ КЕРЕК!?

Ендеше ондай БАҚ-тарға жұмсалып жатқан біздің ҚАРЖЫМЫЗ БІЗГЕ ҚАРСЫ ЖҰМСАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА? БІЗ ЕРТЕҢ ОСЫНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕГЕ ҚАРСЫЛАРҒА (министрлік, әкімдік, мекемелер, тб) қарсы АШЫҚ ХАТ ЖАЗЫП, АКЦИЯ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ! ШИРЕК ҒАСЫРДАН АСТЫ РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН РЕСЕЙ ГУБЕРНИИЯЛЫҒЫНАН ШЫҚҚАНЫМЫЗҒА!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, НАДАН, САУАТСЫЗ, «ДВОЙЧНИК», «ЧУКША» МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР сонда ғана сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды?


Қазыбек ИСА, QAZAQUNI.KZ



Просмотров материала: 8 304

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 084 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 693 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 194 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 241 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 615 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 590 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 968 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 533 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 624 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 838 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 586 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 633 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 782 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 510 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 203 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 601 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 402 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 299 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 131 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 291 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 202 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 697 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 560 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 283 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 661 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 040 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 086 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 043 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 240 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031