19 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте сатылып жатқан қасқырдың жыныс мүшесі бала көтеруге көмектесе ме?

15 февраль 2018, 12:51
Бүгінде ОҚО-ның кей аумақтарында малға қасқыр шапқаны жөнінде әңгімелер шығып жатыр. Осыған орай газетіміздің өткен нөмірінде «Бұл өңірде қанша қасқыр жортып жүр?» деген тақырыпта мақала жариялаған едік. Тиісті мекеме қызметкерлерімен хабарласып, бүгінгі күндері облыс аумағында 800-ден аса түз тағыларының бары туралы білгенбіз.

Жалпы, қасқырды қазақ қанша жау көрсе де, текті аң деп құр­мет­тейтіні белгілі. Ол жайында ел арасында таралған аңызға бергісіз әңгіме­лер өте көп. Тіл-көз тимесін, жаман қуат әсер етпесін деп бөрінің тырнағынан немесе азу тісінен тұмар жасап алатындар туралы да естіп жүре­тінбіз. Ал таяуда қаншық қасқырдың (оны құртқа немесе шулан деп те атайды) жыныс мүшесінен де тұмар жасалатыны жайында естіп тіпті де таңқалдық. Бір азамат әлеу­меттік желіде оның 400 мың тең­ге­ге сатылатыны туралы жазды.

Қалай болғанда да бұл тақырып бізді қызықтырмай қалған жоқ. Сондықтан ол жайында деректер іздес­тіріп көруді шештік.

Бүгінде сауда нүктелерінен пұл болатын нәрсенің бәрін де табуға болатыны белгілі. Осы ойда Шымкент­тегі «Жабық базар» мен Қырғы базардан аталған «тауарды» іздестіріп көрдік.

Бір қызығы, бізді таңқалдырған жай көпшілікке бұрыннан-ақ белгілі екен. Жұртшылық оны біледі, дегенмен жаппай сұранысқа ие болмағандықтан оны қайдан, кімнен алуға болатынымен ісі жоқ. Сұрастыра жү­ріп «Жабық базардағы» бір азаматтан ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесі оның бір танысында барын білдік. Біздің өтінішімізбен ол кісі танысына телефон шалып, бағасын біліп берді. Яғни әлгі затты 5 мың теңгеге алуға бо­­ла­ды екен.

Ал Қырғы базарда біз бұл тақырыпта бір әйелмен әңгімелестік. Ол кісіде ондай заттың бес-алтауы бар екен. Кептірілген мүшелерді жарты литрлік банкаға салып қойыпты. «3 мың теңгеден беремін», – дейді. Ин­тер­­неттен 400 мың теңгеге бағаланып тұрғанын көргенімізді айтқанда: «Өтірік шығар. Алтын жалатыл­ған ба екен, немене?» – деп күліп алды. «Сіздегі мүмкін иттікі шығар, қайдан білесіз? Қасқырды өзіңіз ауламаған боларсыз? Мүмкін сізге қасқыр­дікі деп иттікін әкеліп берген шығар? Негізі мұндайды кімдер әкеліп сатады?» – деп біз де сұрақты бастырмалаттық.

Ол кісінің айтуынша, мұндай затты көбіне сығандар сатады екен. «Жол ашады», «қауіп-қатерден қор­ғайды», «сауда жолын ашады» деп өткізетін көрінеді. Ал бұл кісілер олардан «тауарды» үстінен пайда көру үшін сатып алады. Яғни мұндай та­уарды сатып алушылар жоқ емес.

Әдетте «жол ашатын» нәрселердің тәуіп, палшылармен байланысы болатыны белгілі. Сатушылардан мандымды ештеңе біле алмағаннан кейін біз қаладағы бір тәуіп апаға телефон шалдық. Ол кісі қасқырдың жыныс мүшесінің мұндай қасиеті туралы естімеген екен. Бірақ тырнағы мен азу тісінің және жүрегінің қасиеті жөнінде айтып берді.

«Менің білетінім, оның тырнағынан тұмар жасап, бесікке іліп қояды. Сонда балаға тіл-көз тимейді, жын-сайтан үйден аулақ болады. Азу ті­сінен тұмар істетіп, бойында алып жүрген адамның жолы ашылады, ол адам батыр болады. Ал жүрегін қуы­рып немесе пісіріп жеп, сорпасын іш­се, адам сұсты, айбарлы болады. Сол сияқты оның бауырын, бүйрегін, өкпесін жеген адамдар сондай ағза мүшелеріне қатысты дерт­терінен айы­ғатыны жөнінде де естігенмін», – деді ол кісі.

Біз тәуіп ападан қасқырдың жыныс мүшесі жайлы таныс-тамырларынан сұрастырып, естіген-білгенін бізге хабарлауын өтінген едік. Кешегі дүйсенбі күні ол кісі бізге телефон шалды.

«Балам, мынау бір қызық нәрсе екен, – деді ол кісі. – Осы жасыма дейін мұндайды естімеген едім. Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесінің қасиеті өте көп екен. Қалам-қағазың дайын болса, жазып ал.

Қаншық қасқырдың қынабының шипалық қасиеті көп екен. Оны бала көтере алмай жүрген әйелдер мен белі әлсіз еркектер бойында алып жүрсе, бала сүйеді, қуаттанады. Ол ерлер мен әйелдерге тән көптеген дерттерді жояды. Одан жасалған тұмарды тағып жүрген еркек әйелдерге өтімді болады. Тек сырын білетін адамға ғана оқытып алу керек.

Оны отбасын тастап кеткен немесе басқа әйелге барып жүрген еркекті кері қайтару үшін де қолданады. Күйеуін қайтарғысы келетін әйел қаншық қасқырдың жыныс мү­ше­сінен тұмар жасатып, киімінің бір жерінде сақтауы керек.

Қаншық қасқырдың жыныс мүше­сінен құмар ойынмен айналысатындар да тұмар жасатып алады екен. Сонда қолдары жақсы жүреді дейді. Жалпы, оны жолы ашық болуы үшін көп қолданады деп естідім».

...Біз хабарласқан тәуіп апа осылай деді. Ол кісіден естіген тағы бір жағдай бізді таңқалдырды.

«Бір аңшы таныстарымнан естідім. Ұрғашы қасқыр өзіне өлім қаупі төн­ген ақырғы сәтте өзінің жыныс мүше­сін жұлмалап, іске алғысыз етіп тастайды, саған да, маған да жоқ болсын деген серті бар екен», – дейді ол кісі.

...Біздің әзірге естіп-білгеніміз осы болды. Жалпы, бұл туралы кәнігі аңшылардың, білетін адамдардың айтары болса, біз оған да газет бе­тінен орын беруге дайын екенімізді естеріңізге саламыз.

ДЕРЕККӨЗ: zamana.kz
Просмотров материала: 4 739

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 005 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 643 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 133 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 193 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 557 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 911 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 967 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 980 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 166 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 668 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 699 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 996 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 662 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 476 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 341 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 175 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 034 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 357 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 255 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 781 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 325 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 703 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 143 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 292 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930