18 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздің салт – мұғалімді қоғамдық жұмыстарға құлша жұмсау

29 январь 2018, 18:01
Дарынсыз бала болмайды! Алайда, баланың бойындағы сол дарынды, қабілетті тек ұстаз көре алады. Ұстаз болғанда да кешегінің Оспанов ағайындай педагогтарға бала психологиясы мен бойындағы мүмкіндігі алақанға салғандай көрінеді. Қожа - талантты, демократ бала. Бірақ ондай оқушы «стандартты» мектеп үлгісіне сыймайды. Өйткені өз ойын бүкпессіз айтады, сабақ қызықсыз болса, бетін де ашпайды. Ал мектеп мұғалімі үшін ондай бала «үлгерімі төмен, тәртібі нашар» деп бағаланады. Мұғалім сол «бұзақы» образдың ішінде тығылып жатқан талантты танығысы келмейтін сияқты.

Неге?

Ата-аналар арасындағы әңгімеге құлақ түрсек, бұл күнгі мұғалім шәкіртінің талантын ұштауға мүдделі емес пе деп қаласың. «Ата-анасы айналыссын, қосымша сабақ алсын. Бізге балаға жұмсалған артық сағат үшін ақы төленбейді, әрі оқушымен жеке айналыспақ түгілі, оңаша отырып сөйлесуге уақытымыз жоқ. Толтыратын қағазымыз, тапсыратын есебіміз көп» деген уәжді мұғалімдердің аузынан жиі естиміз. МҰҒАЛІМДЕР ҚАҒАЗБАСТЫ!

Ал, ата-ана ше?

Мектеп бағдарламасы бала үшін күрделі. Ол «хит» тақырыптардың біріне айналған бүгінде. Балада оқуға құлық жоқ. Себебі қызық емес. Ата-ана жұмысбасты. Балаға қарайтын шама жоқ. Таңертең жұмысқа кетеді, кеш қарая келеді. Қазір бала тәрбиесі емес, оны асырап, бағу проблема.

Балам қатарынан қалмасын деп киіндіреді, тек оқу жылының басында бір балаға кететін шығынның орта есебі 50-60 мың теңгені құраса...бұл бір балаға (және тек оқу жылының басындағы шығын ғана, жыл бойы жиналатын қаражат пен қазіргі балалардың «сұранысын» есепке алыңыз!), осыдан кейін үш, төрт баласы мектепке баратын отбасының жағдайын елестете беріңіз.Одан бөлек қазіргі бала «жайфон» ұстағысы келмейді! Оған соңғы үлгіде шыққан айфон керек!

Қатарынан кем қалмасын дейтін ата-анасы қарызданып қауғаланса да, кредит алса да бұл жолы да баласының тілегін қанағаттандырады. Алайда, жоғарыда айтып кеткен мұғалімнің қосымша оқыту туралы ұсынысы олардың көңілін көншітпейді. Себебі, ол мұғалімнің міндеті - дейді ата-аналар...

Қазіргі көп бала сабаққа сүлесоқ қарайды. Қадағалап отыратын ата-ана жұмысбасты. Тек тоқсан қортындысында үштіктер шықса, мұғаліммен ұрсысады, баға сұрау «науқаны» басталады, сұрағанын қоймаса, мұғалімнің басы дауға қалады, тағысын тағы..кей жағдайда тіпті айтқанына көнбеген мұғалімді жұмыстан шығартудың жолын іздейді.

Мұғалімді қорлауға дейін барады. Бұл енді біздің қоғамда ең оңай шаруа. Әлеуметтік желідегі бейнематериалдар мен форумдардағы жазбалар соның дәлелі.

Ата-ана, оқушымен қарым – қатынаста туындайтын түйткілдерді былай қойып, үлкен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрерменіне айналу, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстар, сенбіліктер мен ауыл-аймақтағы мұғалімдердің қар тазалауы сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты қызметін талапқа сай өткізуіне кедергі.

Ал, мойынға артылған міндеттен бас тартып, наразылық білдірген мұғалімдердің әділдік іздеп, сот залына дейін барған жағдайлар бар (Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының мұғалімі Айман Сағидоллаеваның мектеп директорымен соттасқаны сайтымызда жарияланған).

Сонымен, әңгімеміздің әлқиссасындағы баланың бойындағы талантты танитын, оны тәрбиелеп, дамытатын дарынды ұстаздар бізде жоқ емес. Қазақстан дарынды балалары көп елдердің қатарында 12 орынға ие болса, ол да сол дарынды көре, шыңдай білген ұстаздардың еңбегі. Мәселе, мектептегі білім сапасы көрсеткіштерінің тежеуші факторында. Ол - мұғалім кәсібі мәртебесінің төмендігі. Мұғалімінің қоғамдағы беделін көтерудің, материалдық, рухани ынталандырудың, педагогтік қызметке қабілетті шығармашыл жастарды тарту жолдарының, тетіктерінің бірізділенбеуі.

Әлемдік тенденцияда мұғалімдік қатардағы мамандық емес, мансап ретінде бағалануда. Мәселен, Жапонияда оқушылардың үлгерімін жақсарту, мұғалім жұмысын жеңілдету үшін студенттердің волонтерлік қызметін пайдаланады екен. Қытайда ардагер ұстаздармен жас мұғалімдер арасында тұрақты байланыс болып тұратын көрінеді. Ал, Германияда қызметке жаңа қабылданған мұғалімді салтанатты түрде қабылдап, зейнет жасына шыққан ұстазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі бар.

Осының өзі-ақ, дамыған елдерде мұғалімді ерекше сыйлап-құрметтейтін дәстүрдің қалыптасқанын көрсетсе керек. Бұл, әрине, басқа елдің салты. Біздің салт мұғалімді қоғамдық істерге құлша жұмсау болып тұр. Қағазбастылықтан арылту үшін электронды журнал, күнделік, есепті де электронды түрде енгізетін болды деп (интернет пен дербес компьютерлерінің жоғын білдіртпей!) «бөріктерін аспанға атып» қуанған еді мұғалімдер...алайда, қуаныш көпке созылмай, керісінше мұғалімдердің соры еселене түсті. Қағазын бір толтырып, электронды нұсқасын бір толтырып қажығандарын айтып қынжылады.

Бәлкім, білім беру саласындағы гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясының (81,3 % әйел мұғалімдер) да салдары осы шығар (ол туралы келесі материалда).

«Өсер ел өнегелі ұлдарын әке тұтады»,- дейді кемеңгер Кекілбаев. Ұстаз да ұлттың ұрпағына тәлім берер ұлық тұлға. Оның мәртебесі мен мансабы министрден кем түспеуі керек еді...

Зарина Әділбек
ДЕРЕККӨЗ: abai.kz
Просмотров материала: 3 689

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 143 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 977 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 603 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 082 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 219 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 443 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 450 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 617 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 337 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 854 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 347 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 201 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 019 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 215 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 963 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 350 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 070 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 087 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 922 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 755 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 019 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 958 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 474 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 943 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 794 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 065 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 393 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 808 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 763 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 817 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 767 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 994 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 140 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031