7 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шолпан ауылындағы жағдай туралы жаңа деректер белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандары қатысуымен құрылған арнайы комиссия Үржар ауданына қарасты Шолпан ауылындағы жұмысын қортындылады. Жұмыс қортындысы бойынша, 5 ай ішінде 12 бала гепатит А дертіне шалдыққаны ресми расталды.

Арнайы комиссияны ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев басқарған. Комиссия құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары, атап айтқанда, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Роза Қожапова, Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаментінің директоры Манар Смағұл, С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Марина Головенко кірген.

Республикалық комиссиямен қатар, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы да құрылғанын айта кеткен жөн. Оған басқарма басшысы Райфа Сафиоллинова жетекшілік етті.

Комиссия жұмысы барысында Үржар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ж.Б.Тілеуберлиннің БАҚ өкілдеріне балалардың А гепатиті жұқпасын жұқтыруына қатысты жаңылыс ақпарат бергені анықталды.

2018 жылғы қаңтар айының 16 күніне белгілі болған ақпарат келесідей - 2017 жылғы қыркүйек айы мен 2018 жылғы қаңтар айы аралығында науқаспен қарым-қатынаста болған 46 бала тексерілуден өтті. Олардың 25-сі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған. Бөлімшеге жатқызылғандардың 12-де сары ауыру диагнозы расталып отыр.

Сонымен қатар республикалық және облыстық комиссия Шолпан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға тағы 19 адамның медициналық көмекке жүгінгенін анықтады. Алайда аудандық аурухана басшылығының эпидемиологиялық жағдайға немқұрайлығы кесірінен ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына амбулатория басшылығы дереу мәлімет бермеген. Салдарынан 19 науқас ресми статистикаға еңгізілгей қалған. Олардың барлығы дер кезінде амбулатроиялық деңгейде емдеуден өткен. Қазіргі уақытта олардың денсаулығы қалыпты және жанындағы адамдарға қауіп төндірмейді.

Комиссияға Шолпан ауылыны тұрғындары тарапынан кәмелеттік жасқа толмаған баланы Үржар аудандық орталық ауруханасына жеткізу үшін және дәрі –дәрмек алу үшін ата-анасының ақша төлегені жайлы шағым түсті.

Қазіргі уақытта бір баланың қайтыс болуына байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар аталмыш ауылдағы марқұм болған қыз балада гепатиттің А түрі емес, фульминантты, яғни басқа ауыр түрі мен өткір бауыр некрозы болуы мүмкін деп отыр. Қортындысы ІІБ тексеру амалдарынан кейін жарияланады.

Жалпы тексеру нәтижесінде аудандық орталық аурухана басшылығы өрескел бұзушылықтарға жол берген: тұрғындарға медициналық көмек көрсету мен оның сапасын қадағалау немқұрайлы жүргізілген, санитарлық талап ережесі орындалмаған, диагностика жасау мен емдеу протоколы сақталмаған, тіркеуге алу-есеп беру құжаттары дұрыс жүргізілмеген.

Анықталған бұзушылықтар бойынша таяу арада Үржар аудандық орталық ауруханасындағы жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылатын болады.

Ал әзірге жұқпалы А гепатитіне қатысты облыс пен Үржар ауданында жағдай тұрақты, маусымдық ауытқудың ұйғарынды шегінде деп отыр мамандар. Шолпан аулына келер болсақ, науқастармен қатынаста болған 140 балаға жұқпалы А гепатитіне қарсы екпе жасалған. Барлық үйлер мен ауылдағы мектепке дезинфекция жасалып, ауыз судан 62 рет сынама алынып, таза екені анықталды.
Просмотров материала: 2 347

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 125 398 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 125 228 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 124 875 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 124 902 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 125 209 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 582 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 750 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 825 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 039 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 192 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 552 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 364 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 666 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 560 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 370 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 482 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 339 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 447 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 280 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 130 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 373 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 835 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 192 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 159 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 379 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 713 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 134 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 146 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 115 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 495 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031