24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет тиімсіз шығыс көздерін төмендетуі керек

17 ноябрь 2017, 12:15
Үкімет тиімсіз шығыс көздерін төмендетуі керек ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «2018-2020 жылдарға арналған Республикалық бюджет» туралы заңын талдау барасында өз ойын білдіріп, ел экономикасын оңтайландыру, тиімсіз шығындарды азайтып, халықтың әлеуетін жақсарту жайлы тұшымды ойлар айтты. Біз сенатордың Үкімет мүшелерінің алдында айтқан сөздерін толық оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.


Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қадірменді Үкімет мүшелері!

Қадірлі әріптестер
!



Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық дамуын алдағы үш жылда айқындап беретін «2018-2020 жылдарға арналған Республикалық бюджет» туралы заңын талдау барасында ең алдымен кең байтақ еліміз аймақтарындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы ауызға ілінеді, өйткені бұл қоғамның негізгі көрсеткіші.

Ұсынылып отырған заң жобасында шикізат ресурстары бағасының төмен, әрі тұрақсыз болуына қарамастан 2018-2020 жылдарына арналған бюджеттің шығыс бөлігінің алдағы үш жылда 13,4 трлн теңгесі немесе 44,4% әлеуметтік салаларға бағытталып отыр. Оның үстіне Республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт 2020 жылы 2018 жылға қарағанда 600 млрд. теңгеге қысқарады. Мұны өте дұрыс үдеріс деп есептеймін. Үкімет Республикалық бюджеттің консервативтік жобасын жасады деп айтуға болады және толыққанды әлеуметтік сипаты бар бюджет деуге негіз бар.

Сонымен қатар, Үкіметтің төмендегі көкейтесті мәселелерге назарын аударғым келеді. Соңғы бір жылдың ішінде бюджет шығысы 31% өсіп, Республикалық бюджеттін шығыс бөлігі ішкі жалпы өнімнің 23% құрады. Бюджеттін шығыс бөлігінің күрт бұлай өсуі салықтар мен бюджеттен тыс алымдардын көбеюіне бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғуда. Республикалық бюджеттің шығысы 2018 жылы 5,4% өссе, жалпы үш жылда 12,5%, яғни 1,1 трлн. теңгеге өсетіндігі байқалады.

Бұған қоса бізді мемлекеттік қарызды өтеуге кететін қаржы көлемінің өсуі алаңдатады. Мысалы, 2017 жылы мемлекеттік қарызды өтеуге бюджеттен 474 млрд. теңге (бұл республикалық білім саласының бір жылдық бюджеті) бөлінсе, 2018 жылы 600 млрд., ал 2020 жылы 705 млрд. қаржы бөлу көзделген. Осындай орасан зор қарызды өтеу бойынша шығындар негізінен Үкіметтің сырттан көптеген қарыздар мен заемдар алуы және оның тиімділігі төмен көптеген жобаларға жұмсалғанын айтуымыз керек.

Бәлкім халықаралық қаржы институттарынын оңды-солды біздің елімізге тықпалай беретін займдарының жұмсалуының тиімділігі туралы Парламенттік тындау өткізген дұрыс болар. Өйткені сырттан қарыз алу мен салық салмағының артуы жоғарыда айтқандай бюджет шығыстарының шектен тыс көбеюіне әкеп соқтыруда. Мысалы, соңғы бес жылда Республикалық бюджеттін шығысы 69%-ға, қаржылай бейнелеп айтсақ 3,5 трлн. теңгеге ұлғайған. Сондықтан Үкімет тиімсіз шығыс көздерін төмендетудін жолдарын қарастыруы керек.

Сонымен қатар, бөлінген қаржыларды тиімді мақсатына сай жұмсауды жылдан-жылға үнемі қайталанып отыратын үлкен кемшіліктерге жол беруде. Ең бастысы мемлекеттің қаржысы ұрланып талан таражға түсу фактілері жиі орын алуда. Әлі де болса отандық тауар өндірушілерге әсіресе салық көзінің қайнар бұлағы болып табылатын шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай тудырудын және оны қалыптастырудын Үкімет тарапынан тиімді тетіктерін жетілдіру қажет.

Елімізде орта білім беретін мектептерде оқушы орыны жетіспеушілік әлі де болса күрделі болып қалуда. Ресми мәліметке жүгінсек Оңтүстік Қазақстан облысының орта мектептерінде биылғы оқу жылында 33 мың, Астана қаласының орта мектептерінде 17 мың оқушы орны жетпесе, еліміз бойынша 60 мыңға жуық оқушы орындары тапшы екен. 2020 жылы елімізде 2017 жылға қарағанда оқушылардын санынан 600 мыңға асады деген болжам бар.

Өкінішке орай алдағы үш жылдық бюджетке орта мектептер салуға республикалық бюджеттен 57 млрд. теңге ғана қаржы бөлінген. Мұндай жағдайда еліміздегі орта білім беретін мектептерде оқушы орыны жетіспеушілікпен қамтамассыз ету мүмкін емес. Сондықтан да мұны оңтайлы шешудін бірден бір жолы орта мектептерді қаржыландырудын жан басына шағу жүйесін енгізу.

Осы жүйені толлықанды енгізу үшін Үкімет алдағы үш жылға 153,9 млрд. теңге қарастырып отыр. Оның үстіне әрбір оқушыға жылына осы кезге дейін 206 600 теңге қаралып келген болса, 2018 жылдан бастап 299 400 теңгеден бөлінетін болады. Үкіметтін орта білім саласындағы осы жүйені енгізудегі жаңа қадамын толық қолдаймын.

Сонымен қатар осы үш жылдық бюджетте білім саласына бөлінетін қаржы көлемі күрт азайтылғаны бізді алаңдатады. Онсыз да еліміздегі білім беру жүйесін қаржыландыру Экономикалық ынтымақтастық және даму елдерінен екі есе төмен. Мысалы, 2017 жылы Республикалық бюджеттен білім саласына 451 млрд. теңге бөлінсе, 2019 жылы небары 320 млрд. теңге, яғни 131 млрд. теңгеге қысқартылған. Ал, мемлекеттік қарызды өтеуге 522 млрд. теңге көзделген. Бұл қатты назар аударылатын мәселе. Өйткені барлық экономика саласынын ішінде білім беру жүйесінде қызмет жасайтындардын айлық жалақысы 88 мың теңге көлемінде, яғни еліміздегі орта жалақыдан 40% төмен күйде қалып отыр.

Жалақыларының мардамсыз болуы әлеуметтік қорғау, ынталандыру шараларының шешілмеуі мәртебелі мұғалім мамандығын мәртебесіз мамандыққа айналдырды. Мемлекет дамуының басты факторы, экономикалық өсудін инновациялық негізі болып табылатын білім саласының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қаржыландыруы Үкіметті ойландыруы тиіс деп есептеймін.

Тағы да бір үлкен мәселелердін бірі жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділігі жылдан жылға артып келе жатқандығы. Салыстырмалы түрде таратып айтсақ, 2015 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенцияның көлемі 904 млрд. 371 млн. теңге болса, 2018 жылы облыстық бюджеттерге 1 трлн. 573 млрд., яғни 2015 жылымен салыстырғанда 668 млрд. 974 млн. теңгеге көп субвенция бөлінуі көзделіп отыр.

Оның ішінде ірі өнеркәсіпті өңірлер болып табылатын және субвенциялық өңірден құтылуға мүмкіндігі мол Павлодар облысына 2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 32 млрд. 352 млн. теңге, Шығыс Қазақстан облысына 76 млрд 630 млн., Қарағанды облысына 70 млрд. 066 млн., Ақтөбе облысына 36 млрд. 349 млн. теңгеге көп берілген.

Сондықтан да болар, өңір әкімшіліктері жергілікті бюджеттердін салық салу базасын кеңейтуге құлықсыз. Нәтижесінде жылдар бойы мемлекет міндеттемелерінің ұлғаю үрдісі күшейе түсуде, бұл бюджеттік масылдық психологиясының кең етек алғандығын көрсетеді. Барлық бюджеттік өтінімдердін сапасына және оның қаралуына қойылатын талаптарды күшейту мақсатында ұзақ жылдар бойы қолданылып келе жатқан нысаналы трансферттер көлемін «Пулмен» жоспарлау тәжірбиесін алып тастау керек.

Республикалық бюджетті айқындау кезінде облыстардын экономикалық және салықтық әлеуеті өз дәрежесінде ескерілмейді. Сондықтан да әрбір аймақтын орталық бюджеттен алатын субвенцияларды азайтудын арнайы карталары жасалуы қажет. Бұл бағытта Үкімет тарапынан тиісті шаралар жасау қажет деп санаймын.

Елбасымыздын тікелей қолдауымен жүзеге асырылған аса маңызды инфрақұрылымдық жоба «Бейнеу-Бозай-Шымкент» – магистральді газ құбырының маршруты 3 мың шақырымды құрап, оңтүстік облыстарының үстімен өтеді. Осы Қазақстан-Қытай газ құбырының Қазақстандық тармағының іске қосылуы Оңтүстік аймақтарда көгілдір отынмен қамтып қоймай елімізге елеулі Қаражат көзін беруі тиіс, өйткені енді жыл сайын Қазақстан Қытайға 5 млрд.м3 көгілдір отын сатуға мүмкіндік алды.

Ел президенті Үкіметке оңтүстік өңірлерді толыққанды, үздіксіз және тұрақты түрде газбен қамтамассыз етуін тапсырған болатын. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша тауарлы газды өндіру көлемі 2018 жылы - 30,6 млрд.м3 болса, 2020 жылы - 31 млрд. м3 болады екен. Тұрғындарды газдандыру деңгейіне қатысты Энергетика министрлігі 2018 жылы 47,05%-ден 2020 жылы 48,45%-ға дейін өсіруді жоспарлапты.

Үш жылда газдандыру деңгейін 1,40%-ға өсіру аз, әрі жеткіліксіз. Мысалы, тек Қызылорда облысы бойынша осы кезге дейін тек төрт аудан орталығы ғана газдандырылды. Ал, үлкен магистральді газ құбырының бойында орналасқан бірде-бір ауылдық елді мекендер газбен қамтамассыз етілмеген. Өңірлердегі елді мекендерді газдандыруға жергілікті бюджеттердін мүмкіндіктері келмейді.

Мұндай жағдай Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына да тән. Сондықтан да, Үкімет өңірлердін экономикалық өсуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлкен әсерін тигізетін, Елбасымыздың стратегиялық инфрақұрылымдық жобасын іске асыруды тездету үшін республикалық бюджеттен қаржы көздерін қарастыруы тиіс.

Құрметті әріптестер!

Біздің барлығымыз Елбасының алға қойып отырған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға міндеттіміз.

Алдағы үш жылға арналған еліміздін ең басты қаржы құжаты ұлттық табысымызды осы кезге дейін қабылданған Үкіметтін міндеттемелері мен бастамаларын төмен түсірмей сақтауға және ел экономикасының нақты саласынын одан әрі дамуына мүмкіндік береді деп есептеймін. Сондықтан да заң жобасын қолдап дауыс беруге шақырамын.

Мұрат Бақтиярұлы, сенатор

Abai.kz ақпараттық порталы
Просмотров материала: 2 678

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 519 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 350 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 991 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 015 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 323 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 664 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 733 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 925 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 069 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 450 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930