22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖАТ АҒЫМДАР ТОРЫНА КІМДЕР ТҮСЕДІ?

ДАИШ лаңкестік ұйымы — адамзатқа әрі исламға қарсы бағытталған ғасырдың ең озық жобасы. Қазақстан бұдан да «құралақан қалған жоқ». Қаншама қазақ отбасының шаңырағы шайқалды. Әсіресе бейнеттің зейнетін көруге таяғанда ұлы мен келінінен, тіпті немерелерінен айырылып қалған ата-ананың көз жасы бей-жай қалдырмайды сізді.

Дереккөз: Қазақстан Заман


Біз осы неден қателестік? Өзегі тесіліп, өзгенің артынан еретіндей қазақ азғындыққа соншалықты бейім бе еді? «Әлде қазақ үшін арналған «ИШИМ вакцинасының» ерекше түрі бар болуы мүмкін бе?» деп те ойлайсың. Өздеріңізге мәлім, 300-ге жуық (нақты анықталмаған, мәліметтерге қарағанда 1000-ға жуық) ҚР азаматы Сирияға «жихадқа» аттанған болатын. Ал әлгі «жихадшылардың» кәмелетке толмаған ұл-қыздарының тағдыры не болды? «Шетелдегі бұл қазақ балаларының» тағдыры сізді алаңдатпады ма? Бір сөзбен айтқанда, қасірет қой бұл, қасірет!

Бүгінгі таңда қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы алаңдатып отыр. Сирияда сайран салғандар өз елінде де ойран салуы мүмкін ғой. Діни экстремизмнің мемлекет үшін қаншалықты қауіпті екенін Сириядағы соғыстан, қарт құрлық Еуропадағы терактілерден, сонымен қатар, Ақтөбе, Алматы қалаларында орын алған терактілерден өте жақсы білеміз. Тоқсаныншы және екі мыңыншы жылдардың басында «мемлекеттің діни қызметке араласпауы керек» деген шешімі барлық діни ағымдарға ерік пен бостандық беріп қойды.

Жасырын емес, оны бұл салаға жауапты тұлғалардың өздері де ашық мойындап отыр. Дегенмен, мемлекет олқылықтың орнын толтырып, кеткен кемшіліктерді түзеткісі келеді. Осыған байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекеттік саясаттың таяудағы 4 жылға арналған «жол картасы» 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Дінге қатысты кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізгелі отыр.

Халықаралық түрме ұйымының 2017 жылдың мамыр айындағы дерегі бойынша Қазақстанда терроризм және экстремизм айыбымен сотталғандар саны 3 жарым мыңнан асыпты. Бұдан жат ағымда жүргендерді бірден түрмеге тоғытады деген қорытынды шықпау керек. Жат ағымның жетегінде жүрген жастарға тиісті мекемелер алдымен түсіндіру, ақпараттандыру шараларын өткізеді. Ұйымдасқан қылмысқа қадам басқан жағдайда немесе қылмыс белгілері анықталған жағдайда ғана мемлекеттің күштік құрылымдары бұл мәселеге заңды түрде араласады дейді мамандар.

Діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу үшін қоғамдық деңгейде профилактикалық жұмыстар аса қажет. Күні кеше экстремизмнің алдын алу мақсатында діни алауыздық тудырып, діни радикализмге үгіттеп жүрген жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізіп жатқан «Шаңырақ» оңалту орталығында болып қайттық.

ЖАТ АҒЫМДАР ТОРЫНА КІМДЕР ТҮСЕДІ?
Мирхат Мадияров, «Шаңырақ» діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығының жетекшісі

─ Мирхат мырза, алдымен «Шаңырақ» орталығы жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

─ «Шаңырақ» орталығы өткен жылы ашылған. Жобаны іске асыру барысында 15 мың адам жұмылдырылған. Басты міндеті — лицей, колледж, университет, мешіттерде, арнайы күштік құрылымдарда «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізу, диструктивті діни ағым мүшелерімен оңалту жұмыстарын жүргізу. Алматы қаласы әкімдігі Дін істері басқармасы және Жергілікті полиция қызметімен бірлесе жұмыс істейді.

«Бекет Ата» мешіті жанынан «Шаңырақ» орталығының филиалы ашылған. Ол «Бекет Ата» филиалы деп аталады. Алматы қаласы бойынша Алатау ауданындағы мешіттерде сәләфия ағымына бой алғандар көп. Сондықтан «Бекет Ата» филиалының негізгі жұмысы мешіттердегі жамағатқа кері ағымның зияндығы туралы теолог-мамандардың уағыз-дәрістерін көптеп өткізу, семинар шараларын ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар «Имани гүл» филиалы жұмысы негізінен әйелдер жамағатына бағытталған. Ер адамдар жұма намаздарына қатысып, мешіт имамдарының уағыздарын тыңдап, білмегендерін сұрап отырады. Ал әйел жамағаты бұл жағынан шектеулі. Филиал, негізгі күш-жігерін кері ағымға бой алдырған азаматтарды райынан қайтару, соларға арналған үгіт-насихат шараларын, аудио-видео роликтерді даярлап, таратумен, әдістеме құралдарын жаңа леппен пайдалануға ұмтылады.

─ Лаңкестіктің алдын алу үшін не істеу қажет?

─ Рухани дағдарыс тереңдеп, қоғамға жат кері ағымдар күннен-күнге көбейіп жатқанына дінтанушылар алаңдаушылық білдіреміз. Дін мәселесін бөлек алып қарағанмен, ол басқа қоғамдық-экономикалық қатынастармен біте қайнасып жатқандықтан, жеке-дара шешілмейді.

Дін – қоғамның рухани қажеттілігін өтейтін, рухани байлыққа ұмтылдыратын, рухани тәрбие беретін бір бөлігі. «Дін – апиын» деген өткен ғасырдағы ұстанымнан арылып, рухани азық іздеген жастарға дұрыс жол сілтей алатын мамандарды даярлау, азаматтардың діни сауаттарын ашу арқылы, оларды түрлі ағымдардың ықпалынан қорғау — бүгінгі күн талабы.

Білместіктен кері ағымдарға еріп кеткен жастарға теолог мамандар ақидадан ғана дәлел келтіріп, бітпейтін дау ұйымдастырмай, дүниетанымы жан-жақты даярланған мамандар арқылы, геосаясаттың әсері, сыртқы күштердің неге итермелеп тұрғанын аша алатын теолог-эксперт мамандардың қарқынды жұмыстары қажет дер едім.

Әлбетте, лаңкестік ұйымдардан келетін қауіптің алдын алуда әкімшіліктегі әлеуметтік салаға қатысы бар басқармалар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҰҚК мен Ішкі істер басқармаларында жүйелі бағдарлама, сол бойынша жұмыстар ұйымдастырылуы керек.

Кері ағымдар мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы ең ауқымдысы, нәтижелі болатыны – ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі рухани ағарту сабақтарында, дін тақырыбындағы өзекті мәселелерді талдауда дәстүрлі ислам ұстанушылар басымдыдылық танытулары керек. Бұл бағытта қарапайым дәрістен бастап, ғұламалар сабақтарына дейін қажет еткен тілде жамағат талабы қамтамасыз етілуі тиіс. «Шаңырақ» орталығында осы саладағы діни және заманауи технологияларды меңгерген мамандар жұмыс атқаруда.

Діннен хабары жоқ жастарға интернет ұстаз болып отыр

─ Жат ағымның жетегінде жүрген жастар көбіне немен айналысады?

─ Олар негізінен «Сауда – сүннет, сүннетті орындап жүрміз» деп айтады, бірақ олар негізінен адамдармен тікелей қарым-қатынас жасайтын орындарды таңдайды. Ұялы телефон жөндейтін себептері, мысалы «айфон» жөндетуге алып барасыз. Сосын ол оның қымбат тұратын телефон екенін біледі, содан сізге 15 минут отыра тұрыңыз дейді де, содан сізді жайлап сөзге тартады.

Сондай-ақ, машинаның бөлшектерін сатумен айналысады. Сөйтіп, «сізге қандай зат қажет, тауып берейін» деп сөзге тартып, өз насихаттарын бастайды. Олар мешіттің айналасында отырып алып, жастарды азғырады. Бұрын жатақханасыз қалған студенттерге оқу орны жанынан жалға пәтер алып беру, «Нұр мүбәрәк» университетінің оқуына төлей алмаған жоғары курс студентін мазһабтан шығарып, кері ағымға тартып кету фактілері болған.

Қазір олардың насихаттарының негізгі бағытының бірі — әлеуметтік желілер. Сонда қараңыз, уағыз айтып шығудың өзі қаншама күш, қаншама қаржыны талап етеді.

Қазір жастардың барлығы осы телефонға үңіледі, интернет қарайды. Олар өздерінше топ ашып алған, өздерінің аудармашылары бар, сырттан келген шейхтарының айтқандарын аударып, хабарласып отырады. Біздің ұтылып тұрғанымыз да осы.

Ең басты факторлардың бірі – ақпараттық кеңістікте ұтылыста екенімізді айтпай кетуге болмас. Дін туралы кез келген сілтемеге кірсеңіз, орта шенінен бастап кәдімгі жүйемен жасалған ағымдарға тап боласың. Діннен хабары жоқ жастарға осы интернет ұстаз болып отыр.

Жастардың көп бөлігі осы ақпарат көздерінен улануда. Қазіргі кезде түрлі ағымдарға тартудың басты алаңы осы – әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігі. Ал, біздегі сайттарда мәселелер қозғалып, сұрақтарға жауап бергенімен, бір жүйе, толыққанды бағдарлама жоқ.

─ Саудияда отырған «уағызшылардың» қажылық парызын өтеуге барған азаматтарға қандай да бір әсері болады ма?

─ Қажылық компаниялар басшыларымен, мешіт қызметкерлерімен және қажылық сапарына барып келген бауырларымызбен кездесулер мен сұхбаттар барысында көз жеткізгеніміз: «Уахабия» ағымына тарту – умра және үлкен қажылық сапарлары барысында үрдіспен жүріп отыр.

Қажылық сапарына баруға ниет еткен азаматтардың 70 %-на дейін ислам шарттарын, парыздарын білмей, көбі сол жақта намазға тұрып, кері ағымдар туралы түсініктері болмағандықтан «сәләфия» кері ағымына түсіп келеді. Келген бетте оларды осы жақтағылар көзден таса етпей өз ықпалдарында ұстап, Құранды өздерінше тәпсірлеп, сүннет пен хадистерді де ыңғайларына қарай ұғындырып отырады.

Негізінен умра қажылығына 30 адам шығады дейді. Олар барған соң Қағбаны бір айналдырады да, Мединаға алып кетеді. Олар сонда тапсырма алады, ертіп барған адамдар өз орталарына үйіріп алып кетеді. Олар қазір қажылықтың өзіне күш салып отыр. Қажылыққа баратын адам қаржысы бар, ниеті дұрыс адам, жат ағымнан бір-ақ шығады. Олар бәрін психологиялық тұрғыдан зерттеген. Бұлардың қармағына түсетіндер — әлеуметтік жағынан аз қамтылған қазақ жастары.

Түрмеде де сәлафи ағымы белсенді жұмыс істейді

─ Істі болып түрмеге түскен жастардың дінмен оралатыны қоғамда жиі кездеседі. Істеген істеріне тәуба етіп, расымен, осылар тура жолды таңдай ма?

─ Түрмеге түсіп бостандығынан айырылғаннан кейін ол жақтың өз заңы бар екенін бәрі біледі. Ол жақта да мұсылман жамағаты бар, олар түрменің «өз заңына» бағынбайды. «Біздің мойындайтынымыз тек қана Алла, сенің заңыңа бағынбаймыз» дейді. Ол біздің бауырларға жағады. Яғни сен намаз оқысаң, артыңда арқа сүйейтін күш бар, мұсылман жамағаты бар деп біледі.

Сөйтіп, намазға жығылады. Бірақ оның үйретушісі кім? Ол жақта имам жоқ. Үйретушілер сол сәләфи ағымындағы бауырларымыз. Ол адам мысалы қалта ұрысы болып түскен адам дейік. Мысалы, Күлекбаев басында экстремизммен сотталған жоқ. Бірақ түрмеден шыққанда кім болып шықты?

─ Осындай ағымдарға адамдар иманға сусап келе ме, әлде материалдық мұқтаждықтан келе ме?

─ Жат ағымдарға адамдардың кіру себебі — кедейлік, әлеуметтік жағынан жағдайы төмендік, жұмыссыздық. Осы мәселелердің барлығы кіреді.

Бұл жат ағымдар бізге көрініп тұрған бір жағы ғана. Сәләфия ағымын «Таблиғи жамағат» ағымы секілді жауып тастасаң, ертең тағы бір ағым пайда болады. Ағым дегеніміз, қоғамды құмыра десек, ағымдар соған ағып келіп жатқан нәрсе. Сол қоғамды лайлап тұр.

Біз сол лаймен күресіп жүрміз, біз сүзгі қойып жатқан жоқпыз. Ақылға салған адам ең бірінші сүзгі қояды. Алдымен бас жағына барайық, тұма дейміз ғой, бұлақ, сол бұлақ былғанса, адам сол басына барып, алдымен соны тазартады. Сол былғанышты алып тастайды. Сонда ғана су тазарады. Ал біз мұнда лаймен арпалысып жатырмыз.

─ Баланың мектепте дұрыс білім алмауы жат ағымның жетегінде кетуіне қаншалықты әсер етеді?


─ Арнайы статистикалық мәлімет келтіре алмаймын, бірақ қоғамда мектепте дұрыс тәрбие алмаған баланың осындай ағымдарға бейім екенін байқадық. Жат ағымның жетегінде кеткендер арасында мектепте де, университетте де жақсы оқыған адамдар да бар. Кезінде ішімдік ішіп, есірткі тартып жүргендердің де балағын қысқартып, сақалын қауғадай қылып өсіріп алғанын көріп жүрміз.

Біздің «Көркем әдебиетті қаншалықты білесің? Тарихты қаншалықты білесің?» деген сұрақтарымыз бар. Кеше Тәжікстаннан келген бір кісімен сөйлестік, сөйтсек, тарихтан, әдебиеттен мүлдем хабарсыз. Мектепті ғана бітірген. Негізінен бұлардың таным көкжиегі тар. Ой-өрісі кең адам алдымен ақылға салады. Балақты қысқарту жайлы хадис қанша ғасыр бұрын айтылса, дәл солай қабылдайды. Кез келген нәрсені қалай айтты, солай істейді. Өйткені ол ақылға сала алмайды.

Ақылға салып ойланатын адам ондай ағымдардың ізінен еріп кетпейді. Мұның бәрі діни білімсіздіктен шығады. Бұған жоғары білім алмағандығы, қараңғылығы қосылады. Оның үстіне бұларда мақсат жоқ. Білімі бар бірен-саран жігіттер де кетіп жатыр.

Мысалы, бокстан шемпион, күрестен шемпион болған жігіттер бар араларында. Олар шемпиондарды «Біздің қатарымызда кім жүр, соған қара» деп көрсету үшін қосып алады. Ал шемпион не үшін, кімдерге қызмет жасап тұрғанын білмейді. Қазір уақытта «Нұр Мүбарак» университетінде «Әл-Азһарды» бітіріп келген ұстаздар дәріс беруде. Бұлардың мінез-құлқы, шәкірт тәрбиелеуге деген ынтасы керемет. Құдай қаласа, екі-үш жылда сол ұстаздардың шәкірттері бітіреді. Солар келіп қоғамды тазарта бастайды деп үміттенемін.

─ Сұхбатыңызға рақмет!


Мен «Шаңырақтан» не көрдім, не білдім?


«Шаңырақ» орталығы Алматы қаласы Дін істері басқармасы және Жергілікті полиция қызметімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Терроризммен күресетін күштік құрылымдар жат ағымда жүрген азаматтарды бірден түрмеге тоғытпай, алдымен «Шаңырақ» оңалту орталығына жібереді екен.

Жергілікті полиция қызметі күдікті деп таныған азаматты алдымен «Шаңырақ» оңалту орталығына алып келеді. Бұл жерде орталық мамандарымен кездесіп, алдымен танысу, түсінісу жұмыстары жүргізіледі. Жат ағымның жетегінде жүрген адамның «Диструктивті діни ағымға» (ДДА) жатып-жатпайтындығын анықтайтын, тікелей жұмыс істейтін де орталық мамандары бар мұнда.

«Шаңырақ» орталығы бірнеше айдың ішінде-ақ діни ағым өкілдерін анықтау шаралары барысында 174 адаммен жеке профилактикалық кездесулер өткерген. Негізінен «сәләфия» ағымына бой алдырғандарға көңіл бөлінеді. Соның ішінде Әбу Ханифа мазхабын ұстанушылар 35 адам болса, толық оңалтылғаны — 9 адам. Өз райынан қайта бастаған, теологтармен жұмыс істеуге келіскендер 99 адам болса, өз ұстанымында қалған тұлғалар — 31.

ДДА анықтау тест сұрақтары арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарында діни тақырыптардан (намаз оқу, парыз, сүннет, уәжіп, көпшілікпен дұға жасау) бастап, қазақтың салт-дәстүріне дейін (сәлем салу, беташар, той) бірнеше маңызды тақырыптар қамтылған. Орталық мамандарының күдікті деп танылған 6 адаммен жұмыс жүргізгенін сырттай бақыладым.

Бір қызығы, ДДА мүшелері, құдды біреу үйретіп қойғандай, бірауыздан өздерін «Әбу Ханифа» мәзхабына жатқызады екен. Оған себеп Орта Азияда «Әбу Ханифа» мәзхабын ұстанушылар шоғырланған. Алайда олардың «Сәләфия» ағымына деген ықыласы жоғары. Жат ағым деп санамайды.

Алғашында Дарынды тыңдаған. Кейіннен Ринат, Ділмұрат, Назратулланы тыңдаған. «Үш негізді» оқыған. Қазақстандық теологтардан хабары жоқ. Мектепте дұрыс білім алмағандарын да жасырмайды. Бүгінгі күні діни әдебиетті қоя тұрыңыз, мүлдем кітап оқымайтындарын ашық айтады. Себебі оған уақыттары жоқ. ДДА мүшелері бейіт басында құран оқымайды. Жамағатпен бірге дұға жасамайды. Туған күн тойламайды. Наурыз мерекесін тойлауға бармайды. Саудиядағы жоғары оқу орнын тарихы тереңде деп есептейді, алайда Саудияның қашан мемлекет болып қалыптасқанын білмейді. Араларында бала күнінде МАИ қызметкері болуды армандаған Н. есімді жігіт болды. Сол мақсатта ол колледжге де түскен екен. «Алайда жұмысқа тұру қиынға соқты, оны өзіңіз де білесіз ғой», — деп, қоғамдағы бір проблеманың ұшын шығарды.

Жұмыс барысында орталық мамандарымен дауласқан, сөзге тоқтамайтын Д. есімді азаматты да көрдік. «Сен менің қазағымсың ғой, қанымсың ғой, саған менің жаным ашиды. Үйге барып ойланшы!» — деген маман сөзіне, «Жаныңыз ашымай-ақ қойсын!» деп ызалы түрде жауап берген жас жігітті де көріп, ой түйіндедік. Тест барысында түрлі сәттерді бастан кешірдік. ДДА мүшелері орталықтың ұсыныстарын қабылдамайды. Теолог, дінтанушылармен кездескісі де, олардан дәріс алғысы да келмейді.

ДДА мүшесі өз көзқарасында қалған жағдайда, олармен ҰҚК айналысады. Н. есімді ДДА мүшесі «қандай жағдай болмасын билікке бағынамыз, заңды бұзбаймыз» деп отырды. Ертең мешіттерді жапқан жағдайда не істейсіңдер деп еді, «Барынша сабыр етеміз» дейді. «Ал егер сақалыңды кесіп, басыңдағы орамалыңды шеш десе, не істейсіңдер?» — деген сауалға: «Онда көреміз» деп екіұштылау жауап берді. Бұдан не түсінеміз?

Бұл жауаптардан билік пен шариғат қатар келгенде шариғатты таңдайтынын, оның экстремизмге әкелетінін айқын аңғаруға болады. Диалог барасында ДДА мүшесінің райынан қайтуына себеп болған отбасы еді. Орталық маманы оған бала-шағасының өсіп, мектепті алтынмен, ЖОО-ны қызылмен, тіпті «Болашақпен» оқып келеді. Алайда жұмысқа тұрар кезде олардан жақындарының сотталмағандығы жайлы анықтама талап ететіні, сол кезде әкесінің ДДА мүшесі болып сотталғандығы кесе-көлденең шығатындығы айтылды. Сол кезде әлгі азамат ұрпағын ойлады ма, теологтардың дәрісін алуға бірден келісімін берді.

Дінтанушыны «Бізге қарсы адам» деп, қастандық жасауы да мүмкін

ЖАТ АҒЫМДАР ТОРЫНА КІМДЕР ТҮСЕДІ?
Кеңшілік Тышхан, философия ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі

Кеңшілік Тышхан, философия ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі
Мемлекет зайырлық сипатта болғандықтан, арнайы діни бағдар бере алмайды. Білім орта білім берудегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінде де бағыт-бағдар беретін, жол нұсқайтын тақырыптар жоқ. Сондықтан осы олқылықтың орнын Ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау арқылы жастарға бағыт-бағдар беру арқылы толтыруға болады.

Яғни, жаңадан келіп жатқан ағымдар негізгі ұлттық мәдениеттен алшақтатуға тырысады. Сондықтан негізгі құндылықтық бағдарламамызды төл тарихымыздан алу керек. Жастар шоғырланған жерде теолог штаттары болуы — бүгінгі күннің талабы.

Әлеуметтік жағдайдың төмендігі экстремизмге апаратын негізгі фактор деп айтуға келмейтін шығар. Өйткені олардың қатарына қарапайым студенттен бастап, банк қызметкеріне дейін кеткендер бар. Ең алдымен радикалды ағымдардың қаржылай жақтарын қадағалау керек деп ойлаймын.

Одан кейін теріс ағымда жүрген жастарды ағым қатарынан шығарып алған жағдайда, бейімдейтін арнайы орта жоқ. Ол бұрынғы ортасын сағынып, қайта оралуы мүмкін. Бәлкім, арнайы бір орта құру керек пе, жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету керек пе, әйтеуір, басқа жолдарын ойластыру керек.

Жалпы жат ағымда жүрген жастардың позициясы бөлек. Оларға айлық алуға болмайды, банкпен жұмыс істеуге болмайды. Базар жағалап кетіп қалатыны да содан.

Ал ДДА өкілдерімен тікелей жұмыс істейтін дінтанушылардың басқа сала қызметкерлерінен артықшылығы жоқ. Дінтанушылар көбіне волонтерлік қызмет атқарады. Ал тұрақты сала бойынша мамандардың орташа айлық жалақысы 70 мың теңге шамасында. Кейде одан да төмен.

Террористік акті болған жағдайда немесе оларға арнайы қастандық ұйымдастырылған жағдайда дінтанушыға мемлекет тарапынан көмек қарастырылмаған. Дінтанушының мәртебесі құжаттамаларда жоқ. Қауіпсіздік жағы да ойластырылмаған.

Дінтанушылар ДДА өкілдерімен тікелей жұмыс жасайды, арнайы барып кездеседі, әлеуметтік желілерде ағарту жұмыстарын жүргізеді. Оларға қоқан-лоқы көрсеткен сәттері де тіркелген. Дінтанушыны «бізге қарсы адам» деп, қастандық жасауы да мүмкін. Ол ықтималдылықты ешкім жоққа шығара алмайды.

Түсіндіру, насихаттау арқылы діни экстремизмнің алдын аламыз

ЖАТ АҒЫМДАР ТОРЫНА КІМДЕР ТҮСЕДІ?


Ең алдымен діни экстремизм мен терроризмнің шығуына себеп болатын факторларды анықтау керек. Қазіргі таңда діни экстремизм жетегінде кетіп жатқан жастарымыз ғой, ең алдымен сол жастардың әлеуметтік жағдайын жасауымыз керек және діни төзімділікті үйрету керек. Жастардың қоғамнан өз орнын табуға, дұрыс мамандық таңдауына, жұмысқа орналасуына жағдай жасалса, діни экстремизмге тосқауыл болар еді. Көбінесе жұмыссыз жастар діни экстремизмге жақын келеді. Дінді понацея, барлық нәрсенің шешімі, емі деп ойлайды. Солай радикалды ағымдардың қатарынан бір-ақ шығады.

Дінтанушы ретінде студенттермен тығыз қарым-қатынас жасаймын. Мектеп бағдарламасына кіргізілген «Дінтану» пәні, университет қабырғасында «Жалпылама дінтану негіздері» пәні оқытылады. Бұл жүйе өзінің нәтижесін беріп жатыр. Бұрындары университет студенттері зайырлылық принциптерін түсінбейтін.

Қазір мектептен біліп келеді. Соған сәйкес белгілі бір деңгейде діни толеранттылық, төзімсіздікті дұрыс түсініп отырады. Осы бағытта жұмыстарды көп жүргізу керек. Зайырлылықты құндылығымыз деп насихаттау керек. Белгілі бір діни танымға басымдық бермей, заң алдында барлық дін ұстанушылар тең құқылы деген қағида өміршең болады деп ойлаймын.

Қазіргі таңда мамандар «индентификациялық зайырлылық» формасын ұсынып жүр. Мемлекет құрушы қазақ ұлтының дәстүрлі діни танымы мұсылмандық түсінік негіздері болған. Дәстүрлі мектептер: Әбу Ханифа мәзхабы, Матуриди ақидасы, сопылық таныммен астасқан Иассауи ілімін қайта насихаттау арқылы діни экстремизмнің алдын алуға болады деген пікірлер айтылып жүр. Бұған қоғам болып атсалысу керек.

Түйін: Осы күні сақалы бар қазақ мұсылмандармен дін жайында әңгімелесе қалсаң болды, наймандардың ұлы көшінде жолда туған, басында түйенің терісінен жасалған кепеші бар, мәңгүрт Жоламан елестейді.

Түйенің терісі сол бір заманда адамның миын улау үшін озық технология болуы әбден мүмкін. Бүгін түйенің терісінсіз-ақ адамның миына «қорғасын» құйылып жатыр. Дінді саяси мақсатта ұстанатын сәлафизм секілді діни топтар ұлттық бірегейлігімізді танытатын діни рәсімдерімізді, салт-дәстүрлерімізді бидғат етті.

Қазақтың рушылдығы, жершілдігі өз алдына, қазір ақидасына қарап бөліне бастады. Өзгені емес, өзіңді тәрбиелеу қиын болып тұрған заманда баланың болмысын қалыптастыру, дұрыс білім мен тәрбие беру — істің басы. Ата-ананың тәрбиесі көп қажет етілмейтін қоғамда бала тәрбиесі аса бір өзекті проблемаға айналғаны рас. Оны «Шаңырақ» орталығына «ақталу» үшін келген жат ағымның жетегінде жүрген Жоламандардан көрдік.

«Бүгінгі балалар аласа туады, өзіңмен таласа тұрады» демекші, жасынан бұрын меңгерген керексіз «білімдер жүйесі» баланың болмыс бітіміне әсер етеді. Сонда біз не істеуіміз керек? Сіз қаншалықты балаңызды өзіңіз тәрбиелеймін дегеніңізбен, сізден бұрын «тақымын қысатындар» басымырақ. Олар күшті әрі жылдам. Балаңыз тұрмақ, өзіңіз де солардың жетегінде кетіп қалуыңыз мүмкін.

Сол үшін интернеттен көргенін айнытпай көшіретін жас сана үшін жақсы, саналы саясат керек. Сондықтан дәстүрлі ислам дінінің қағидаттарын алдымен өзіңіз меңгеріп, балаңызға үйретуіңіз керек. Бала дінді өзгеден емес, отбасынан үйренгені абзал. Сонда ғана сіз балаңызды жат идеологиядан арашалап қаласыз.
Просмотров материала: 4 189

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 195 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 027 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 668 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 692 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 000 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930