1 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АҚЖАЙЫҚТА АҚЫН САҒЫНҒАЛИ СЕЙІТОВТІҢ МҮСІНІ АШЫЛДЫ

12 сентябрь 2017, 17:17
АҚЖАЙЫҚТА АҚЫН САҒЫНҒАЛИ СЕЙІТОВТІҢ МҮСІНІ АШЫЛДЫ Бүгін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына арналған шаралар барысында оның мүсіні ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аудандық кітапхана алаңында орнатылған, жалпы биіктігі 1,9 метр мүсіннің авторы - оралдық Дмитрий Баймұқашев.

«Бар өмірін әдебиетке арнаған қаламгердің жұрт жүрегінде қалғандығының бір дәлелі осы. Сағынғалидай орны ерек тұлғаны ұлықтау шаралары Алматы, Астанада өтіп жатқанымен, кіндік қаны тамған жердегі құрметтің жөні бөлек. Бұл мүсін қазақтың рухына қойылған ескерткіш десе де болады. Сол үшін Ақ Жайық жұртшылығына ризашылығымызды білдіреміз», - деді шараға Алматыдан арнайы келген ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай.

«Әкеміз қайтып келгендей, ерекше толқып тұрмын. Рухани жаңғыру, қайта түлеу деген, міне, осы», деді Дидар Сағынғалиқызы ескерткіш жамылғысын ақын Ақұштап Бақтыгереевамен бірге ашып тұрып. Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралармен «Цифрлы Қазақстан: кітапхана дамуына жаңа серпін» атты аймақтық форум тұспа-тұс келіп, оған Қазақстанның батыс өңірінен кітапханашылар қатысты.

«Кітапханашылар форумының ақындар мекені - Ақжайықта өтуі тегін емес. Қылышынан қан тамған тоталитаризмнен қаймықпаған Жұбан Молдағалиев пен сырлы да сұлу жырдың иесі Сағынғали Сейітовтің мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізуде ой ордасы, рухани отаулар - кітапханалардың алар орны ерекше. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ғылыми мақаласында көзделген мұраттарға жету жолында рухани қазынаның кілтін ұстап отырған кітапханашыларға жүктелер міндет көп», деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

Жиында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Оразаева, Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Гүлжанай Қалиева, Сақтаған Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасының директоры Несібелі Жұмағұл, төрт облыстан кітапханалардың өкілдері С.Сейітов сынды поэзия тарланбозының еңбегін насихаттауға байланысты тәжірибелерін ортаға салды.

С.Мұқанов, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, Ғ.Орманов, басқа да әдебиет алыптарымен иықтаса ғұмыр кешкен Сағынғали ағаның, мәселен, Қазақ КСР Ғылым академиясының Әдебиет секторында қарымды еңбек еткен кезінде «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очерктері» атты ұжымдық қомақты еңбектің төрт тарауын, өзіне көркемсөзде ұстаз тұтқан көрнекті қалам қайраткерлері - Ғ.Мүсірепов пен Т.Жароков туралы сыни-ғұмырнамалық очерктер жазып, Қ.Жармағамбетовпен бірге С.Мұқанов шығармашылығын безбендегені, «Қырық жылда» монографиясының негізінде ғылыми диссертация қорғағаны баяндалды.

Форум «ХХІ ғасыр кітапханасы: позитивтік өзгерістер» атты экскурсияны тамашалаумен жалғасты.

Аудан орталығындағы Жұбан Молдағалиевтың ескерткіші жанында мерейтойға арналған сағатта Жұбан Молдағалиев пен Сағынғали Сейітовтың арасындағы рухани байланыс пен терең сыйластықтың талайға үлгі болатыны айтылды. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде С.Сейітовтың тұтынған заттарынан жасақталған жеке кабинет ашылды.

Музейде қаламгердің жылдар жүзінде жарық көрген кітаптары, еңбегі үшін алған медальдары, қазақ кеңес әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін алған грамотасы, жақын жандарымен, майдангер жолдастарымен түскен фотосуреттері, сонымен қатар жеке заттары: домбырасы, қамшысы, киген киімдері және жұмыс үстелі қойылған. Айта кетейік, ақын Сағынғали Сейітовтің тырнақалды туындысы 1936 жылы облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланса, оның кейін 70 жылға жуық шығармашылық жолында елуге тарта кітабы жарық көрді. Ақынның мерейтойы одан әрі жалғасуда.
Просмотров материала: 3 167

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 458 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 083 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 578 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 635 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 998 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 773 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 136 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 756 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 830 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 018 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 659 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 893 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 533 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 148 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 717 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 656 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 056 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 416 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930