4 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

28 август 2017, 11:11
КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ? КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Жаңа кәсіпті тегін қай жерде игеруге болады және ол үшін қажетті құжаттарды қалай реттеу керек? Бұл материал осындай сұрақтар мазалайтын жастарға арналады.

2015 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы жастарға жұмысшы кәсібін игеру керектігін, бұл саладағы білікті мамандарға сұраныстың ешқашан азаймайтынын баса айтқан болатын. Ал бір істі меңгерген кәсіби мамандардың табысы мол, отбасын асырауға қауқары толық жететінін күнделікті өмірде байқап жүрміз.

Осыған байланысты 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы қолға алынған болатын. Бұл жоба жастарға алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге мүмкіндік береді.

Жоба жұмысшы біліктілігі бойынша жергілікті бюджет пен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылады.

Ең алдымен тегін білімге жұмыссыз және өзін-өзі асырап жүрген жастар мен кәсіби білімі жоқ, жұмысқа жарамды жастағы жандар қол жеткізе алады.

Достар, тегін кәсіби және техникалық білім алу барысын егжей-тегжейлі зерттеуге көп уақыт пен ресурс кететінін түсінеміз.
Сондықтан да осы бөлімге барлық пайдалы ақпараттарды жинап, сіздердің жүктеріңізді жеңілдетпекпіз. Алдымен анықтамадан бастайық.

1. КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Колледж – тәжірибемен ұштастыра отырып орта білім беретін оқу орны. Мұндағы студенттер еңбекке ерте араласып, кәсібін оқумен қатар игереді.

Жоғары оқу орындарымен салыстырғанда колледждерде жоғары білім емес, кәсіптік-техникалық білім алады. Дей тұрғанмен, түлектер тиісті дипломға қол жеткізіп, толыққанды мамандық иесі болып шығады.

Көпшілік техникалық білім жоғары біліммен салыстырғанда бәсі төмен, сұраныс аз деп ойлайды. Алайда, бұл пікірдің қате екені күнделікті өмірде дәлелденіп жүр. Керісінше, қазір бүкіл әлемде жоғары білімнен колледждегі білімге қарай бет бұру басталды.

Сонымен қатар, әлемде техникалық саладағы мамандар тапшылығы да сезіліп жатыр. Біздің мемлекетіміз әлемдік үрдістерден қалмай, тең дамуға тырысады. Жастарды жұмыспен қамту және қоғамның толыққанды мүшесі етіп баулу барысында кәсіби білімнің маңызы зор.

Бүгінде үкімет колледждерді сұранысқа ие кәсіп иелерін тәрбиелеп шығаратын ордаға айналдыру үшін бар мүмкіндікті жасап, мол қаржы қаржы бөліп отыр. Бұл жоба 192 мамандықты қамтиды. Мамандықтардың толық тізімін мына сілтеме арқылы өтіп білуге болады: http://edu.gov.kz/ru/page/grazhdanam/proekt_besplatnogo_tipo.

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары? Біздің қолда бар мәліметтер бойынша қазіргі кезде ең қажет кәсіп иелері – техника, технология, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласының мамандары болып отыр.

2. ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА КІМДЕР ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ?

Сонымен, сіз болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз делік. Жағымды жаңалық: Қазақстанның барлық азаматтары тегін білім ала алады. Жасыңызға, жұмыс өтіліңізге қарамаймыз. Біз елдегі мамандар қатары тағы бір кәсіпқоймен толыққанын қалаймыз. Біздің жобаға 361 колледж қатысады. 4 жыл ішінде 673 мың адамға кәсіби білім береміз деп жоспарлап отырмыз.

Алайда, қандай да бір колледждерде тегін білім беретін орындар шектеулі екенін айтқымыз келеді. Бұған себеп жергілікті бюджеттен қаржыландыру болып отыр. Сондықтан да бірінші болып «басымдығы жоғары» талапкерлер, содан кейін барып қалған үміткерлер оқуға қабылданатынын айтқымыз келеді. Атап айтар болсақ:

– Егер жасыңыз 29-ға толмаған болса;
– Жақында мектеп бітірсеңіз;
– Жұмыссыз болсаңыз;
– Қиын жағдайда қалып тұрсаңыз;
– Әлеуметтік жағынан осал топқа жататын болсаңыз, бірінші болып оқуға ілінуге хақыңыз бар.

Таңдаған мамандығыңыз да тегін білім алу мүмкіндігіңізді ұлғайтады. Маман дайындауда басымдық берілетін салалар: сервис және қызмет көрсету, техника, технология, ауыл шаруашылығы саласының мамандары болып отыр.

3. МОДУЛЬДІ БАҒДАРЛАМА ДЕГЕН НЕ?

Колледжге түсетін болсаңыз, модульді оқыту бағдарламасы туралы білгеніңіз дұрыс. Бұл – әлемдік тәжірибеде дәлелденген тиімді оқыту әдісі. Мұндай бағдарламалардың көмегімен оқушылар бірінші кезеңде үш бірдей кәсіпке машықтана алады.

Ал екінші кезеңде орта буын мамандығына ие болып шығады. Мысалы, электрик-механик болып шығу үшін электрослесарь мен электромонтёр кәсібін де игересіз.

4. ҚАЙ ҚАЛАЛАРДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР?

Қысқаша мәлімет берер болсақ, колледждер барлық қала, облыс орталықтары мен елдімекендерде бар.

5. ОҚУ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

Мамандық пен оқу барысына қарай бір мен үш жыл аралығында білім алуға тура келеді. Егер жалпы орта білім алмаған болсаңыз, 2 жыл 10 ай ішінде үш бірдей кәсіпке баулып шығаратын оқу бағдарламасы күтіп тұр. Ал қысқа мерзімді кәсіби білім керек болса, дайындау уақыты 1 айдан 6 айға дейін созылады.

6. ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

– Төлқұжаттың көшірмесі;
– Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
– Білімін растайтын құжат (аттестат, куәлік, диплом);
– Денсаулығы жайлы анықтама;
– Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар тобына жататынын растайтын анықтама (бар болса).

7. ШӘКІРТАҚЫ МЕН ТАМАҚ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Бағдарламаға қатысушыларға айына 16 759 теңге шәкіртақы мен күніне бір уақыт ыстық тамақ (күніне 365 теңгеге) және жеңілдікпен жол жүру (жылына 4 АЕК) қарастырылған.

8. ОҚУДАН КЕЙІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАҒЫ ҚАЛАЙ?

Сіздерді жұмыспен қамтамасыз етуге міндетті мекемелердің атауын жазып немесе еске сақтап алыңыздар. Олар:
– халықты жұмыспен қамту орталықтары;
– колледждер;
– өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Осы инстанцияларға хабарласу барысында «Еңбекпен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы туралы» заңға сүйеніңіз.
Міне, «колледж» деп аталатын үлкен де маңызды бөлімдегі айтпағымыз осы.

Кәсіптер әлеміне хош келдіңіз, құрметті оқырман!
Тегін білім алған соң сіз дипломды маман ретінде еңбек нарығына жол тартатын боласыз.

КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

КОЛЛЕДЖДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?
Просмотров материала: 3 769

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 495 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 305 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 951 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 986 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 280 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 167 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 313 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 497 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 210 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 401 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 273 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 275 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 040 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 883 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 020 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 687 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 786 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 635 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 679 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 187 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 616 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 766 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 104 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 515 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 533 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031