26 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАНДАР КҮНӘСІНЕН АРЫЛЫП ОРАЛА МА?

14 август 2017, 16:52
ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАНДАР КҮНӘСІНЕН АРЫЛЫП ОРАЛА МА? Қажылық исламдағы басты 5 парыздың біріне жатады. Қажылық сөзі араб тілінен алғанда, «құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын береді. Қажылық парызды Алла Тағала барлық мұсылманға соның ішінде қаражаты жететін адамдарға ғана міндет еткен.

Алла Тағала Құран Кәрімде «Хажы» сүресінің 26-аят : «Ибраһимді (ғ.с.) Қағбаның орнына орналастырдық» деп, Қағбаның маңыздылығын айтқан.

Ұлы Абай атамыз өз өлеңінде: «...Ораза, қажы, зекет, талассыз іс...» деп қажылықтың басты бұлжымас парыз екендігіне тоқталған. Абай атамыз өзі қасиетті Меккеге баруға кезінде уақыты мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі болмағандықтан барып тәу етіп қайтуды інісі Шәкәрімге жүктегені белгілі. Шәкірім ғұлама қажылықтан мол білім жинап оралғандығын өз еңбектерінде жазып кеткен.

Қазақ халқы қажылықты ерекше бағалап, қажыға барған адамға құрмет көрсетіп, атын атамай «қажы» деп сыйлайды. Тарихтан белгілі Құнанбай қажы, Ақыт қажы, Зуқа қажылар жол азабын тартып, Меккеге көп қиындық шегіп барып қайтқандығы айтылады.

Қажылық жайлы ислам ғұламалары да көптеген тың ойлар айтқан.

«Қажылық – судың ластықтарды тазалағанындай күнәларды тазалайды» (Табарани) деген. Және де «Арафатта уақфаға тұрып күнәларының кешірілмегенін ойлаған адам үлкен күнәға кірген болады» деп бұйырылды (Хатиб) делініп, қажылық құлшылықтың маңыздылығын зерделеді.

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды» (Байхаки). «Қажылығын орындап жаман сөз айтпаған және дұрыстықтан айрылмаған адам анасынан туған күнгідей күнәсіз болады» (Бұхари) деп, бұл амалдың өзектілігін айтқан.

Қажылық парызын өтеуді ниет еткен мұсылман мына 5 шартты толық орындау қажет:

Қажылық парызын өтеуді ниет еткен мұсылман Ислам дінінде болуы керек, яғни Алла Тағала тыйған істерден сақтанушы және бұйырған нәрселерін орындаушы – намазхан, салауатты мұсылман болмағы ләзім.
Балиғат жасына жетуі қажет;
Ақыл-есі дұрыс болуы керек;
Еркіндікте, бас бостандығы болуы тиіс;
Қажылыққа баруға күші келетін, қажылыққа барып келгенше жетерлік қаржысы және ол ақшасы адал кәсібімен табылған болуы керек.
Міне, осы шарттар қажылықтың негізгі шарттары болып табылады.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылықтың парызының жауапты, сауабы мол екендігін өз хадистерінде айтып өткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, күнәсіз кейіпке әкелетін қажылықтың ғаламаты осында болса керек.

Қажылықтың мынандай парыздары бар.

Ихрамға кіру;

Арафатта тұру;

Тауап ету.

Осылайша барша мұсылманның араманы қажылыққа барудың сауабы мен артықшылығы шексіз екендігін осындай тағылымдардан білеміз.

Қажылық туристік сапар емес, құлшылық парыз екендігін естен шығармайық.

Мирас Көкебаев,

Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданының бас имамы

Дереккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 2 715

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 948 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 618 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 116 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 530 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 435 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 469 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 791 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 446 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 509 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 702 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 777 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 420 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 660 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 401 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 798 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 273 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 357 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 840 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 136 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 181 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 419 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 808 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 106 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 181 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 555 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31