24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІЗДЕ 800 МҰҚТАР ӘУЕЗОВ ПЕН 800 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПАЙДА БОЛМАЙДЫ!

БІЗДЕ 800 МҰҚТАР ӘУЕЗОВ ПЕН 800 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПАЙДА БОЛМАЙДЫ! Есболат пен Өміржанға! Негізі қазаққа осындай талқылар керек-ақ. Сондықтан екеуіне де рахмет!

1. Бізге социалистік дәуірде қалыптасқан жазушыларды қолдау жүйесі түкке де керегі жоқ. Бұндай әлеуметтік қолдаудың құны мен бағасы бар: оны соцреализм деп атаған совет заманында. Егер бүгін сондай жүйе енгізілсе, оның да құны болады. Бұл жүйе, айналып келгенде, ақын мен жазушының ауызын буып тастап, белгілі бір тақырыптарға жолатпауға апарады.

Елдегі 800 жазушыға арнайы жағдай жасап, жалақы беруге де қарсымын. Себебі одан 800 Мұқтар Әуезов пен 800 Мағжан Жұмабаев автоматты түрде пайда болмайды. Керісінше, көптеген адамның еңбек етуге деген қажыр-қайраты мен жігерінен айырып тастаймыз. Пушкин мен Достоевский біраз ұлы шығармасын картадан ұтылған қарызын жабу үшін жазып тастағанын барша жұрт біледі. Сол сияқты үй де, жақсы жалақы да аванс емес, қажырлы еңбектің зейнеті. Ол үшін де біраз бейнетін көру керек.

Оның үстіне адам ретінде ақын мен жазушы басқа да кез-келген кәсіп иесінен еш артық емес. Егер бір топқа жағдай жасалса, басқа да топтардың барлығына дәл сондай жағдай жасап шығу қажет. Бұл - утопия!

2. Ақын-жазушыларды аймақ-аймаққа таратуға да қарсымын. Себебі қаламгерлер Алматы мен Астанаға бақ үшін ғана емес, бәсеке орта, ой ортасы үшін келеді. Шығармашылық үшін ақын-жазушылардың бір-бірімен кездесіп, пікірлесіп, тіпті төбелесіп тұрғаны өте тиімді және пайдалы.

Кейбір кездері шығармашылық адамдарын аймаққа жинау үрдісі болғаны рас. Мысалы, Атырау, Оралда. Бірақ, оның нақты мақсаты, идеясы болды. Түпкілікті мақсаты - аймақтардың әлеуетін көтеру, аймақтағы шығармашылық ортаның сапасын арттыру дегендей. Бірақ, бұл жұмыс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Имекеңдей, Қырекеңдей әкімдер бізде көп емес.

Тіпті сол кісілердің кезінде аймаққа кеткен біраз азамат соңынан қайтадан Алматы мен Астанаға оралып та үлгерді. Аймақтағы әкім сол жердегі он жазушының кітабын оқымаса, қажет етпесе, жергілікті жерде орта болмаса, ол жерге топырлатып ақын-жазушыны жинағаннан не пайда? Ертең сол әкіммен соттасып, ұрсысып жүрсе кімге пайда?

Бір ғана бағытты қолдар едім: бүгін Арқаның зиялы қауымын күшейту керек. Онда да жершілдік пен туыстық тұрғысынан емес, жалпы қазақтың белсенді азаматтарын, ақын-жазушысын Арқаға қарай баруға үгіттеп, жағдай жасауды талап етуге болады. Онда да нақты мақсат, нақты көрсеткіштер керек.

Тағы бір бағытты айтып жүрмін. 800 жазушының ішінен тілі жатық, ойы мен зедесі ашық 32 жазушыны таңдап, кезіндегі Рузвельттің жүйесімен аймақ-аймаққа 1-2 жылға жөнелту керек. Осының нәтижесінде дүниеге әр облыстың 1-2 туристік жолнұсқасы (жергілікті аңыз-әфсаналарды жинап, жақсылап жазып, тіл-тілге аударылып) дүниеге келсе құба-құп.

3. Есболат айтқан жүйе нарықтық принциптерге қайшы. Бізге кітап индустриясын (жазушы-агент-баспа-маркетинг-сауда-насихат-оқырман) жасақтап шығу керек. Егер оңды индустрия жасақталса, бұл жүйеде озық, сөзі мен қаламы өткір тұлғалар жарып шығады.

Бізге жаңа кітап модасын, кітап оқу мәдениетін жасақтау керек. Жылына мектепті 100 мың қазақ баласы аяқтап жатады. Солардың кемі 20 мыңы көркем әдебиетті іздейтін потенциалды оқырман. Жыл сайын мектеп табалдырығын 100 мың қазақ баласы аттайды. Бұлардың барлығы дерлік өзіндік қажетілігі бар, өзіндік талғамы мен мұраты бар потенциалды оқырман.

Міне осыларды кітап оқитын, талғамы бар, өресі бар оқырман жасауымыз ұлт дәрежесіндегі майдан мен жұмыс болуы керек. Егер осындай оқырман орта болса,ешқандай мемлекеттік бағдарламаның не басқаның қажеті де жоқ.

Егер осындай оқырман орта пайда болатын болса, арасынан эсттеттік топтар да шығады. Олар өз талғамына сай белгілі бір ақын-жазушыларға сұраныс тудыра да алады, өмірлік қажеттіліктерін де өтей алады.

Өзім талай жазушымен доспын, жолдаспын, біразын танимын, арасында аштан өліп (құдай сақтасын) жатқан адам көрмедім. Өмірдің қиыншылығына келсек, оны бәрі де көргені жақсы. Бәріміз де үйсіз жүрген кез болды. Жалақымыз жетпей, талай қарыз алған күндер де болды. Есі дұрыс адамды бұндай жағдай шынықтырады, өмірлік тәжірибе береді, еңбектенуге машықтайды.

Сосын тағы бірнеше ойым бар, реті келгенде жазып тастармын.

Айдос Сарым, саясаттанушы
Автор: Айдос Сарым - БІЗДЕ 800 МҰҚТАР ӘУЕЗОВ ПЕН 800 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПАЙДА БОЛМАЙДЫ!
Просмотров материала: 2 228

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 460 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 291 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 932 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 955 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 264 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 921 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 064 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 444 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930