6 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САҒАДИЕВ ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

27 июль 2017, 10:36
САҒАДИЕВ ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛДЫ Cаясаткер Мұхтар Тайжан Білім және ғылым министрі Ерлан Сагадиевтің отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жұртты қол қоюға жəне репост жасауға шақырды. Сонымен…

Үш тұғырлы тіл деген пəле тоқтатылсын, ежелгі қазақ тарихы жоғары оқулықтарға қайтарылсын, бірінші сыныпта оқитын балаларға Əліппе оқытылсын, ал министр Сағадиев отставкаға кетсін.

«Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!

Сіз Үкіметке тапсырма жүктегенде үнемі атқарушы билік жұмысының ашықтығын талап етіп келесіз. Ашықтық мәселесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да басымдыққа ие болды. Сіз жабықтығы мен қолға алынған реформаларды халықпен бірге талқылауға құлықсыздығы салдарынан түсіндіру жұмыстарын ақсатып алған, сөйтіп жағдайды үлкен дағдарысқа апарып тіреген Үкімет мүшелеріне бірнеше рет лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жазалар қолдандыңыз.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызда Сіз бәсекеге қабілеттілікті, білімнің салтанат құруын, мәдени біртектілікті негізгі басымдықтардың қатарында атаған болатынсыз. Бұл Сіздің елдің білім жүйесінің сапасына, азаматтардың өз тарихын терең білуіне, өскелең ұрпақты білімқұмарлыққа тәрбиелеуге қаншалықты жоғары мән беретініңіздің айқын дәлелі.

Білім саласының ел болашағы алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, Сіз бірнеше рет аталған саладағы реформаларды асқан сақтықпен, жан-жақты ойластырып жүргізуді, асығыстық пен науқаншылдыққа жол бермеуді талап еттіңіз.
Алайда, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін реформалау жөніндегі бастамалары қоғамда негізді қорқыныш туғызып отыр. Білікті мамандардың жеткіліксіздігі жағдайында жалпы білім беретін орта мектептерге терең ойластырылмаған, іске асуы күмәнді үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу орта білім беру сапасын өте төмен деңгейге құлдыратып жібереді. Онымен қоса, ешкім аталған стрестен білім алуға деген құштарлығы өшетін балалардың моральдық-психологиялық жағдайын есепке алып отырған жоқ. Осылайша Сіз анықтап берген «Білімнің салтанат құруына» қатер төнуде.

Министр Сағадиев жоғары білім беру саласында Қазақстан тарихы курстарын алып тастап, аталған пәнді ғылым ретінде жойып, оны ел тарихының бетін ғана қалқыған, тек ХХ ғасырдан басталатын мектеп курсымен шектемекші. Бұл мәдени біртектілікті сақтау мен рухани жаңғыру мүддесіне қаншалықты сай келетінін айту қиын.

Жоғары білімнен кейінгі білім беру саласында да күмәнді реформаларды көріп отырмыз. Білім министрлігінің бірнеше миллиардтық ғылыми жобалар мен зерттеулерді түрлі еншілес құрылымдар арқылы қаржыландыруынан туған күмәнді шығындар туралы отандық БАҚ-та талай рет мәселе көтерілді.
Сонымен қатар, реформалардың ашықтығы мен халыққа түсіндірілуі жөніндегі Сіздің тапсырмаңызды елемей, министр Сағадиев түсіндіру жұмысынан, оның ішінде телевизиялық пікір-сайыс түріндегі түсіндіру шараларынан үзілді-кесілді бас тартуда.

Алайда, денсаулық сақтау министрі Біртановтің телевизиялық пікір-сайысқа шығуы талқылаудың дәл осы формасының қоғамдағы отандық медицина саласындағы реформаға қатысты кері резонансты басуда жоғары тиімділігін көрсетті.

Осы баяндалғандарды ескере отырып, министр Сағадиевтің қызметі қоғамдық тұрақтылыққа зиянды және қауіпті, коррупциялық қатері жоғары деп санаймыз. Осыған байланысты оны қызметіне лайықсыздығы және қоғам сенімін жоғалтуына байланысты Білім және ғылым министрі лауазымынан босатуыңызды, сондай-ақ құқыққорғау органдарына түрлі жарияланымдарда көрсетілген қаржы жымқыру фактілерін тексеру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.»

Қол қойғандар:

1. Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан қорының президенті, э.ғ.к.

Дереккөз: Dalanews.kz
Просмотров материала: 1 777

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 833 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 646 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 614 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 554 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 546 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 570 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 318 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 348 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 843 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 993 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 363 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 513 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 340 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 489 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 268 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 847 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031