8 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САҒАДИЕВ ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

27 июль 2017, 9:40
САҒАДИЕВ ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛДЫ Cаясаткер Мұхтар Тайжан Білім және ғылым министрі Ерлан Сагадиевтің отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жұртты қол қоюға жəне репост жасауға шақырды. Сонымен…

Үш тұғырлы тіл деген пəле тоқтатылсын, ежелгі қазақ тарихы жоғары оқулықтарға қайтарылсын, бірінші сыныпта оқитын балаларға Əліппе оқытылсын, ал министр Сағадиев отставкаға кетсін.

«Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!

Сіз Үкіметке тапсырма жүктегенде үнемі атқарушы билік жұмысының ашықтығын талап етіп келесіз. Ашықтық мәселесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да басымдыққа ие болды. Сіз жабықтығы мен қолға алынған реформаларды халықпен бірге талқылауға құлықсыздығы салдарынан түсіндіру жұмыстарын ақсатып алған, сөйтіп жағдайды үлкен дағдарысқа апарып тіреген Үкімет мүшелеріне бірнеше рет лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жазалар қолдандыңыз.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызда Сіз бәсекеге қабілеттілікті, білімнің салтанат құруын, мәдени біртектілікті негізгі басымдықтардың қатарында атаған болатынсыз. Бұл Сіздің елдің білім жүйесінің сапасына, азаматтардың өз тарихын терең білуіне, өскелең ұрпақты білімқұмарлыққа тәрбиелеуге қаншалықты жоғары мән беретініңіздің айқын дәлелі.

Білім саласының ел болашағы алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, Сіз бірнеше рет аталған саладағы реформаларды асқан сақтықпен, жан-жақты ойластырып жүргізуді, асығыстық пен науқаншылдыққа жол бермеуді талап еттіңіз.
Алайда, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін реформалау жөніндегі бастамалары қоғамда негізді қорқыныш туғызып отыр. Білікті мамандардың жеткіліксіздігі жағдайында жалпы білім беретін орта мектептерге терең ойластырылмаған, іске асуы күмәнді үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу орта білім беру сапасын өте төмен деңгейге құлдыратып жібереді. Онымен қоса, ешкім аталған стрестен білім алуға деген құштарлығы өшетін балалардың моральдық-психологиялық жағдайын есепке алып отырған жоқ. Осылайша Сіз анықтап берген «Білімнің салтанат құруына» қатер төнуде.

Министр Сағадиев жоғары білім беру саласында Қазақстан тарихы курстарын алып тастап, аталған пәнді ғылым ретінде жойып, оны ел тарихының бетін ғана қалқыған, тек ХХ ғасырдан басталатын мектеп курсымен шектемекші. Бұл мәдени біртектілікті сақтау мен рухани жаңғыру мүддесіне қаншалықты сай келетінін айту қиын.

Жоғары білімнен кейінгі білім беру саласында да күмәнді реформаларды көріп отырмыз. Білім министрлігінің бірнеше миллиардтық ғылыми жобалар мен зерттеулерді түрлі еншілес құрылымдар арқылы қаржыландыруынан туған күмәнді шығындар туралы отандық БАҚ-та талай рет мәселе көтерілді.
Сонымен қатар, реформалардың ашықтығы мен халыққа түсіндірілуі жөніндегі Сіздің тапсырмаңызды елемей, министр Сағадиев түсіндіру жұмысынан, оның ішінде телевизиялық пікір-сайыс түріндегі түсіндіру шараларынан үзілді-кесілді бас тартуда.

Алайда, денсаулық сақтау министрі Біртановтің телевизиялық пікір-сайысқа шығуы талқылаудың дәл осы формасының қоғамдағы отандық медицина саласындағы реформаға қатысты кері резонансты басуда жоғары тиімділігін көрсетті.

Осы баяндалғандарды ескере отырып, министр Сағадиевтің қызметі қоғамдық тұрақтылыққа зиянды және қауіпті, коррупциялық қатері жоғары деп санаймыз. Осыған байланысты оны қызметіне лайықсыздығы және қоғам сенімін жоғалтуына байланысты Білім және ғылым министрі лауазымынан босатуыңызды, сондай-ақ құқыққорғау органдарына түрлі жарияланымдарда көрсетілген қаржы жымқыру фактілерін тексеру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.»

Қол қойғандар:

1. Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан қорының президенті, э.ғ.к.

Дереккөз: Dalanews.kz
Просмотров материала: 1 956

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 840 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 388 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 943 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 991 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 326 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 046 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 157 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 428 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 889 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 361 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 298 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 526 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 345 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 181 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 520 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 424 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 114 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 519 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 272 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 223 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 060 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 895 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 182 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 118 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 618 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 295 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 937 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 202 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 572 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 960 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 908 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 979 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 941 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 156 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 303 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031