Бірден айтып кетейін – мен бұрыннан Қазақстанда органдардың трансплантациясының дамуын қолдаймын. Бірақ ол ешкімнің күмәнін тудырмайтындай заңды – ашық түрде жүзеге асыру керек. Органдардың транплантациясының мұқтаж адамға қандай пайда әкелетінін басқа адамдар түсінсе керемет болар еді. Сондықтан медицина саласының қызметкерлері жекелеген жағдайларда, шешім қабылдауға келгенде мұқият болғаны абзал.
Осы жерде қай жаққа болсын зияным тимесін деген принцип - басты мақсат. Ақтөбедегі қайғылы оқиғада өлген азаматтың туысқандары өздерінің бауырларының дене мүшелерінің алып тасталғанын тек қана моргте білген және де ол кездейсоқ анықталған. Оларды ешкім туысының өлгені және оның органдарын пайдаланатыны туралы хабарлап айтпаған, тіпті алынған органдың тізімі жазылған құжатты көрсетпеген.
Осындай көз жасын тие алмай жүрген туысқандарджан жасырын жасалған тіршіліктен кейін Қазақстандағы донорлық және өлімнен кейінгі трансплантацияның заңды , медициналық этикаға сай екендігі қоғамда елеулі күмәнін тудыратының анық. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өлімнен кейінгі донорлыққа сенімсіздіктің жағдайын тудырғаны үшін өздері кінәлі.
Мен де, менің отандастарымның көбісі де дәрігер емес. Бірақ біз, осы саланың мамандары болмасақта, медицина саласының қандай жағдайларда өлімнен кейінгі донорлыққа құқылы екендігін, келісуге және келіспеуге болатынын, қандай заңды процедуралардың жүзеге асатыны, оның қалай тіркелетіндігі туралы анық білуіміз қажет. Осы мәселені талқылап, заңға сәйкестігін анықтап көрейікші.
Әлемде ең көп тараған донорлықтың түрі – өлі адамның органдары алу. Қазіргі таңда әлемде өлі адамнан органдарын алу келісу немесе келіспеу туралы презумпциясы негіздерінде жүзеге асады.
Көптеген елдерде "алдын ала келіспеу презумпциясы" бар – ол адамның бастапқыдан өз органдары алуға рұқсат бермейді, яғни егер ол адам транплантацияға тірі кезінде өзі келіскен жағдайда ғана бекітілген формада өзінің келісімін білдіру қажет. Мысалы Америка Құрама Штаттары, ол жақта донор өзінің тірі кезінде міндетті әрі ерікті түрде келісім беру туралы құжатты жасақтайды. Келіспеу презумпциясы Бразилия, Польша, Қытай, Германия, Италия, Франция секілді елдерде бекітілген.
ТЕК КЕЛІСІМ БОЛСА ҒАНА, ОНЫ ДОНОР РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ.
Оған қарама қарсы "алдын ала келісім презумпциясының" принципі – ол адам бастапқыдан биологиялық өлімінен кейін органдарын донорлыққа алуға өзінен алдын ала тірі кезінде рұқсат алу қажеті жоқ деп танылады. Мұндай жағдайда, егер өлген адамның туысқандары өздерінің келісімін бермеуі туралы айтпаса, өлі адамның органдарын ала береді. Аталған принцип барлық елдерге тән емес. Еуропадағы Чехия, Венгрия, Испания, Австрия секілді елдерде бар.
Қазақстанда осы принципті ұстанады.
Негізінде "алдын ала келісу презумпциясы" принциптері - бұл тек қана жалпы атауы ғана, әр елде әртүрлі құқықтық нормалармен жүзеге асырады.
Мысалы, бізде Қазақстанда да осы негізге алынған.
Бірақ бұл қайтыс болған адамнан органдарын ала беруге болады деген емес. Ол өте қатаң түрде нақты талаптармен реттеледі. Медицина қызметкерлері осының негізінде жасақталған кодекс, заң және ережелеріндегі барлық процедураларды қатаң ұстануды МІНДЕТТІ.
1) Әрбір азамат өзінің өлімінен кейін донор болудан бас тартуға құқылы. Себептері әртүрлі болуы мүмкін, бұл оның тірі кезінде жеке шешімі болып табылады.
2) Науқастың қайтыс болған жағдайында. Бұл кезде науқастың бас ми өлімі тіркелген кезде басқа органдары өмірін сақтайтын аппараттың көмегімен қосылып тұрса ғана донорлыққа пайдалануға болады. Осындай факт тіркелген кезден бастап 1 сағаттың ішінде туысқандарына хабарлау міндеттелген. Бұның барлығы өлімнен кейінгі донорлық туралы шешім қабылданғанға дейін іске асырылуы тиіс процесс.
3) Науқастың өлімі туралы туысқандары хабарланғаннан кейін донорлық туралы мүмкіндіктің шешімі қабылданады. Бұл өте маңызды заңды және этикалық кезең. Туысқандары өзінің жақының өлімі біреуге органдарының қажеттілігі салдарынан туындамағанына сенімді болуы керек.
4) Мүмкін болған донорлық туралы шешім қабылданғаннан кейін медицина қызметкерлері туысқандарына хабарлауға міндетті. Олардан науқастың өмірі кезінде донорлықтан бас тарту фактісі болмағандығына көз жеткізеді. Біздің заңда нақты бекітілген келісім бермеу формасы болмағандықтан бұл өте дұрыс процесс, өмірінде ол адам басқа жолдарын пайдалана отырып келісім бермеуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын, келісу презумпциясы бар елдерде заңды және этикалық мәселелерді болдырмауы үшін туысқандарының келісімін алуға тырысады.
5) Егерде туысқандары 6 сағат ішінде байланысқа шықпаса, дәрігерлер органдарды ала беруіне құқылы.
Яғни келісу презумпциясы принципі бойынша органдарды алғанға дейін дәрігерлер туысқандарымен 2 рет сөйлесуі қажет. Көріп отырғанымыздай Ақтөбедегі жағдайда бұл процесс жасалмаған.
6) Егер органдар донор ретінде пайдаланылған жағдайда міндетті түрде науқастың аурулары туралы кітапшасына жазба ретінде қалдырылуы керек. Мұндай жағдайда туыстары органдардың алуы туралы расталған құжатқа рұқсаты болады.
Ақтөбедегі жағдайда туыстары өлі адамның денесін моргтен алуға келгенде органдардың трансплантация жасалғандығы туралы кездейсоқ жағдайда ғана білген.
Байқағанымыздай «Келісу презумпциясы» принципі әлемде міндетті әрі негізгі заңды норма емес. Бұл барлық этикалық және заңды мәселелерден туындаған қателіктердің алдын алады деу емес.
Қандай қауптер бар?
1) Басты қауіп – мүмкін болатын дәрігерлік қателіктер. Біздің Қазақстанда мұндай жағдай сирек емес. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігер қолынан келгеніннің бәрін істегендігі жөнінде кім кепіл болады? Әсіресе егерде ол потенциалды донор болса.
Егерде туыстары науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігер бар мүмкіндікті жасамады деп күдіктенсе, олар өлімнен кейінгі донорлыққа қарсы болуға моральды тұрғыда қарсы болуға құқықты.
2) Органдарды донорлыққа алдық деген сылтаумен дәрігерлік қателіктерді жасыру қаупі бар. Органдар өлі денеде жоқ болса қателер жайлы дәлелде жоқ. Мүмкін олардың органдармен әртүрлі айлалы әрекет жасауы өлімге әкелген болса ше? Егерде азаматтар өздерінің өлі туыстарының органдарын алғандығы жөнінде кездейсоқ білетін болса, жоғарыда аталғандай болмағандығы жөнінде адамдарға қалай түсіндіруге болады.
3) Басты проблема, өлімнен кейінгі донорлық – негізгі медицинада көрсетілген өлімнен кейін туындамайды. Донорға жарамды дейтін науқаста тек қана миы өледі. Өмірін сақтайтын аппаратпен қалған денесі тірі жағдайда болады. Мысалы, кейбір елдерде ми қабатының өлімі тіркелген науқасқа органдарын алу үшін жиі анестезия жасайтындығы туралы БАҚ-тарда материалдар бар.
4) Үлкен күдік - осы саладағы коррупция. Органдарды сатудың көлеңкелі нарығы тағы бір проблема. Өкінішке орай, мұндай фактілер Қазақстанда да бар. Мұның ішінде қайғылы оқиғаларда кездеседі. Сондықтан қоғамда қазақстандықтардың органдары басқа елдерде сатылуы үшін тасымалдауы мүмкіндігі туралы негізсіз емес күдік туындайды. Келісіңіздерші – бұл мүлдем басқа жағдай. Ешбір адам өзінің өлімінен кейін органдарының сату-сатып алу объектісі болғанына келіспейді.
5) Қазақстанда донорлық мәселесінің айналысында көптеген даулар туындауда. Көптеген адамдар көлеңкелі нарықтың бар екендігін мойындайды, тіпті көбінесе мұны дәрігерлердің өздері ұйымдастырады. Ота жасаудың кезектілігі мен трансплантациялауға арналған органдардың қолжетімділігі жүйесінің ашық еместігі осындай жағдайдың туындауының себептерінің бірі.
6) Келісу презумпциясы принциптерін енгізу кезде осы саланың басшылары уәде етілген донорлықтан бас тарту туралы онлайн тіркеу ресми дерекет жинағы бізде жасалған жоқ. Осы процедураны әдейі күрделендіріп отырған жоқ па? Неге азаматтардың жеке құжаттарын алу барысында органдарын транплантация жасауға келісуі немесе келіспеуі туралы сұрамайды? Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе Электронды үкімет арқылы жеңілдетіп қызмет көрсету қиын ба? Осыған министрлік бірнеше рет айтқан жоқпа еді. Азаматтың бас тарту құқығы бола тұра мұндай қызметті тіркей алмаса – біз оның құқықтарын бұзудамыз.
7) Сонымен қатар діни көзқарастар бар. Діни ұйымдармен жұмыстар қалай жүргізілуде? Менің түсінуімше, исламда бұл мәселеге бірқалыпты қабылданбайды. Адамдарға түсіндіру үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Тұрғындар қазіргі кезде өте сауатты және бұлдан әрі қоғамнан жасырып шаруаларын бітіру өте қиын болады.
Байқаныңыздай көп сұрақтар туындайды.
Медицина қызметкерлерінің жалпылама "келісу презумпциясы" принциптеріне сүйенуі дұрыс емес. Бұл тек ортақ атаумен белгіленген тұжырымдама ғана. Барлық мәселе оны дұрыс жүзеге асыруға байланысты туып отыр. Ақтөбедегі жағдайда көптеген мәселелер мен олқылықтарды анықтап берді. Сондықтан қоғаммен ашық ақылдасу өте дұрыс шешім болар еді. Қажет болғанда жағдайда заңдар мен ережелерге өзгерістер енгізу керек.
Егерде қоғам "келісу презумпциясы" принциптарына дайын болмаса, барлық мәселелерді шешіп, көпшіліктің сенімінен шыққанға дейін мүмкін "келіспеу презумпуиясына" көшерміз. Сайып келгенде екеуі де бірдей екендігі факт. Бірақ көптеген тұрғындары мұндай заң нормаларының және таңдау құқығының бар екендігінің білмейтін біздің елде қандай қолдау күтеміз.
Ақтөбедегі жағдайдан кейін медицина саласы өкілдерінің қоғаммен тең дәрежеде диалог құруға қауқарлы еместігі – ең үлкен қателік. Әрбір ескертулер мен күмәнді тіке ашумен қабылдап, күмән келтіргендерді елде трансплантологияға қарсылардың қатарына бірден қоса салады. Және де трансплантологияның қажеттілігі жөнінде әңгімеге ауыстыра қояды. Әрине қажет. Қаншама адамдар құтқарылды.
Бірақ қоғамның сенімін қалыптастыру деген негізгі мақсат бар ғой. Ең алдымен, Ақтөбеде жасалған көрініп тұрған қателіктерді мойындау қажет. Егерде кішкентай болса да құқық бұзушылық дәлелденсе кінәлілерді жазалау керек, солардың әрекеті қаншама азаматтардың медицина саласына деген сенімсіздігін тудырды.
Қазір барлық ресми тұлғалар тек қана теория туралы айтуда, тіпті әр процедураны тиянақты түсіндіруге тырыспайды. Бұл деген өте маңызды. Транплантология тек қоғамның оған сенімі болған жағдайда ғана дамиды. Жай қарапайым сөздермен түсіндіру қажет. Неге қоғамдық комиссия құрмасқа, оның құрамына әртүрлі саланың мамандарымен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдерінде енгізу керек.
Мұның барлығын ашық әрі шын бейнесін көрсеткен абзал. Сонда ғана сенеді. Көпшілік тек сол кезде қолдайды.
P.S. Ақтөбедегі жағдайда өлген азаматтың туыстары қайғыларына түсіністікпен қарауларын сұрайды.
Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері
Автор: Мұрат Әбенов -
Просмотров материала: 3 985