25 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕНІҢ ЖАҚИЯНОВТАР ӘУЛЕТІ АЛДЫНДА АРЫМ ТАЗА, - Ә.ҚОСАНОВ

МЕНІҢ ЖАҚИЯНОВТАР ӘУЛЕТІ АЛДЫНДА АРЫМ ТАЗА, - Ә.ҚОСАНОВ Жұмаш Кенебайдың Фейсбуктегі парақшасында Ғаббас Қабышев ақсақалдың «Марқұм ХАМАҢНЫҢ ҚЫЗЫ - ГҮЛЖАН ЕРҒАЛИЕВА, оны қолдап отырған Әміржан Қосанов және ЖАҚИЯНОВТАР...» атты ашық хаты жарияланыпты. Оны Гүлжан өз парақшасына салып қойыпты (хаттың толық мәтінін іздеген адамдар содан оқып алар).

Ол дау туралы ел біршама хабардар. Жақияновтарға қатысты позициясын Гүлжан өз парақшасында айтыпты. Менің ол дауға қатысым жоқ, бірақ «алған ақшаны қайтару керек", - деп соттың кезінде және жақында, әлеуметтік желіде Гүлжанды ұжымдық түрде қаралай бастағанда жазғаным рас.
Сол хатта өзінің Фейсбугы жоқ Ғаббас ақсақалға « бір қаламдас інісі оңашада» біраз нәрсе айтыпты (ол адамның аты аталмайды). Сол тұста менің де атым аталыпты.

Цитата келтірейін:

«...Мысалы, Әміржан Қосановты білесіз ғой, сол фейсбугінде Гүлжан Ерғалиеваны бірыңғай мақтап, жақияновтарды даттап жазып жүр. Меніңше, ол өйтетіні өзіне жараспайтынын ойламайды, Ерғалиеваны жақтай беруге міндетті сияқты. Сонда Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновтар оған нендей жаманшылық жасады екен? Кеше ғана Ғалымжанды биліктің қиянатынан қорғасқан еді, енді бүгін биліктің сойылын соға бастағаны ма, аға, ол қалай?» деді» - деп ағамыз жазыпты.
Оппозицияда талай жыл жүргендегі бір мақсатым – атымды таза сақтап қалу. Сондықтан, ол хат жарияланған екен, мен жауап берейін.

Мен «Ерғалиеваны бірыңғай мақтап, жақияновтарды даттап жазған» қазақ емеспін.

Гүлжан мен Жақияновтың қазақ елінің демократиясына сіңірген еңбегіне ешқашан шәк келтірген жоқпын. Екеуі де көрмегенді көрді: саяси репрессияның нағыз құрбандары. Екеуінің де соттарында елмен бірге болып, оларды ашық қорғап, қолдап жүрген бір қазақпын. Сенбесеңіздер, Интернеттен қараңыздар. Сол сияқты кезінде Қажыгелдиннің де, Бапидың да, Әблязовтың да, Дувановтың да соттарында оларды қорғап жүргенбіз. Жаңаөзен мұнайшыларының де соттарынан қалмадық.

Ол жағынан менің Жақияновтар әулеті алдында арым таза.

Реті келгесін ғана айтайын: мен өзім ұрылып, соғылып, қылмыстық іс бойныша сотталып жатқанда Жақияновтар мен Әблязовтар мені қорғап шыққан жоқ. Бірақ мен оған ренжімеймін. Жігіттердің өз ойы болған шығар.

Аноним сыбырлаушы ақсақалға мен туралы: «Ерғалиеваны жақтай беруге міндетті сияқты» деп айтыпты. Бұл сөзде «оған бірнәрсе беріп қойған шығар» деген бір пасық болжам жатыр. Гүлжан маған бір тиын бермепті. Мен де одан сұрамаппын.

Мен тек қана «алған ақшаны кез келген адам қайтаруы керек» деген сөзді ғана айттым. Қазір де соны қайталаймын.

Хатта жазылыпты, сосын айтайын: Ғалымжан мен Қарлығаш маған ешқандай жамандық жасаған жоқ. Жақсылық та жасаған жоқ, олай жасауға олар міндетті де емес. Сондықтан менің олармен саяси конфликтім ешқашан болмаған. Бір ұйымда болған жоқпыз. Әркім өз жолымен жүрді, қазір де солай дербес жүріп келеміз. Оның азамат ретінде елге оралып, аман жүргеніне мен барша жұрт секілді тілектеспін.

Мен туралы тағы да:«Биліктің сойылын соға бастағаны ма?», - депті аноним.

Осы жылдар ішінде ешқашан да биліктің сойылын соққан емеспін. «Жақияновты жаманда» деп маған ешкім – билік болсын, Ерғалиева болсын – айтқан жоқ.

«Ақшаны қайтарсын» дегенім – менің азаматтық позициям. Ертең басқа бір оппозиционер біреудің ақшасын алып, қайтармаса, бет-жүзіне қарамай, оған да солай айтамын. Мәселен, Ерғалиева біреуден қарыз алып, қайтармаса, оған осы сөздерді қайталаймын!

Сөз соңында айтарым мынау: егер де Жұмаш Кенебай осы ашық хатты жарияламағанда мен осындай жауап жазбас едім. Тек Ғаббас ақсақалға белгісіз біреудің мен туралы дақпырт сөзінен басымды арашалап алу үшін ғана жазып отырмын.

Онсыз да ырду-дырду боп кеткен оппозицияның одан сайын айтыса түсуін қаламаймын.

Әзірше осы!

PS. Жұмаш мырза! Ғаббас аға өзі менімен хабарласпай хатты Сізге жариялатыпты. Осы хатымды ол кісіге жеткізерсіз...

Әміржан Қосанов, саясаткер

Facebook
Автор: Әміржан Қосанов - МЕНІҢ ЖАҚИЯНОВТАР ӘУЛЕТІ АЛДЫНДА АРЫМ ТАЗА, - Ә.ҚОСАНОВ
Просмотров материала: 2 726

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 155 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 986 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 609 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 657 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 945 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 138 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 276 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 501 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 535 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 699 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 409 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 889 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 366 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 217 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 037 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 235 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 310 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 369 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 090 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 104 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 937 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 770 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 034 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 490 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 957 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 807 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 084 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 413 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 824 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 780 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 782 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 009 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 155 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031