25 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«5 адам өлмесе, шығын төленбейді»: Кегендегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр ма

11 июль 2022, 15:35
«5 адам өлмесе, шығын төленбейді»: Кегендегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр ма
Үш апта бұрын Алматы облысы Кеген ауданы Түменбай ауылында нөсер жаңбырдың салдарынан үйін су басып қалған Бақтияр Рақымжан «әкімдік бізді алдауға көшті» дейді. Жыл сайын қайталатын апаттың алдын алуға жергілікті билік құлықсыз деп отыр. Оның айтуынша, шығынды комиссия мен әкімнің өзі келіп есептеп кетсе де, көмектесуге асықпайды. Azattyq Ruhy тілшісі зардап шеккен тұрғынның үйіне барып, қазіргі жағдайын көріп келді.

«Осыдан бір жыл бұрын үйімді тура осылай су басқан. Сол кезде бұл табиғи апат деген әкімдікке, жарайды үйдің шығынының бәрін өзім көтеремін дедім. Бірақ бізге жақсылап арық салып беріңіздер, су ары қарай кетуі керек деп келіскенбіз. Сол кезде Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов те, өзге әкімдер де, арнайы комиссия да болды. іЖақсы, тоғандарыңызды салып береміз, қатырамызі деп уәде берген. Кейін кішкентай ғана бір тоған жасай салған. Оны су оп-оңай шайып кететіні көрініп-ақ тұр. Бұл болмайды ғой деп те ескерттік. Былтырғы селден кейін үйімді қайта жөндеп алуыма 4,5 миллион теңге ақша жұмсадым. Енді бәрін аяқтап біткенімде, үш күннен кейін қайта үйімді. қорамды су басты. Енді осы жолғы шығынды Үкіметтің өзі есептеді. Өздері 7 миллион 800 мың теңге шығын болды деп шығарып берді», - дейді Түменбай ауылының тұрғыны Бақтияр Рақымбек.



Қазір үйін қайта жөндетуге 11 миллион теңге жұмсаған Бақтияр Рақымбек жұмыстың 40 пайызын өзі істеп қойған. «Тездетіп қалпына келтірмесем, қыркүйекте от жағуымыз керек, бұл аймақта күн ерте суытады» дейді. Ал сыз үйде тұра алмаған 72 жастағы анасы мен екі баласы туыстарының үйін паналап жүр.

«Әкімдік 3 есік, аурухананың кафелін алып келіп қойды, 10 қап сылаққа қажетті құрылыс материалын әкелді. Болды. Өзім үш есе қымбат материалдарды әкеліп жасатып жатырмын. Негізі, менен басқа көршілерімнің де үйіне, ұрасына су кірген. Оны әкімдіктің өзі де көрді. Көршілер өздері тазалап алды. Бірақ мен сияқты қатты шығын болмады. Апат болған күні өзіміз судың ішінен әрең дегенде 20 минутта шыққанымыз сол еді, төтенше жағдай бөлімшесінің мамадары келді де, бір қағаз берді. Бұл не деп сұрағанымда, «5 адам өлген жоқ, сіздерге көмек болмайды» деп айтып тұр. Ақыры сол кезде ғана шығынды өтейтін болса, онда мен үйімді, отбасымды өртеп жіберейін деп айттым. Сөйтсем, «өзің біл» деп тұр. Айтарға сөзім жоқ. Біздің ауданда қыркүйекте от жағуды бастауымыз керек. Бір ғана ай қалды. Мен Кеген ауданы әкімдігін сотқа беремін. Қажет болса, Ақордаға дейін барамын. Әкімдік соңғы рет 185 мың теңге жинап қойдық деді. Негізі таудан аққан су бұрын үлкен тоғанға келіп құятын. 2018 жылы оның орнына емхана салып тастады. Содан бері қауіп арта түсті. Жаңбыр жауса қорқып отырамыз», - дейді Бақтияр Рақымбек.



Кеген ауданының әкімдігі зардап шеккен тұрғынға көмек келісілгендей көрсетіліп жатыр деді.

«Ол кісіге көмек беріліп жатыр. Керек деген құрылыс материалдарын апарып беріп жатырмыз. Бүгінге кафель деді, кафель апарып бердік. Ертең «леонардо» дейді, арғы күні линолеум дейді. Мысалы, бүгінге газ керек деді. Оны да апарып береміз. Ас үй жиһазы 10 күнде дайын болады. Басында солай келіскенбіз. Бұл көмектің бәрі демеушілер тарапынан болып жатыр. Заң бойынша адам шығыны болмаса көмек көрсетілмейтінін төтенше жағдайлар бөлімшесінің мамандары да айтып түсіндірді. Бұл кісінің көршісінің ұрасына, времянкасына да су кіргені рас. Бірақ судың бәрін сорып шығарып бердік. Былтырғы селден кейін тоған жасалған. Биыл тереңдігі 1,5 метр, ұзындығы 60 метр болатын жерді уақытша қазір қойдық. Арық жасау үшін сметалық құжат дайын. Мақұлданып, ақша бөлінсе, биыл басталып, жыл соңына дейін бітеді. Ол кезде үлкен канал болады», - деді Кеген ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Алмас Сейітқожа.



Естеріңізде болса, 23 маусым күні 17:40-та қатты жауын-шашын салдарынан Алматы облысының Кеген ауданындағы Түменбай ауылында 1 үйдің іші мен 11 үйдің ауласын су басып қалған еді.


«5 адам өлмесе, шығын төленбейді»: Кегендегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр ма


Просмотров материала: 825

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 222 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 886 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 376 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 421 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 789 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 198 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 231 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 532 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 184 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 725 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 789 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 499 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 374 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 170 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 603 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 330 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 731 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 536 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 379 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 221 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 081 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 420 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 303 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 786 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 971 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 138 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 373 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 752 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 114 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 056 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 192 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 133 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 500 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031