6 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан облысында тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр

Түркістан облысында тасқыннан ес жиғандар балшықтың ортасында отыр

Фото: видеокадр
Түркістан облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдар балшықтан әлі арыла алмай жатыр. Облыс әкімі арнайы тапсырма беріп, «техника мен адам күші жеткілікті» дегенімен, аулалар мен қора-қопсыны лайдан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер тартылыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Техниканы ауыл әкімдері демеушілер есебінен өзі ұйымдастыруға мәжбүр.

«Өлген малдың саны әдейі азайтылып есептеліп жатыр», – дейді тұрғындар.

Тасқыннан зардап шеккен Сарапхана ауылында тұншығып өлген малдардың да есебі бұрмаланып жатыр дейді тұрғындар. Ауылда мал бағатын қойшының қорасындағы 400 қойдың 213-і арам қатқан. Бірақ жергілікті билік өлген малдың санын 157 деп есептепті.

«Сырғасы жоқ төрт түлік есеп-қисапқа кірмей қалды» – дейді Нұрғали Қоңыратбаев.

«Сырғаланбаған малды есепке алмаймыз деп жатыр. Өздері үш жылдан бері сырға салуды тоқтатқан. Сырға салуды қойды. Баяғыда жылда көктемде салушы еді, енді ондай жоқ. Мойныма ілініп кете ме, менде шиеттей бес балашағам бар. Үрейленіп отырмын», – деді малшы Нұрғали Қоңыратбаев.

Ал тасқыннан енді ес жиып жатқан ел әлі балшықтың ортасында отыр. Жарты сағаттық жауыннан кейін қырдан аққан сел көше, аулаға лай болып кірген еді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі тасқын салдарын жою туралы тапсырма беріп, төтенше жағдай министрі «күш те, техника да жетеді» деген. Бірақ ауыл әкімдігінің тоғыз қызметкері ғана күрек-кетпенмен мықшыңдап жүр. Ал тұрғындар жоғарыдағылардың өтірік есебіне өкпелі.

«Біз үкіметтің бір сом ақшасын, көмегін көрген емеспіз, Құдайым қаратпайақ та қойсын. Тек осындайда, қиыншылық басымызда тұрған уақытта көмек, жәрдем, моральдық көмек керек. Облыс Шөкеевіңнен де, адамдардан да, техникадан да, еш көмек көрген жоқпыз. Өзіміздің ауыл әкімінің балалары, байғұстар, қолына бірбір күрек алып, шамасы келгенше істеп жүр», – деді Қазығұрт ауданының тұрғыны Сусар Жонасова.

Тұрғындар селден қорғауға тиіс арықтардың тарлығы тасқынға себеп болды дейді. Өйткені ауыл іргесінде қазылған арналар тым тар, терең емес екен. Оған қойылған құбырлар да сел суынан құтқаруға қауқарсыз деп отыр.

«Осындай су. Айтамыз. Бірақ арықты істеп берген, мынаны қазып, одан кейін кішкене құбыр қойып кеткен. Бірақ одан су асып кетіп, ауылға қарай ағып жатыр», – деді Қазығұрт ауданының тұрғыны Еркебек Ұрқымбаев.

Ауылда бұрын селден қорғайтын жүйе болғанымен, кейін бәрі істен шығыпты. Бұрын бұл ауылдың ортасында қырдан келген су құйылатын ескі арна болған екен. Оның орнын қазір де байқауға болады. Бірақ кейін арнаның үстіне үйлер түсіп, арық жазыққа айналып кеткен. Судан жыл сайын зәрезап болған тұрғындар осы арнаны қалпына келтірсе тасқыннан құтылар едік дейді.

«Төрт күн бойы осында жүрміз» деген ауыл әкімі сел қаупі жоғары екенін Қазығұрт ауданының әкімдігіне «былтыр да ескерттік» дейді. Сондықтан арықтарды кеңейтуді ұсынғанымен, қазу, құбыр қою жұмысы «бес жылда ғана жаңаланады» деген басшылар елемепті.

«Арық қазылған, осыдан бес жыл бұрын. Биыл бесінші жыл. Қазылып, құбыр қойылып, қаржы бөліп бәрі істелінген. Бұрын қазған арықтың арнасы тар. Бірден көп су келгеннен кейін. Ал су келгеннен кейін кеңейтуге ұсыныс жасап жатырмыз», – деді Сарапхана ауыл округінің әкімі Әбдіқасым Тұрғараев.

Ауыл әкімі материалдық шығын жоқтың қасы деп отыр. Сондықтан тасқын салдарын жойып бітсе, келешекте сел жүру қаупін жоюға бар күшімізді саламыз дейді.
Просмотров материала: 1 200

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 192 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 818 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 370 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 732 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 872 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 181 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 802 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 639 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 672 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 296 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 923 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 237 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 636 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 326 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 158 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 335 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 236 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 725 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 702 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 073 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 307 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 062 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 124 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 068 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 426 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930