2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инвестициялық кірісі - 6,8 триллион теңге

24 июнь 2022, 14:54
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инвестициялық кірісі - 6,8 триллион теңге

Фото: Ашық көзден
1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,8 триллион теңге болды.


Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) 5,9 трлн теңгеге жетті. Ал Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан бергі инвестициялық табыс 6,8 трлн теңге.

Жыл басынан бері геосаяси ахуалдың нашарлауы салдарынан әлемдік қаржы, тауар нарықтарында құбылмалылық орын алып, бұл инфляцияның өсуі мен зейнетақы активтерінің табыстылық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Осылайша, зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері әр түрлі кезеңдерде бірде оң, бірде теріс қалыптасқан қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау салдарынан өзгеріп отырды.

Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланды. Инвестициялардың 2/3 жуығы теңгемен және 1/3 жуығы шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылған. Тиісінше, доллар бағамы зейнетақы активтері құрамындағы инвестициялық кіріске әсер етеді: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кіріс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкін. Жалпы, 2014 жылдан бастап зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17%-дан 29% дейін өскенін атап өткен жөн.

2022 жылдың қаңтары мен наурыздың басы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы әлсіреп, доллар құны 431 теңгеден 495 теңгеге дейін жетті. Ал наурыз айының ортасында доллар бағамы 512 теңгеге дейін өсті. Осылайша, апта сайын зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау қалыптасты. Салымшылар да өздерінің жеке зейнетақы шоттарында айтарлықтай оң инвестициялық табысты байқады. Одан кейін ұлттық валюта нығая бастап, сәйкесінше, доллар бағамы төмендеді. 1 маусымда 1 доллардың құны 414.67 теңге болды. Зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнінде жүргізілетіндіктен, оны салымшылар өздерінің үзінді көшірмелеріндегі өзгерістерден көре алады.

Нәтижесінде қаржы нарықтарындағы келеңсіз жағдайлар мен активтерді валюталық қайта бағалау инвестициялық кірістілікке әсер етіп, соңғы 12 күнтізбелік айда ол 4,14%.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

Мысалы, 2021 жылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрап, бұл бір жыл ішінде түскен жарналар мөлшерінен асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік Ұлттық банкінің басқаруымен былтыр жыл басынан бері 11,13% көрсетсе (бұл мерзімді банк депозиттері бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.

2014 жылдың сәуірінен бастап 2022 жылдың 1 маусымына дейін Ұлттық банктің басқаруындағы кірістілік 99,94% болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылдың 1 маусымына өсу қорытындысымен 670,58% құраса, барлық кезеңдегі инфляция 603,68% көрсетті. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енген күннен бастап 2022 жылдың 1 маусымына дейінгі кезең аралығында зейнетақы активтерінің нақты (яғни, инфляциядан асып түсетін) табыстылығы 66,90% болды.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Просмотров материала: 773

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 862 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 511 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 000 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 056 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 422 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 010 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 060 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 363 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 082 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 264 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031