23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы қорындағы салымшылар жинағы 12 триллион теңгеден асты

28 июнь 2021, 16:26
Зейнетақы қорындағы салымшылар жинағы 12 триллион теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 12,7 триллион теңгеден асты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі бес айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 654,2 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өту маңызды. Бұл өткен жылдың бес айымен салыстырғанда 155 млрд теңгеге немесе 31% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 5,3%, ал инфляция 3,5% болды. Соңғы 12 айда инфляция 7,2%, кірістілік 11,7% көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 5,3 трлн теңге болды. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 36,1% болды.

Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ, таза инвестициялық табыс 6,2 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 640,01% құрады. Ал инфляция 517,53% болды. Осылайша жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 122,48% көрсетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.
Просмотров материала: 708

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 340 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 836 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 869 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 235 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 909 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 942 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 963 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 987 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 188 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 911 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 543 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 602 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 478 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 530 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 270 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 538 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031