13 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылдады

23 июнь 2022, 14:55
Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылдады

Фото: pixabay
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Стрестік активтердің 4 тобы бар. Осы орайда төлеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 870 млрд теңге сомада, қайта құрылымдалған кредиттер 936 млрд теңге сомада, өндіріп алынған мүлік 156 млрд теңге сомада және банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарының активтері 356 млрд теңге сомада қамтылған. Банктердің балансын жұмыс істемейтін кредиттерден мемлекет қаражатын тартпай тазартудың нарықтық тетігін құру маңызды. Бұл тұрғыда стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту қажет. Стрестік активтер нарығын құру үшін осы заң жобасы 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», - деді М. Әбілқасымова.

Біріншіден, заң жобасында стрестік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін жеке инвесторларды қосу арқылы кеңейту көзделген, деп жазады Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта банктер туралы заңның 36-1 бабына сәйкес, авторизацияланған сатып алушылар тізіміне екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, Проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кіреді. Бұл ретте, тізім кеңейтіліп, банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі. Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің тек проблемалық қарыздарын сатып алуға рұқсат етіледі. Заң жобасында қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін олардың несиелерін инвесторларға сату ескерілмеген», - деді агенттік басшысы.

Екіншіден, заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру қарастырылған. Олар инвесторларға проблемалы кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін іске асырады.

«Сервистік компаниялардың функцияларын тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады. Сервистік компаниялар активтерді сенімгерлік түрде басқарады, өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін болады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді. Заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшін капиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы сияқты жоғары талаптар белгіленетін болады. Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу аясына жатады», - деді М. Әбілқасымова.

«Заң жобасы өндіріп алынған мүліктің, яғни банктің меншігіне өткен мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының теңгерімінде болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді қарастырады. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, агенттік басшысы жыл басында стрестік активтер көлемі 2,3 трлн теңге болғанын айтты.
Просмотров материала: 466

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 524 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 184 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 670 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 718 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 091 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 105 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 146 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 446 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 092 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 173 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 354 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 706 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 754 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 481 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 350 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 147 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 296 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 702 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 510 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 362 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 205 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 064 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 398 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 283 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 763 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 945 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 119 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 354 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 735 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 094 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 037 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 172 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 110 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 324 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 482 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031