7 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенатта зияткерлік меншік нарығын дамытуға қатысты заң қабылданды

02 июнь 2022, 11:19
Сенатта зияткерлік меншік нарығын дамытуға қатысты заң қабылданды
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат екі оқылымда қаралды. Талқылаудан кейін палата депутаттары аталған заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы заң жобасымен жұмыс зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдірудегі кезекті қадам болды. Бұл процесс ұлттық заңнаманы халықаралық шарттармен үйлестіру аясында іске асырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан 19 халықаралық шартқа және 25 өңірлік келісімге қатысып отыр. Осыған байланысты, 2020 жылы Парламент Мәжілісі Әділет министрлігіне осы саладағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізуді ұсынды. Талдау Reed Smith компаниясының заң консультанттарын тарта отырып жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді», - деді Парламен Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова.

Бұл жұмыстың нәтижелері Парламент Мәжілісінің депутаттарына таныстырылып, егжей-тегжейлі талқылаудан кейін заңнамалық бастаманың негізіне алынды.

Оның айтуынша, заң жобасында халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайту жөніндегі міндетті шешу ұсынылады. Мұндай міндет «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған.

«Жол картасын орындау үшін 2022 – 2024 жылдарға республикалық бюджеттен 8 млрд 700 млн теңге бөлінді. Түзетулер 12 мыңнан астам мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарын тартуға бағытталған және халықтың мұқтаж топтарын қамтуға көмектеседі. Бұл құқықтық мәселелерді шешу тиімділігін арттыруға, түрлі инстанцияларға жүгіну санын азайтуға ықпал ететін болады», - деді Г. Бижанова.

Өз кезегінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылданған заң зияткерлік меншік құқығын одан әрі жетілдіруді көздейтінін атап өтті.

«Заң осы құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ құжатта зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған. Заңда ұлттық заңнама нормаларын осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелерінің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты да нормалар бар. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге де бағытталып отыр. Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз», - деді Сенат Төрағасы.
Просмотров материала: 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 734 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 406 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 907 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 953 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 322 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 529 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 565 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 888 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 550 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 607 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 799 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 802 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 568 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 422 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 828 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 623 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 447 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 292 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 214 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 441 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 126 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 259 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 433 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 579 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930