7 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент "Қазақмыс"-тан Жезқазғанды дамытуға көбірек қаражат бөлуді сұрады

16 июнь 2022, 14:40
Президент "Қазақмыс"-тан Жезқазғанды дамытуға көбірек қаражат бөлуді сұрады

Фото: Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына іссапары кезінде Жезқазғандағы қала құрушы кәсіпорынның басшылығымен кездесіп, олармен жаңа облыс орталығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Бұдан кейін "Қазақмыс компаниясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай (Қазақстанның ең бай бизнесмендері арасында Forbes тізіміндегі кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады.

Оның айтуынша, компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан "Қазақмыс" биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп.

"Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Әрине, әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. "Қазақмыс" компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер мүмкіндік болса, қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бірінші кезекте жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті.

"Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін", - деді Президент.

Айта кетейік, "Қазақмыс" 2023 жылы Жезқазғанда балалар спорт академиясын және 200 орындық интернат салуды жоспарлап отыр. Тоқаев спорт ғимараттарын салу кезінде көпфункционалды спорт кешендеріне басымдық беру керек екеніне назар аударды. Одан бөлек компания жаңа стандарттарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали президентке облыстың басты мәселелері туралы баяндады.

Атап айтсақ: экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік саладағы мәселелер. Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас - Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.

Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 - 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.

Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты.
Просмотров материала: 433

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 743 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 415 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 917 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 962 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 330 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 529 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 566 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 888 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 551 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 607 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 799 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 802 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 568 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 422 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 828 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 623 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 447 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 292 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 214 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 441 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 126 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 259 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 433 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 579 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930