23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты

16 июнь 2022, 12:44
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты

Фото. акорда
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали Президентке облыстың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласының және өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала өңірдің негізгі проблемалары ретінде атап өтілді.

Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас – Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.

Өңір әкімінің деректеріне сәйкес облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 – 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.

Берік Әбдіғали Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік университет, қосымша білім беру орталығын, сапалы мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерін және филармония залын салу қажет екенін жеткізді.

Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жол мәселесіне, экологияға, білім саласын дамытуға күш салуды тапсырды.

Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін, – деді Президент.

Бұдан кейін «Қазақмыс компаниясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады. Компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан «Қазақмыс» биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп. Мемлекет басшысы алдағы ауқымды жұмыстар үшін бұл қаржының жеткіліксіз болатынын айтып, бөлінетін қаржыны көбейту туралы ұсынысын жеткізді.

Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Облыс әкімінің өңірді дамыту туралы жоспарын тыңдадыңыздар. Әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. «Қазақмыс» компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаладағы жағдайды жақсартуымыз керек. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Компания басшылығы денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларына ерекше көңіл бөлінетінін баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы Жезқазғанда балаларға арналған спорт академиясы мен 200 балаға арналған интернат салу мәселесі де қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт нысанын салғанда әртүрлі спортты қамтитын көпфункциялды етіп салу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар компания жаңа стандарттарға сәйкес тұрғын үйлер құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.
Просмотров материала: 453

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 622 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 329 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 825 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 855 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 224 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 909 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 942 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 963 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 987 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 188 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 911 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 543 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 602 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 477 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 529 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 270 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031