29 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нәрестеңіздің не қалайтынын білгіңіз келсе...

Нәрестеңіздің не қалайтынын білгіңіз келсе...

Фото: Ашық көзден
Дүниеге жаңа келген нәрестесінің денсаулығы үшін алаңдамас ата-ана жоқ. Ал жас ата-ана бөпесінің нені ұнатпайтынын, оны не мазалайтынын, қай кезде қандай сезімде болатынын түсінуге тырысады.


Ендеше «жаңа туған нәрестенің нені қалайтынын қалай түсінуге болады?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Мамандар ата-аналардың өз баласын түсінуіне көмектесу үшін негізгі үш әдісті қолданады.

Ал біз мамандардың көмегімен сіздерге нәрестеңіздің жылау арқылы, дыбыстау мен қимыл арқылы не айтқысы келетінін түсіндіруге тырысып көрейік.

Бала неге жылайды?

Нәресте 5 айға дейін өз қалауын жылау арқылы білдіреді. Ата-ана бұл жылаудың астарын ұға білуі керек: бір жері ауырған соң жылады ма, әлде қарны ашқан соң жылап жатыр ма?

Анасын іздеп жылау. Шақалақ өзін анасының құшағына алуын, бесік жырын айтуды, ата-анасының өзімен тілдесуін қалауы.

Мұндайда сәби 5-6 секунд жылайды да, шамамен 20 секундтай үнсіз қалып, ата-анасының әрекетін бақылайды. Егер ересектер осы кезде нәрестенің жылауына жауап бермесе, арасына үзіліс салып шақалақ қайтадан жылай бастайды. Онда да назарға ілінбесе, соңғы әдіс – үзіліссіз жылауды жалғастырады.

Қарны ашып жылау. Әуелі анасын іздеп жылай бастайды. Оны қолыңызға алып, әубәйласаңыз да тоқтамайды. Нәресте басын шайқап, ернін сора бастаса, демек қарны ашты деген сөз.

Бір жері ауырғаннан жылау. Нәресте шырқырап жылайды. Бұл ұзаққа созылып, көңіл-күйге әсер ете бастайды – бұл ауырсынудың күшеюін білдіреді. Кейбір жағдайларда нәресте жәй ыңырсып қана жылайды – бұл аурудың өте күшті екенін көрсетеді.

«Кәк» еткісі келгенде жылау. Ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандырған кезде, мысалы, ұйықтап жатып зәр шығарарда, дәрет шығарарда жылайды. Бұл кезде бала өзін жайсыз сезінгендіктен жылайды.

Ұйықтар алдындағы жылау. Ұйықтайтын уақыты келсе де, бала ұйықтай алмайды. Сол себепті ол есінеп, түшкіріп, көзі мен құлағын уқалап, жылай бастайды.

Өзін жайсыз сезініп жылау. Кенет шыр етіп жылап, дөңбекши бастайды. Бұл жағдай жөргегін ауыстырғанда, ыстықтағанда немесе тоңғанда, киімі ыңғайсыз болғанда байқалады.

Сонымен қатар бір қалыпта жатып, зерігіп, ыңғайсызданып жылауы да мүмкін.

Нәрестенің үні нені меңзейді?

Австралиялық балалар дәрігері Присцилла Данстен 20 жылдан бері туғанына 3-4 ай болған нәрестелердің шығаратын дауысын зерттеумен айналысады. Ол бұл зерттеуін ата-аналарға балаларының қалауын түсінуге көмектесу үшін бастаған.

Оның зерттеуіне көптеген ұлттың нәрестелері қамтылған. Педиатрдың сөзіне қарағанда жаңа туған нәрестелердің шығаратын дауысы бірдей. Шақалақ 4 айлығынан бастап қарым-қатынасқа негізделген дыбыстар шығара бастайды, алайда ол физикалық қажеттіліктерге байланысты емес.

Балаңыздың даусын дер кезінде түсіне білсеңіз, балаңызды жылатпай өсіре аласыз.

Нәресте дыбысының сөздігі

«Не», «ня» - тамақ сұрап отыр. Осы кезде ол ернін сорып, тілін жылтыңдата бастайды.

«Эи», «э-э-э» - «Кекіртеді екен ғой». Жел шығарғысы немесе кекіргісі келген кезде осындай дыбыс шығарады.

«Оу», «ау», «оы» - «шаршадым, ұйқым келді». Нәресте есінеп, иіскелене бастайды.

«Хэ» - «Ыңғайсыз». Нәресте ыңғайсызданған кезде басын шайқап, аузын ашады.

«Иэу», «иоу» - іші ауырып, іші кепкен кезде осы дыбысты шығарады. Шақалақ күрсініп, ішін қатайтады.

Нәресте қимылы арқылы не айтқысы келеді?

Шақалақтың денсаулығын қимыл-әрекеті арқылы түсінуге болады.

Нәресте емшек емген соң шалқайып жата қалса, ол тойғанын білдіреді. Егер бала 2 айдан асқан болса, бұл арқаның ұюын немесе көңіл-күйінің нашар екенін көрсетуі мүмкін.

Шалқалау - бұл қозғалыс екі айға дейінгі нәрестенің асқазаны тоқ екенін көрсетеді.

Үнемі басын шайқау – ұйықысы келгенде немесе бейтаныс адамдар арасында мазасызданған кезде жасайды.

Құлағын шұқылау – өз-өзін тану, сезіну кезінде жасалатын әрекет. Егер құлағын шұқылап жылайтын болса, дәрігерге көрсету керек.

Алақандарын қысып ұстау – қарны ашып жатқанын білдіреді. Нәрестенің осы қимылын бірден байқап, түсіне алсаңыз, оның қарны ашып жылауының алдын аласыз. Ата-анасы баласының қай уақытта қарны ашып, қай уақытта тамақ ішкісі келетінін білгені дұрыс. Мысалы сәбиді сыртта серуендетіп келген соң тамақтандырса, ол тынышталып, ұйықтап қалады.

Аяқтарын ербеңдету (тыпырлау) – іші кеуіп жатқан болуы мүмкін. Бұл ауруға реакция білдіруден туындайтын қимыл.

Қолдарын серпе көтеру – оқыс жағдайдан, жарықтан қорқып қалуды білдіреді. Бала шошып қалған кезде дереу тынышталдыруға тырысыңыз. Егер үйде, бөлмеде қорқып қалса, құшағыңызға басып, басқа бөлмеге барсаңыз да болады.

Балалар дәрігерлері ата-ананың өз баласына үнемі жылы қарым-қатынаста болуы керегін айтады. «Ол әлі кішкентай, ештеңені түсінбейді» деп ойламаңыз. Керісінше оған қоршаған ортаны, әлемді, ол тануға тиіс дүниенің барлығын танытып, түсіндіре беруден шаршамаңыз. Бұл сіздің балаңыздың жаңа нәрселерді үйренуге, қоршаған ортаға тезірек бейімделуге және ертерек сөйлеуге ынтасын дамытуға көмектеседі. Сондықтан балаңыз дүниеге келе салып онымен сөйлесуді бастаңыз. Ол өзінше, өз түсінігінше қимылымен, күлкісімен, өзіне тән үнімен жауап береді.

Дереккөз: baq.kz
Просмотров материала: 1 085

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 966 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 589 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 083 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 143 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 505 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 747 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 808 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 112 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 726 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 996 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 625 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 654 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 432 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 866 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 528 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 226 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 623 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 442 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 313 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 001 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 323 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 225 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 634 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 297 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 677 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 053 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 112 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 262 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 413 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031