24 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Емізуден сөйлесуге дейін". Баланың кеш дамуының негізгі себептері айтылды

"Емізуден сөйлесуге дейін". Баланың кеш дамуының негізгі себептері айтылды
Балаларда кездесетін проблеманың бірі - дамуының тежелуі. Бала неге кеш дамиды? Оған қандай факторлар әсер етеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психолог Іңкәр Әлиева түсіндіріп берді.


Сәби дүниеге келгеннен кейінгі кезең



Психолог Іңкәр Әлиеваның айтуынша, бұл мәселе баланың туған сәтінен бастап ата-анасымен қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін.

Бала дүниеге келгеннен кейін оған ең жақын адам анасы болатыны түсінікті. Нәресте қоршаған ортаға анасы арқылы бейімделеді. Бала қалыпты дамып, ағзалары дұрыс жетілуі үшін анасы оны тамақтандырып, күтім жасауда бірнеше ережені сақтауы тиіс. Әдетте бала 6 айға дейін ана сүтін емеді.

"Бәрі баланы емізген сәттегі анасының көңіл-күйіне байланысты болады. Үш жастан кейін баланың өзіндік жеке даму кезеңі басталады. Осы өсу-даму кезеңінде отбасындағы жағдай да тікелей әсер етеді. Қарапайым түрде айтсақ, баланы дәретке отырғызуды қалай үйретесіз немесе сол кезде қалай сөйлесесіз, соған да байланысты болады. Бәрі қарапайым дүниеден басталады", - деді маман.

Ана мен бала қарым-қатынасы



Психолог босана сала жұмысқа шығып кететін аналар көп екенін айтты. Сондықтан бала қараусыз болып, өз-өзімен қалады.

Ана босанғаннан кейінгі депрессияға түсіп, отбасындағы жағдай нашарласа, бұл баланың жетілуіне жағымсыз әсер етеді. Керісінше бала туғаннан бастап оған өздігінен сезіну, көру, тыңдау, қозғалу мүмкіндігін беру қажет. Ата-ана сәбимен сөйлесіп, түрлі ойыншық, жайлы әуен сияқты құралдарды қолдана алады. Бұл орайда дауыстап кітап оқып беру оның тыңдау, қабылдау қабілетін кішкентай кезінен бастап қалыптастыруға жол ашады.

Маманның айтуынша, тұқым қуалайтын қандай да бір ауруларды есепке алмағанда, баланың кеш дамуына әсер ететін негізгі фактор - ананың балаға қарым-қатынас, оған дұрыс көңіл бөлу.

"Кей сәтте ата-ананың өзі депрессияда, қиналып жүруі мүмкін. Бұл да балаға әсер етеді. Ана баласын қаншалық жақсы көріп тұрғанымен, жеке басындағы проблемалар, жұбайымен арақатынасы, күйбең тіршілік салдарынан балаға дұрыс қарай алмай жатады", - деді ол.

Ата-ананың балаға орынсыз айғайлауы, ақырын түсіндіруге болатын мәселені дауыс көтеріп шешуі, кез келген жағдайда күйгелектік танытуы баланың дұрыс дамымай қалуына себеп болады.

"Өмірде түрлі жағдай болады. Жақында өзім дәмханада мынадай көрініске куә болдым: үш баласын ерткен ана келді. Кейін шамамен 3-4 жасар қызы бір нәрсе бүлдіріп қойса керек, басынан қатты ұрып, балағаттады. Бала жыламады, ешқандай реакция білдірмеді. Іштей психологиялық жарақат алғаны түсінікті болды", - дейді маман.

Сонымен қатар, ол бұл жағдайдың алдын алмау - бала болашағына да кері әсер ететінін айтты.

"Дер кезінде алдын алмаса, есейгенде бұл баланың бойында қалып қояды. Бала болашақта өз пікірін айта алмайды, өз ұстанымында нық тұра алмайды. Басқалардан қолдау күтіп, жасқаншақ болып қалыптасады. Ата-анасы ішкіш не ажырасқан отбасында тәрбиеленген бала да тұйықталып кетеді. Тұлға ретінде дұрыс қалыптаса алмайды", - деді ол.

Баланың кеш дамуының себептері қандай?

Психологтың айтуынша, гаджеттерді қолдану арқылы баланың дүниені тануы, көңіл-күйін білдіруі өзгереді, яғни іштей тұйықтала береді. Әдетте виртуалды әлем мен шынайы өмірдің арақатынасын білмей жатады.

"Ата-ананың уақыты жоқ болса, баланың қолына телефон ұстата салады. Сөйтіп, бала эмоциясын дұрыс көрсете алмайды. Адам өміріне қажет негізгі дағдыларды үйренбей, телефон қарап отыра береді. Ата-ана бастысы бала тыныш отырса болды деген оймен жүреді. Бұл дұрыс емес. Қарым-қатынас жетіспейді. Осылайша, балада сөйлем құрай алу, сөйлеу алу қабілеті қалыптаспайды. Бала емес, ересек адамның да миы да кез келген нәрсені қабылдап алып, соған үйреніп қалады. Балада да солай. Телефондағы әлемге үйреніп қалса, сонымен ғана шектеліп, дүниетанымы тарылады", - деді психолог.

Маман бұл мәселенің алдын алуда көмектесетін қарапайым кеңестер берді:

Баламен кез келген тақырыпта ашық сөйлесу;
Табиғатта серуендету;
Жасына қарамастан, кез келген нәрсені түсіндіру;
Ой еңбегімен қатар, дене еңбегін дамыту;
Қол моторикасын дамыту, жаяу жүру, осылайша табандағы нүктелерді қозғау;
Баланың қиялын дамыту; ермексаз, қалам, сурет салу секілді дамытатын оқу құралдарын қолдану;
Балаға шексіз махаббат таныту; ата-ана баланың кез келген үнін, жағдайын аңғара білуі керек;
Ата-ана баланың көзінше сөйлегеніне, әрекеттеріне мұқият болуы қажет; балада "ата-анама керек емеспін" деген ой туындамауы қажет;
2 жастан бастап айналасымен қарым-қатынас орнатып үйрету қажет;
Балабақшадан келгеннен кейін уақыт бөлу, "қандай қызық оқиға болды?", "не үйрендің?" деген нәрселерді сұрау керек;
Ата-ана - балаға үлгі. Бала - ата-ананың көшірмесі. Сондықтан ата-ананың өзі де психологқа жүгініп, өздерімен жұмыс жасауы керек;
Телефонды қолдануын шектеп, белгілі бір уақыт аралығына ғана беру.

Просмотров материала: 1 497

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 810 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 414 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 920 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 971 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 333 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 455 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 545 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 842 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 345 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 441 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 723 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 512 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 605 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 403 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 251 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 750 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 489 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 184 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 581 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 363 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 281 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 116 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 965 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 270 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 181 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 682 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 524 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 018 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 268 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 645 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 022 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 965 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 060 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 024 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 219 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 378 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930