Фото: vesti.ruТүсіңізге жылан кіргенде қобалжып, оны қандай да бір жамандықтың белгісі деп қабылдайтынымыз рас. Жорғалаушы түске кіргенде қалай болжауға болады? Осы және өзге сұрақтарға жауап табу үшін танымал түс жорушылардың болжамын зерттеп көрдік.
Жыланның түсі мен оған қатысты түс жорамалдары
Адамдар көп жағдайда түске жылан кіргенде оның түсіне мән беріп жатады. Осы жөнінде белгілі түс жорушылар былай деген: Егер түске қара түсті жылан кірсе, Нострадамустың түс жорамалы бойынша ол зұлымдық пен қауіп-қатердің немесе орны толмас өкініштің белгісі болуы мүмкін. Түсіңізге кірген жылан бұған қоса ірі болса, онда өңіңізде үлкен мәселе туындап, ол сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін деген сөз.
Егер түсіңізге библиялық жылан кірсе, онда ол күнә мен зұлымдықтың, алдау мен арбаудың белгісі болып табылады. Ал бірнеше басы бар жылан түсіңізге кірсе, онда сізді біреу оңдырмай алдап соғады деп ойлаңыз.
Түсіңізге ақ жылан кірсе, түс жорушы Евгений Цветков ақ жылан – әлдекімнің қиын жағдайда аяқ астынан берген көмегі деп түсіндіреді.
Улы жыланның түске кіруін танымал көріпкел Ванга өміріңізде сіздің барлық жоспарларыңыздың күл-талқанын шығаратын қарсыласыңыз бар деген сөзді білдіреді деп айтып кеткен. Оның пайымдауынша мұндай қарсылас өте залым әрі өз ісін соңына дейін апаруға құмар. Егер түсіңізге кірген жылан алып болса, онда күллі адамзатқа қауіп төніп тұр деген сөз.
Түсіңізге ешкімге ешқандай зияны жоқ жыланның кіруі – бойыңызда болашаққа деген күмән мен күдіктеріңіз бар деген мағынаны білдіреді. Түске улы емес, жай жыланның кіруін – ірі қарсыласпен шайқаста сіздің жеңіске жететініңіздің белгісі деп айтып кеткен Ванга. Мұндай жағдайда қарсыласыңыз өзін өзі жазалайды немесе өзі қазған орға өзі түседі деп ойлаңыз.
XXI ғасырдың түс жорамалында қызыл түсті жылан – ол алдау мен көре алмаушылықтың белгісі. Түс көруші адамға әр басқан қадамын абайлап басқан абзал.
Түсіңізде кішкентай, бірақ бірнеше жыланды көру – онда ол сіздің маңайыңыздағы адамдардың көрінісі деп біліңіз. Олар сіз туралы сырттай өсек айтып, ойламаған жерден сатып кететін болады. Олар тіпті сізді ұятқа қалдырудан, болашақ жоспарларыңызды бұзудан тайынбайды. Мұндайда барынша сақ болған жөн дейді Густав Миллер.
Түс көруші мен жыланның түстегі әрекеті
Түсіңізде жылан неғұрлым белменді болса, төніп тұрған қауіп те соғұрлым қауіпті деп ойлаңыз. Танымал түс жорушылар бұл жөнінде төмендегідей болжамдарды айтады: Түсіңізде жорғалап келе жатқан жылан көрсеңіз, онда түс көруші жылан жылынан сақ болғаны жөн деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі түс жорамалы қарсыласыңызбен бәсекеге түсесіз дейді.
Түсіңізде сізді шағып алғысы келетін жыланды көрсеңіз, Нострадамус бұл сіз өміріңізде шамаңыз келмейтін қиындықтардың нышаны дейді. Психоаналитик Зигмунд Фрейд болса ол сыңарыңыздың көзіңізге шөп салуының және өмірлік серігіңіздің сізден көңілінің қалғандығының белгісі дейді.
Түсіңізде жылан қолыңыздан шағып алса, жауларыңыз сізге тағы бір соққы береді деген мағынаны білдіреді. Густав Миллер мұндайда барынша сақ болған жөн дейді. Ал Ванга түс көруші өзіне кімнің опасыздық жасағанын білмейді, сол себепті ол маңайындағы адамдардың барлығына сене беру керек дейді. Жыланды өлтіру деген, түс көруші өңінде өзінің жауларын жеңуге әбден қауқарлы деген мағынаны білдіреді екен. Мұндай түс көрген адам өмірде табысқа жетеді деп санайды Густав Миллер. Нострадамус мұндай түсті дұшпандардан құтылу деп жорыған. Зигмунд Фрейд түске жылан кіру сексуалды сипатқа ие деп есептеген.
Оның болжамдары бойынша мұндай түсте жыланды өлтірмейді, керісінше оны сүйіп, алақанына салып аялайды. Мұндай түс адамның сексуалды өмірге дайын екендігінің белгісі дейді әйгілі түс жорушы. Немесе өміріңізде жаңа романтикалық кездесулер орын алып, серіктесіңізбен қарым-қатынасыңыз нағая түсуі мүмкін дейді ол.
Түсіңізде жыланның басқа біреуді шағып алғанын көрсеңіз – онда жақын адамыңызда абайсызда ренжітіп алуыңыз мүмкін деген болжам бар. Егер жылан түсте сес көрсетіп, бірақ түс көрген адам одан қорғана алса, ол өңінде зұлымдықты жеңеді деген мағынаны білдіреді деп болжайды Густав Миллер.
XXI ғасырдың түс жорамалы бойынша түсте жыланнан қашу ол залым әрі арам адамдардан болатын қауіптің белгісі екен. Тіпті кейде түрмеге тұтқындалуыңыз мүмкін деген болжам бар. Егер жылан мойныңызға оралып алса және одан талып қалсаңыз, онда өміріңіздегі некеңіз сәтсіз аяқталады деп ойлаңыз.
Сонымен бірге аталған түс жорамалында жылан егер айдаһарға айналса, онда танымал адам сізге қолдау көрсетеді деп жазылған аталған түс жорамалында.
Жылан кімдердің түсіне кіреді?
Жылан туралы түс жорамалдарында оның әйел немесе ер адамға кіруі де маңызды.
Әйел адамның түсіне жылан кірсе, онда ол балалардың өмірі мен болашағына алаңдап жүр деген мағынаны білдіреді. Кейде мұндай жағдайда әйел адам ер адаммен қарым-қатынасын үзген абзал. Алайда бұл тек ерлі-зайыптыларды ұрыстырудың амал-тәсілі деп қана біліңіз. Әйел адамды түсінде өлген жылан шағып алса, Густава Миллер бұл әйел өңінде жақын адамының опасыздығы үшін қиналатынын айтады. Егер әйел адам жыланның ысылдаған дауысын естіп, алайды оны көрмесе, Менегеттидің түс жорамалы бойынша оны өмірде жақын адамдарының сатқындығы мен опасыздығы күтіп тұр екен.
Егер әйел адамды жыландар арбап алып, ол түсінде қозғала алмай қалса, Дэвид Лоффтың түс жорамалы онда ол заң немесе жақындары тарапынан қорғалатын болады деген мағынаны білдіреді дейді.
Ер адамдарға жылан түске кірсе, Зигмунд Фрейд ол сексуалды сипатқа ие дейді. Мұндай түс көрген ер адамның денсаулығы мықты деген мағынаны білдіреді деп болжайды Зигмунда Фрейд. Сонымен бірге, жылан көру отбасында жақын арада сәби дүниеге келеді деген сөз.
Егер ер адам түсінде шеңбер тәрізді жиналып қалған жыланды көрсе, онда оны өмірде сынақтар мен қиын кезеңдер күтіп тұр деген сөз. Егер жылан басын көтеріп, шабуылға дайындалып тұрса, онда түс көрушіні өңінде биіктерді бағындыру үшін сәтті кезең келді деген сөз. Мұндай мүмкіндікті қалт жіберуге болмайды дейді танымал түс жору кітабының авторы Дениз Линн.
Ер адам жыланды өз төсегінде көрсе, онда әйелі оған опасыздық жасайды деген мағынаны білдіреді деп болжайды ислам түс жорушысы Ибн Сина. Сонымен бірге ол түске жылан кірсе, өмірде бай-қуатты дұшпаныңыз бар деген сөз дейді.
Егер ер адам жыландармен бірге суға түссе, онда оны өңінде қуаныш пен бақыт, табыс күтіп тұр дейді медиума мисс Хассе.
Түсіңізде жылан қай жерде жүр
Жыланға қатысты түс жорамалын болжаған кезде, оның айналасындағы ортаға мән берген абзал. Түсіңізде жыланды қай жерде көргеніңіз, жылдың қай мезгілі екенін есте сақтап қалған маңызды. Себебі кей түс жорамалдарында ол былай түсіндіріледі:
Жыланды үйде көру – үйге келетін қиындықтың белгісі. Бәлкім түс көрген адам маңайындағы адамдардың арбауына түсіп, барлық қаражаты мен үйінен айырылып қалуы мүмкін деп болжайды Евгений Цветков. Егер жыландар үйге кіріп-шығып жүрсе, онда түс көрушінің жақындарының арасында сатқындар бар деген мағынаны білдіреді. Бәлкім ол достары немесе туған-туыстарының бірі дейді ислам түс жорамалында.
Орманда жыланның оралып жатқан көру – ол дұшпандық жоспарлар мен түс көруші жөнінде өсек-аяңның болатыны жайлы белгі деп жориды атақты Ванга. Оның пайымдауынша бұл өмірдегі қиындықтарды білдіретін қиын кезең екен. Сол себепті жігерленіп, шындық үшін күреске дайын болған жөн дейді атақты көріпкел.
Ағаш бойымен жоғары қарай өрмелеп бара жатқан жылан – ол қызғаныш, ауру немесе адамның рухани тұрғыда шаршауының белгісі дейді Евгений Цветков. Ол үшін өзіңізді қолға алып, ақыл тоқтатқаныңыз жөн.
Орманда жыланның терісін тауып, одан тұнба қайнату – ол өзіңіз бен жақыныңызды емдей алатыныңыздың белгісі екен. Мұндай жорамал – Эзоптың түс жорамалында айтылады.
Ерлі-зайыптылардың төсегінде жыланның өліп қалуы – ол трагедиялық оқиғаның белгісі. Жақын арада ерлі-зайыптылардың бірі өлім аузынан қалады немесе өмірден озады деген сөз. Мұндай жорамалды ислам түс жорамалы жазады.
Үлкен таста қыздырынып жатқан жыланды көру - Зигмунд Фрейдтің болжамынша, ер адамның сексуалды жағдайының жақсы екендігіне, ал әйел адам үшін, романтик ер адамның кездесетінің белгісі дейді.
Орман алқабында жыланды тұзаққа түсіру – Зигмунд Фрейдтің болжамынша жыныстық қатынасқа қатысты өмірдік жақсаруы дейді.
Жорғалаушының суда жүзіп бара жатқандығын немесе бақа аулап жатқандығын көру – ауқатты адам әсері болады деген сөз. Түс көруші соның ықпалымен өзгеріп, өз көзқарасын өзгертуі мүмкін. Алайда мұның бәрі тек жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін екен. Мұндай болжамды түс жорушы Эзоп айтады.
Түсінде суда жай ғана жүзіп жүрген жыланды көрген адамдар үшін, қорқудың қажеті жоқ. Мұндай түс – арманыңыздың орындалуының белгісі болуы мүмкін.
Жалпы жылан туралы түс келе жатқан қауіп пен бірге жеке сипатқа ие болуы мүмкін. Ол үшін аталған түс жорамалдарын мұқият оқып, өз түсіңізді дұрыс жоруға тырысыңыз.