Фото: Ашық көзденИт ежелден адамның досы саналады. Ал осы жануарды түсіңізде көру нені білдіреді? KAZ.NUR.KZ түсіңізде ит көргенде қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.
Нострадамустың түс жорамалы
Белгілі түс жорушы, алхимик әрі дана Мишель Нострадамус түске ит көруді жақсылықтың белгісі санаған. Оның айтуынша, мұндай түс көрген адамның үйінде тыныштық пен береке орнайды екен.Ит – адамға адал үй жануары болғандықтан, Нострадамустың оған қатысты барлық жорамалында ол тек жақсылықтың белгісі ретінде ғана көрсетілген:
Егер жастардың түсіне ит кірсе, онда ол өмірде сүйіктісін кездестіріп, онымен романтикалық хикаяны басынан кешіреді. Егер итті қолыңызда көтеріп тұрсаңыз – сізді жақсы жаңалық күтіп тұр деген сөз. Арқанмен ит жетектеген болсаңыз - қандай да бір шектеулерден арыласыз деген мағынаны білдіреді.
Түсіңізде ірі ит кірсе ненің белгісі болуы мүмкін? Нострадамустың пайымдауынша, түске үлкен иттің кіруі – үміттің ақталмауы. Сонымен бірге ит біреуге көңіліңіз толмаса да кіруі мүмкін.
Миллердің түс жорамалы
АҚШ психологы, танымал трактаттың авторы Густав Миллер адам түсінде жанында ит тұрғанын көрсе, оның барлық бастамасы сәтті аяқталады дегенді білдіретінін айтқан.
Сонымен бірге мұндай түс табысы көп қаржылық операциялардың белгісі болуы мүмкін. Миллер: Түсте иесіз итті көру – бұрын жасаған қателіктеріңізді жөндеудің тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін Түсіңізде қызметтік ит көрсеңіз – заңға қатысты қандай да бір мәселе туындауы ықтимал.
Үй итін көрсеңіз – түс көрген адамды отбасылық табыс, тыныш өмір мен береке күтеді. Түсіңізде соңыңыздан қалмай, сізге қожайынына сияқты "еркелеп" жүрген ит – өмірдегі жаңа мүмкіндіктердің белгісі болуы мүмкін.
Ванганың түс жорамалы
Ванганың түс жорамалы бойынша түске ит кіру – жақсылықтың нышаны. Жорамалға сәйкес, мұндай түс көрген адамға жақындары мен жанашыр достары қолдау көрсетеді деген сөз:
Егер үйленген жігіт түсінде ит көрсе, онда өңінде ол табысқа жетеді. Әсіресе егер түс көруші түсінде итті қолымен сыйпаласа, тіптен қуана беріңіз.
Демек өмірде көп ұзамай ұшан-теңіз табысқа жетесіз. Егер түс көріп жатқан адам итке зақым келтірсе (ұрып жіберді немесе атып тастады), онда ол жақын арада басқа жерге көшіп кетеді деген сөз. Итке жататын жер беріп, оған қамқорлық көрсету – өміріңіздегі ең осал емес жауыңызбен татуласыз дегенді білдіреді. Ванга сонымен бірге түске қара ит кірсе, нені білдіретінін болжап кеткен. Оның сөзінше, түске қара ит кірсе, жақын досыңыздың сатып кетуінің немесе өмірде қиын күндер күтіп тұруының белгісі болуы мүмкін.
Фрейдтің түс жорамалы
Психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд түске ит кірсе, жамандықтың белгісі дейді. Ол мұндай түс көрген адамды өңінде қиындықтар күтуі мүмкін екенін айтқан.
Сонымен қатар жеке қарым-қатынаста да күрделі кезеңдер болуы ықтимал. Сондай-ақ әйгілі ғалым итке қатысты төмендегідей болжамдарды мәлім еткен:
Егер ит түсіңізде сіздің үстіңізге дәрет сындырып кетсе, демек өмірде сізді біреу намысыңызға тиіп, жерге қаратады деген сөз.
Егер ит түсіңізде сөйлеп жүрсе, онда жақын арада көптен күткен арманыңыз орындалады. Бастысы иттің сізге не айтқанын есте сақтау қажет. Ит түсіңізде үлкен дәретке отырса – онда өмірде байып, қоғамдағы беделіңіз артады. Түсте ақ ит көрсеңіз, бұл жақсылықтың белгісі. Мұндай түс сіздің достарыңыздың қолдауына мұқтаж екендігіңізді білдіреді. Бұл сонымен бірге көп жылдан бері көріспеген адаммен кездесуіңіз мүмкін дегенді білдіреді.
Исламдағы түс жорамалы
Исламда имам Ибн Сирин құрастырған түс жорамалы бар. Онда егер түске ит кірсе, онда адамды ұят қысып жүр дегенді білдіреді деп жазылған. Ең бастысы өз қателіктеріңізді уақтылы мойындап, оны жөндеуге тырысу болып табылады. Осыған орай ислам түс жорамалындағы итке қатысты болжамдарды назарларыңызға ұсынамыз:
Егер ит түсіңізде ырылдаса, онда бұл адам жарақат алуы мүмкін.
Егер ит түсіңізді қолыңыздан қауып алса, онда өмірде біреумен төбелесіп қалуыңыз мүмкін. Сол сияқты сізге біреу жала жабуы мүмкін, сондықтан барынша сабырлы болуыңыз керек. Ал егер түсіңізде ит сізді ұнатып, құйрығын бұлаңдатып жүрсе, онда жақын арада бұрыннан араласқан, жанашыр досыңызбен кездесесіз деген сөз. Т
Цветкованың түс жорамалы
Хиромант және астролог Евгения Цветкованың болжауынша, түске ит кіру – өмірдегі оң өзгерістердің белгісі болуы мүмкін. Оның болжамы төмендегідей:
Егер ит отбасылы ер адамға тісін қайраса, онда ол жұбайымен сөзге келіп қалады деген сөз
Егер ит түсте абалап жатса – онда түс көруші өзі жалғыз демалуды аңсап жүр деген мағынаны білдіреді
Егер түсте ит өліп қалса, онда ол жамандықтың нышаны. Демек сізді өзіңіз бен отбасыңызға қатысты күрделі мәселелер күтіп тұр деген сөз Мұндайда бастысы түс бейсенбіден жұмаға қараған түні кірмесе болғаны. Аптаның басқа күндері кірген түс, өңімізде орындалмауы да мүмкін.
Лоффтың түс жорамалы
Дэвид Лоффтың сөзінше түсте ит көру әр түрлі мағынаны береді. Оның пайымдауынша бастысы түсіңізде неше ит көргеніңізді есте сақтап қалу керек:
Егер түсіңізде бір ит көрсеңіз, онда өміріңізде оң өзгерістер болады.
Екі ит көрсеңіз, онда түс көрушіні қиын жұмыс күтіп тұр деген сөз. Егер түсіңізде көп ит көрсеңіз, онда түс көрген адам көп ұзамай жұмыс істеу саласын өзгертеді.
Егер түсте кішкентай итті көрсеңіз, онда сіз болашақты жақын досыңыз бола алатын адаммен танысасыз. Мұндай түс әсіресе әйелдер үшін жақсы түс деп саналады.
Хассенің түс жорамалы
Медиум Хассе итке қатысты түсті жақсылыққа жориды. Ол егер адам түсінде жатырқамайтын, керісінше адамдарды жақсы көретін итті көрсе, онда түс көруші жан қаржы тұрғысынан да, жеке өміріне де оң өзгерістер әкелетін адаммен танысады екен. Сонымен бірге Хассенің түске қатысты мынадай болжамдары бар:
Егер түсте ит ауырып қалса – түс көрген адам өңінде көңіл-күйі түсіп, жылауы мүмкін. Десе де ол оның соңы жақсылық болады дейді. Егер түсіңізде ит дәрет сындырса, онда сіздің құпияңыз ашылуы мүмкін.
Егер түсіңізде бір топ иттен қашып жүрсеңіз, онда әріптестер тарапынан күрделі мәслелер орын алуы мүмкін. Ондайда иттерден қашпай, керісінше оларды тоқтатып, қарсы алу керек. Сонда өңінде адам өз бәсекелестерін жеңа алады екен.
Менегеттидің түс жорамалы
Антонио Менегетти төрт аяқтыларға қатысты нақты болжамдарды ұсынған. Оның пайымдауынша, егер түске ит кірсе, онда ол жақын достарымен бірге уақыт өткізуі мүмкін. Сонымен бірге оның итке қатысты келесідегідей болжамдары бар:
Түсіңізде басы жоқ итті көрсеңіз, өз дұшпандарыңызды жеңіп, ол үшін зор табысқа жетуіңіз мүмкін. Егер иттің алдыңғы және артқы табандары болмаса, онда түс көруші өзін мазалап жүрген сұрақтардан арылып, жаңа өмір бастайды. Т
Дениз Линнің түс жорамалы
Дениз Линн атақты емші әрі түс жорушы болған. Оның түс жорамалына сәйкес, егер адамның түсіне ит кірсе, ол жақсылықтың нышаны деп айтқан. Емші мұндай түсті көрген адам өмірде сүйікті ісімен айналысып, өзінің сүйікті жұмысында еңбек етеді деп сендірген. Сонымен бірге ол итке қатысты келесідегідей болжамдарды айтқан:
Түсіңізде өз итіңізді көру – бұрыннан келе жатқан түсініспеушілік тез арада шешімін табады деген сөз.
Түсіңізге басқа біреудің иті кірсе, онда жұмыста қиындықтар болуы ықтимал. Түсіңізде ит кірсе, түрлі жорамалдарды оқып, салыстырғаныңыз жөн. Көптеген түс жорамалында түсте ит көру жақсылықтың белгісі деп саналады.