7 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді

01 июнь 2022, 10:09
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді

Фото: Абзал Калиев
Қазақстандықтарды маусым айында қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Республикалық референдум

5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

18 жасқа толған қазақстандықтар жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде 11 миллионнан астам сайлаушы бар.

Қазір қазақстандықтарға алдағы референдум туралы СМС-хабарлама келіп жатыр. Кез келген азамат сол жерден өз ЖСН-ін жазып, қандай учаскеде дауыс беретінін біле алады.

Референдум арқылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр.

Мәселен, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сондай-ақ, президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол берілмейді. Бұған қоса, президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады. Сонымен қатар, 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы мен оның статусын алып тастау көзделген.
Бюллетеньде сайлаушыға бір ғана сұрақ қойылады:

"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".


Оған "иә" немесе "жоқ" деп дауыс беру керек.

Айта кетері, республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 млрд теңге бөлініп отыр.


Соңғы рет жалпыхалықтық референдум 27 жыл бұрын, қолданыстағы Ата заң қабылданған кезде өткізілді. Содан бері барлық түзету мен өзгеріс Конституцияға парламент арқылы енгізіліп келді.

Енді 17 емес, 20 өңір

8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енеді.

Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір болады. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылады.
Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Абай облысы бөлініп шығады. Орталығы Семей болады. Абай облысына Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары кіреді.

Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы бөлінеді. Әкімшілік орталығы – Жезқазған. Ұлытау облысына Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кіреді.

Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында (бұрынғы Қапшағай), ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Жетісу облысының құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары қосылады.

Грекия мен Черногорияға әуе рейстері ашылады

1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады.
Әуе рейстерін қазақстандық Air Astana компаниясы іске қосады. Рейстер екі қаладан аптасына үш рет орындалады. Жолаушылар А-321NEO типті ұшағымен тасымалданады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап Air Astana Черногорияға тұрақты әуе рейстерін ашады.

Черногория астанасы Подгорицаға жолаушыларды жаңа жайлы Airbus 321LR лайнері тасымалдайды. Рейстер Нұр-Сұлтаннан бейсенбі және жексенбі күндері, ал Алматыдан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері ұшады.


Екі бағыттағы билет құны, салықпен қоса есептегенде, эконом-класта 252 255 теңгеден, ал бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Черногорияға барғысы келетін жолаушыларға ПТР-анықтама мен вакцинация паспорты қажет емес.

Айта кетері, Қазақстн азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Ақылы автотұрақ іске қосылады

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда Иманов көшесі бойындағы тұрақ аймақтары ақылы болады.

Осы ауданда 16 жаңа аймақ іске қосылады: барлығы 252 тұрақ орны бар 4101-4119 аймақтары.

Автотұрақ шекарасындағы үйлердің тұрғындарына жеңілдік жасалады. Олар айына 1500 теңге тұратын резиденттік абонемент сатып ала алады. Құжат тізімі мен рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық astanapark.kz сайтындағы "Резиденттер" бөлімінде жарияланған.

Ақылы автотұрақтар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін істейді. Ал демалыс және мереке күндері тұрақ тегін.

Ресейлік пойыздар Петропавлға тоқтайды

Бүгін, 1 маусымнан бастап Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін Ресейдің алыс жолға қатынайтын пойыздары жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін Петропавл станциясына тоқтайды.

Бұдан бөлек, маусым айында қозғалыс кестесіне тағы үш пойыз оралады: 2 маусымнан бастап – № 84/83 Қарағанды – Самара, 3 маусымнан бастап – № 145/146 Қарағанды – Омбы және 6 маусымнан бастап – № 113/114 Алматы– Қазан. Бұл пойыздар коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Жыл соңына дейін Ресейден Қазақстанға және кері қайту билеттеріне 15%-тен 45%-ке дейін жеңілдік жасалады.

Пойыз арқылы Қазақстанға келген барлық жолаушыдан теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама талап етіледі. Оның мерзімі 72 сағаттан аспауға тиіс. 5 жасқа дейінгі балаларға ПТР-тест қажет емес.

Алматылық балалар қоғамдық көлікпен бір күн тегін жүреді

Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Алматы әкімдігі балаларға сый жасады.
16 жасқа дейінгі балалар бүгін қаланың қоғамдық көлігімен (автобус, троллейбус, метро) тегін жүреді.
Қазақстандықтар бұл күні демалмайды, бірақ өңірлерде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Просмотров материала: 643

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 648 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 113 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 142 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 440 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 931 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 078 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 248 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 895 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 090 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 022 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 116 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 952 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 825 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 651 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 794 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 936 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 602 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 972 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 701 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 707 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 551 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 391 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 646 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 591 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 102 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 528 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 429 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 674 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 018 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 430 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 408 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 449 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 392 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 626 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 768 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30