29 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам

Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам
"Халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның негізі "ұранымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер енгізу үшін республикалық референдум өткізуді ұсынды. Соңғы референдум 1995 жылы өтті.

"Конституцияның жаңартылған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан тәуелсіздігі қарастырылған. Мемлекет басшысының жақын туыстарына квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азамат осы тарихи сәтте дауыс беріп, ел болашағына өз үлесін қоса алады", - деді Қ.Тоқаев.

Бұл, сөзсіз, елдің ғана емес, болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Мемлекет басшысының бұл шешімі бүкілхалықтық дауыс беру арқылы халықтың құқықтары мен бостандықтарын танудың ең әділ процесі болып табылады. Мен баршаңызды референдумға қатысуға және жаңа Қазақстанды құруға өз үлесіңізді қосуға шақырамын.

Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткен.

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

"Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзету енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын", - деген еді Тоқаев ҚХА отырысында сөйлеген сөзінде.

Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, еститін мемлекет тұжырымдамасын іске асыруда әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.

"Шынында да, Қазақстанда 27 жыл бойы референдум болған жоқ. 1995 жылдан бастап барлық конституциялық түзету Парламент арқылы қабылданды. Қазақстандықтар үшін референдум туралы ұсыныс күтпеген жағдай болды, онымен келіспеуге болмайды. Бірақ бірнеше маңызды мәселені атап өту керек. Біріншіден, өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының үштен бір бөлігіне қатысты болады. Мұндай көлемді өзгеріс бүкілхалықтық референдум арқылы өткізілуі тиіс. Екіншіден, Президент өз сөзінде Жаңа Қазақстан, ең алдымен, жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетеді. Демек, референдум - "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" идеясын іске асыру жолы", - деді ол.

Ол қысқа мерзімде референдум өткізу оңай іс емес екенін атап өтті.

"Кез келген референдум - азаматтардың белгілі бір мәселе немесе сұрақ бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымда өткізіледі. Иә, осындай қысқа мерзімде күрделі іс-шараны ұйымдастыру оңай емес. Бірақ бүкіл әлемде мемлекеттік басқару жүйесі "барынша жоғары айналымда" жұмыс істейді, сондықтан бұл Қазақстанға да қатысты. Зая кетіретін уақыт жоқ, тез және тиімді шешім қабылдау керек. Бұл - қажеттілік. Референдум Мемлекет басшысы жариялаған мерзімде өтетініне сенімдімін. Ал біз, сарапшылар және медиа қауымдастық ұсынылып отырған реформалардың мәні мен алдағы референдумның маңызын түсіндіруге бар күшімізді саламыз", - деді ол.

Әлібек Тәжібаевтың пікірінше, референдум өткізілген соң өзгерістер 5 бағытта жүргізілуі мүмкін.

"Референдум өткізілгеннен кейін (түзетулер қабылданған жағдайда) іргелі өзгерістер 5 негізгі бағытта көрініс табады:
• Біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру бағытында;
• Екіншіден, супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағытында;
• Үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің ролін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру;
• Төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру - аралас пропорционалды - мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру;
• Бесіншіден, мәслихаттардың ролін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру", - деді "Еуразиялық мониторинг" талдама зерттеу орталығының директоры.


Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы,
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Просмотров материала: 785

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 782 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 449 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 937 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 981 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 353 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 224 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 561 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 212 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 469 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 727 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 797 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 504 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 376 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 177 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 606 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 334 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 735 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 545 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 383 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 227 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 085 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 424 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 793 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 978 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 140 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 378 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 758 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 059 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 196 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 138 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 349 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 504 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031