5 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 май 2022, 7:02
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Фото: Ашық көзден
Бүгін қазақ халқының демографиялық әлеуеті мен адами капиталына өтелмес шығын әкелген нәубеттердің құрбанын еске алу күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


31 мамыр – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата. Қасіретті болатыны, ел ішінде ХХ ғасырдың өн бойында жалғасқан саяси-қуғын сүргіннің ызғары шарпымаған әулет жоқ. Қасиетті болатыны, үш ғасырдан астам уақытқа созылған тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы құрбандары осы нәубеттерден зардап шеккен болатын.

Сол құрбандардың ең көрнекті өкілдерінің бірі, биыл 150 жылдығы тойланып жатқан Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетіне «Әлхамдуилилла, аз емеспіз. 6 миллион қазақпыз» деп жазғанда арағы ғасыр салып, туған халқының саны 13 миллионға әрең жететінін білмеген еді.

«Арыс» қоры және Республикалық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Ғарифолла Әнестің мәліметі бойынша, Ахмет Байтұрсынұлы сүйіншілеп мақала жазған тұста бауырлас өзбек халқының саны 3 миллионға да толмаған көрінеді. Сол өзбек ағайынның саны қазір – 32 миллион! Геометриялық прогрессия заңы бойынша, 3 миллионға жуық өзбекті саны бір ғасырда 32 миллионға жеткенде 6 миллион қазақтың саны 60 миллионнан оп-оңай асуы керек еді. Осыдан кейін қазақ әлемін оңалмастай етіп жұтатып кеткен ашаршылық қасақана ұйымдастырылған жоқ дегенге сену қиын.

1930 жылдан басталып, 1987 жылға дейін толқын-толқынмен жалғасқан саяси қуғын-сүргіннің салдарын еңсеруді қойып, құпиясын әлі толық зерттеп болмай жатырмыз. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бері екінші рет Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты заң қабылдағалы отырмыз.

Ол заң 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін қабылданбақ.

Бұған дейін айтқанымыздай, жалпы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселеге екінші рет мемлекеттік деңгейде бет бұрып отыр. 1993 жылғы 14 сәуірде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау туралы» Заң қабылданып, бірталай адам ақталған болатын. Бірақ ол кезде шаруалар көтерілісі, бай-кулактарды жою, олардың мүліктерін тәркілеу және күштеп отырықтандыру, жаппай коллективизациялау, 1920-33 жылдар аралығындағы саясатқа қарсы көтерілген халыққа және дін өкілдеріне қатысты жаппай жазалау салдарынан құрбан болғандар аталған заңнан тыс қалған еді. Сол олқылықтың орнын толтыру бұл жолғы мемлекеттік комиссия жұмысының негізгі бағыты болып белгіленген. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Заң жобасы әзірленіп, ҚР Президентіне мемкомиссияның жұмысы туралы баяндама дайындалуы керек. Бүгінде мемлекеттік комиссия ақтауға жататын азаматтардың 11 санаты бойынша топ-топқа бөлінген. Сондай-ақ, екі кіші комиссия бар. Оның бірі саяси-қуғын сүргін құрбандарын заң тұрғысында ақтау мен есімдерін ұлықтау бойынша әдістеме дайындауға жұмылдырылған. Ал екіншісі саяси қуғын-сүргін жөніндегі жабық архив қорларын жан-жақты зерделеу және оларды кезең-кезеңімен құпиясыздандыру бойынша құрылды.

Бұл жұмыс тобының құрамына ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академиктерінен, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған 69 адам тартылды. Ал 17 өңірде мәслихат депутаттарының, ғалымдардың, өлкетанушылардың қатысуымен консультативтік-кеңесші органдар форматында өңірлік комиссия құрылып, олардың құрамына 265 ғалым алынды.

Бұл атаулы күн - саяси дата дегеннен гөрі ұлтты тұтастыратын, өткен дәуірдің қасіреті туралы түрлі ұстанымда жүрген адамдардың бәрін ортақ диалогқа шақыратын, әлуметтік маңызы бар күн деген орынды.

Былтыр 6 желтоқсанда «Ашаршылық. Голод. 1928-1934 Деректі хроника» атты кітабының төртінші және бесінші томы таныстырылды.

Ал осыдан бір жыл бұрын Сенатта аталған еңбектің үш томдық жинағы таныстырылған еді.

Просмотров материала: 2 028

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 343 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 993 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 483 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 538 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 034 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 083 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 383 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 025 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 107 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 288 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 691 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 731 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 470 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 335 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 093 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 279 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 683 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 496 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 353 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 191 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 378 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 270 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 883 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 104 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 342 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 722 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 087 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 030 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 160 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 308 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031