29 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



1929-1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза тапты - Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады. Үндеу мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті отандастар! Біз бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бан­дарын еске алу күнін атап өтеміз. Біз ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен қасіретті оқи­ға­лардың түп-тамыры мен себептері неде екенін терең түсінуіміз керек. 1917 жылы болған Қазан сая­си революциясы мен одан кейінгі Азамат соғысы, дәстүрлі өмір салтының күйреуі, сондай-ақ Кеңес билігі жүргізген ауыл ша­руа­шылығын жедел ұжым­дастыру науқаны және оған ілесе келген жаппай ашаршылық пен зорлық-зомбылық елдің эволюциялық дамуын күрт үзді. Соның салдарынан халқымыз бүкіл әлем тарихында сирек болатын алапат демографиялық шығынға ұшырады. 1929-1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза болып, тағы миллиондай адам жан сауғалап, елден босып кетті», - деді Елбасы.

Президент атап өткендей, бұдан кейін саяси репрессия басталып, ол қазақ қоғамының элитасын жаппай қырғынға ұшыратты.

«Саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақстан аумағында 11 жаза­лау лагері құрылып, онда соттал­ған­дар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешті. Қуғын-сүргіннің зобалаңын қазақтар ғана емес, Қазақ­стан­ға еріксіз, күшпен жер аударылып кел­ген 1,5 миллион өзге этнос өкілдері де көрді. Қазақ халқының жанашырлығы мен көмегінің арқасында олар жан сақтап, аман қалды. Мұның бәрі - «коммунизмнің жарқын болашағы» атты жалаң ұранмен жасалған қасіретті тәжі­рибенің салдары. Эволюциялық дамудың орнын революция басқанда, осылай болады. Еліміздің әр қиырында бой көтеріп жатқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументтері - қазақ жерінен пана тапқан сан түрлі халықтардың шынайы ризашылық көңілінің көрінісі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, орасан шығынға ұшырағанына қара­мастан, біздің халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиет­терін сақтап қалды. Қа­ты­гездікке бой алдырған жоқ, сан ға­сырлық даналығын да жоғалтпады.

«Бірақ, еліміз басынан өткен осынау сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды және ең ұлы қазына - Тәуелсіздікті ба­ғалап, сақтай біледі. Тарихымыздың осы ащы тағы­лымы оны Қазақстанның қазір­­гі ұрпағының жадына тоқып, зер­десіне түйе білуімен құн­ды болмақ. Сондықтан Қазақстандағы әлеу­меттік бірлік пен ұлт­ара­лық келісім, елдің тұрақты экономикасы мен биік халық­ара­лық абырой-бе­де­лі халқымызды ХХ ғасырда бас­тан кешкен зобалаңдардан сақ­тай білетін сенімді кепіл болып сана­лады. Өткен ғасырдың қасіретті кезең­дерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз», - деді Елбасы.
Просмотров материала: 4 335

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 083 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 706 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 200 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 260 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 623 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 754 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 813 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 119 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 810 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 001 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 625 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 433 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 873 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 529 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 442 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 314 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 323 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 225 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 642 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 298 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 113 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 262 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031