26 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан жаңа кен орындарын іздеу жұмыстарын жандандырады

Қазақстан жаңа кен орындарын іздеу жұмыстарын жандандырады

Фото: inform.kz
Қазақстан пайдалы қазбалардың басым түрінің нақтыланған қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің алғашқы ондығына кіреді. Бірақ, қазіргідей жер қойнауын қарқынды игеру барысында таяу болашақтың өзінде олардың сарқылатыны анық. Ал ел экономикасы жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстарын жандандыра түсті. Осыған орай оқырман назарына саладағы проблемалар мен перспективаларға қатысты ҚазАқпараттың сараптамалық шолу материалын ұсынамыз.

Кен орындарын үздіксіз игеру пайдалы қазбалар қорын тауысады

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жұмыс істеп тұрған кен орындарының басым бөлігіндегі қор жаңа кен орындарына барлау жүргізілмесе, таяу келешекте таусылатынын болжап отыр.

ҚР Үкіметінің дерегіне сәйкес, экономиканың өндіруші секторы жалпы ішкі өнімнің шамамен 30 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

Қорларды толықтыру мен жаңа кен орындарын барлау жұмыстарының жүргізілуіне еліміздің геологиялық саласы жауап береді. Сондықтан да қазіргі уақытта бұл салаға назар назар аудару қажеттігі пісіп жетілген.

Осы орайда Қазақстанның геологиялық барлау қызметі дамымағанын да ашық айту керек. 30 жылдың ішінде елімізде бірде бір жаңа кен орны пайдалануға берілген жоқ. Оның нақты себептері де бар.

Айта кетерлігі, кеңес заманында бірден үш және одан да көп одақтас республиканы шикізатпен қамтамасыз ету үшін ірі кен орындарын іздеу және игеруге басымдық беріліп келді. Тіпті шағындау кен орындары табылғанымен оған назар аудармастан ірі қорларды іздеу жұмыстары жүргізілетін. Ал тәуелсіздік алғаннан бері сол заманда ашылған кен орындарын игеру жалғасуда. Өндірілген шикізат ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай сатуға да жететін.

2020-2022 жылдары мемлекет геологиялық барлау жұмыстарына 30 млрд теңге қаражат салды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы бұл салаға салынған инвестиция көлемі төмен болып саналады. Елімізде 1 шаршы шақырым жерге не бәрі 11 доллар инвестиция салынса, Австралияда 167, ал Канадада 203 доллар құйылады. Сонымен қатар мұндай салым нәтижесін де беріп отыр, бұл аталған елдердің өмір деңгейінің жоғары екендігінен де байқалады.

Ел экономикасы үшін геологиялық барлау неліктен маңызды?

Энергетика саласының сарапшысы, «Қазақстанның энергетикалық аспектілері» зерттеу орталығының директоры Алмаз Әбілдаевтың пайымынша, қазіргі уақытта мемлекеттің экономикасы үшін геологиялық барлауды дамытудың қаншалықты маңызды екенін түсінер сәт туды.

«Қазақстан – бұл шикізат елі. Еліміз пайдалы қазбалар мен ресурстарды экспортқа шығарып, өңірлік және әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. Әрине табыс та тауып отыр. Негізгі кіріс шикізатты сатудан түсетіндіктен «жасыл экономикаға» қажетті әрі сұраныс жоғары литий, никель сынды сирек кездесетін металлдарды өндіруді арттырып, жеткізу көлемін де ұлғайту қажет. Соған орай экспортқа бағдарланған шикізатты өндіруді жалғастыру үшін геологиялық барлауға қаражат құю қажет. Өйткені, мемлекет кірістен түскен қаражат есебінен халықтың энергетикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Республика шикізатты сыртқа сатып, ішкі тұтыну міндеттерін шешеді, жылумен, электр энергиясымен қамтиды», - деді сарапшы. Оның атап өтуінше, 2021 жылдың қорытындысында еліміз 86 млн тонна мұнай өндірді. Ал ішкі нарыққа қажетті мұнай көлемі не бәрі 17 млн тоннаны құрайды. Қалған шикізат әлемдік нарыққа жеткізіледі.

«Жер қойнауы халықтың игілігі үшін жұмыс істейді. Бірақ, бүгінде ол таусылуға жақын және ел балансын ресурстармен толықтыру қажеттігі туындайды. Мұның барлығы соңғы уақытта геологиялық барлаудың нақты нәтижелерінің болмауынан орын алуда. Ал шетелдік инвесторларды біршама барланған учаскелер ғана қызықтырады. Соңғы уақытта мемлекет геологиялық барлау мәселесінің маңыздылығын түсініп, бұл арнаға күш салып жатқанын байқап отырмыз. Салаға инвестиция көлемін арттыруға нық ниеті бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, саланың дамуына жан бітіру үшін кеңес заманында ашылып, көлемі шағын болғандықтан игерілмей қалған кен орындарынан бастау қажет.

ҚР Үкіметінің дерегінше, бүгінде геологияны дамыту үшін қатты пайдалы қазбаларды іздеуге арналған лицензиялау жеңілдетіліп, шағын геологиялық барлау компанияларына жағдай жасалып жатыр.

Экология министрлігі мұнай мен металлдардың жаңа кен орындарын іздеуге кіріспек

Бүгінде елімізде мемлекет балансына жалпы жиыны 8 мыңнан астам кен орны тіркелген. Оның ішінде 317 көмірсутек, яғни мұнай, газ, конденсат кен орындары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны болса, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. Сонымен қатар шамамен 4 мың жерасты су кен орны бар. Қазақстанда мұнайдың баланстық қоры 4,4 млрд тоннаны, газ 3,8 трлн текше метрді, конденсат 414 млн тоннаны құрайды. Мұнан бөлек металл пайдалы қазбалардың 37 және металл емес пайдалы қазбалардың 65 түрі анықталған.

Ендігі уақытта Қазақстан жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жұмыстарын күшейтуді көздеп отыр. Ал бұл келешегі зор кен орындарын анықтап, оны игеруге берудің негізгі әдістерінің бірі саналады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазіргі уақытта алаңдарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік және терең геологиялық карталау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес 2026 жылға қарай Қазақстан жерлерін зерттеу жұмыстары 680 мың шаршы шақырымға ұлғайып, жалпы көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жетеді.

Оның мәліметінше. елімізде жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар. Геологтар көмірсутектер бөлігінде шамамен 76 млрд тонна шартты отынның болжамды ресурстары және әртүрлі дәрежеде зерттелген 15 шөгінді бассейнді бөледі. Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірісінің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Оның ішінде ең ірісі Каспий маңы болып саналады және оған елдің ресурстық базасының шамамен 80 пайызы тиесілі екендігі белгілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында қала құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, экономиканың негізін тау-кен металлургия кешені құрайтын Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш моноқалаларына жақын орналасқан 7 перспективалы учаскеде іздестіру жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, биыл Қара-Аяқ және Мунча учаскелерінде сирек кездесетін металдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. 12 учаске бойынша сирек кездесетін металдарды анықтау перспективаларын анықтау бойынша жұмыстарды бастау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Каспий маңы ойпатының терең құрылысын зерттеу мақсатында «Еуразия» жобасы бойынша жұмыс басталды. Былтыр жобаның 1-ші кезеңін жүзеге асыру қолға алынды. Ол геологиялық-геофизикалық материалдарды заманауи технологиялар бойынша талдауды, жинақтауды және қайта түсіндіруді қамтиды. Екінші және үшінші кезеңдерді іске асыру инвестициялар есебінен көзделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша жеке инвестициялар есебінен тереңдігі 10-15 шақырымға дейінгі ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда. Бұл геологиялық қиманы зерттеуге және көмірсутектерді іздеуге қатысты бассейннің әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

«Осылайша, мемлекет терең көкжиектер мен аса терең бұрғылауға геологиялық-геофизикалық зерттеулердің деректер банкін құратын болады және мұнай мен газдың ірі кен орындарын ашу мүмкіндігіне ие болады», - деген еді Серікқали Брекешев.

Отандық геология ғылымын не үшін дамыту керек?


Жаңа кен орындарын ашу жылдан жылға барынша күрделі әрі қымбат бола түсуде. Сондықтан да тәуекелдердің ақталуы және геологиялық барлауға жұмсалған қаражаттың негізді болуын қамту үшін геология ғылымын дамыту қажет. Ғылымды дамыту, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылған.

Айта кетерлігі, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» Ұлттық жобасы аясында «Геология саласын дамыту» бағыты көзделген. Бейінді министрліктің мәліметтеріне қарағанда, таяу уақытта геология саласындағы ғылымды дамытуға 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

Геология және жер қойнауын пайдалану ақпараттық жүйесі инвесторларға объектіні іздеуді жеңілдетеді

Ал Үкімет инвесторларды салаға тарту үшін қандай іс-шара қолға алмақ? Оны таяуда геология саласын дамыту перспективалары қаралған Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтып, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы инвесторларға геологиялық мәліметтерді қолжетімді ету үшін ақпараттық жүйе құру қажеттігіне назар аудартқан болатын. Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін «KAZNEDRA» платформасын әзірлеу және қолданысқа енгізу бойынша қажетті іс-шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Мұнан бөлек, барлау және өндіру құқығын алуға мүмкіндік беретін Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы уақытылы жаңартылып отыратын болады. Ол үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, жер қойнауын пайдалануға болатын республиканың барлық аумағын бағдарламаға қосады. Сондай-ақ Үкімет Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарды ұзарту процедурасын жеңілдететін болады. Қазір оған көп уақыт кетеді.

Геологиялық барлауды дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді

Энергетика саласының сарапшысы Алмаз Әбілдаевтың пікірінше, геологиялық барлауды күшейту елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетін болады.

«Мәселен, қазіргі сәтте мемлекеттік компаниялар газ өндіруді жүзеге асырмайды десек те болады. Бұл да геологиялық барлауға байланысты жайт. Мемлекет Өзбекстан мен Ресейдегідей өзінің газын өндіруді дамытуы тиіс. Дәл осы жайтқа тек энергетикалық қана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі де байланысты», - деп санайды сарапшы.

Сонымен қатар ол салада мамандардың жетіспеушілігі және зейнет жасына жетуіне байланысты жұмыстан кету проблемасы бар екендігін атап өтті.

«Өйткені, Қазақстанда геология ұзақ уақыт бойы дамыған жоқ. Қазіргі уақытта кәсіби мамандардың басқа салаға ауысу проблемасы бар. Сондай-ақ кеңес заманында білім алған мамандар жасы жетіп, зейнетке шығып жатыр. Сол себепті ұзақмерзімді әрі орындалатын стратегия жүктеу, қандай энергетикалық саясат жүргізуге қатысты кешенді әдістердің болғаны маңызды», - деді Алмаз Әбілдаев.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сәйкес, бүгінде елімізде «геология» мамандығы бойынша бакалавриатта 483, магистратурада 5 және докторантурада 2 адам білім алып жатыр.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 10-11 мамыры күндері Түркия Респаубликасына жасаған сапары барысында Қазақстан түрік инвесторларына асыл және түсті металлдарды геологиялық барлау саласындағы дайын 5 жобаны ұсына алатындығын мәлімдеген болатын.
Просмотров материала: 729

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 857 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 688 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 329 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 355 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 663 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 508 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 680 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 751 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 943 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 088 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 468 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 334 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 657 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 552 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 363 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 464 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 660 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 329 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 673 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 438 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 122 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 365 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 299 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 829 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 176 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 152 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 372 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 123 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 180 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 105 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 336 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 488 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930