4 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанның кеніш қорлары таусылып барады

18 февраль 2020, 9:21
Қазақстанның кеніш қорлары таусылып барады
Пайдалы қазбалар тапшылығы, жұмыс орындарының қысқаруы, білікті мамандардың жетіспеуі. Бұл Қазақстандағы геологиялық барлау проблемаларының бір бөлігі ғана, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар дабыл қағуда. Салаға тиісті қолдау көрсетілмеуінен тіпті бірқатар индустриалдық қалалар қаңырап қалуы мүмкін.

Енді бір 15, тіпті 10 жылдан кейін Қазақстанда мыс, қорғасын және кейбір сирек металдар жетіспей қалуы мүмкін. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде республикада 8 мыңға жуық кеніш бар. Кеңес дәуірінде ашылған ол кен орындарының ресурстары таусылуда, ал жаңалары ашылмаған. Осы себепті, бірқатар индустриалдық қалаларда тіршілік тоқтап қалуы мүмкін. Әсіресе Жезқазған, Сәтпаев, Зыряновск және Риддер қалаларына осындай қауіп төніп тұр.

- Бұған көптеген қала құрушы кәсіпорындардың жабылып қалғаны дәлел. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды ​​облысында. Шығыс Қазақстандағы "Юбилейное", "Зыряновское", "Шемонаиха" және басқа кен орындары толығымен игерілген. Бұл кеніштер жабық. 2025-2040 жылдарға дейін Шығыс Қазақстан облысындағы ірі кен орындары – Тишинск, Орловское, Малеевскоелер де жабылады, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов.

Қазақстандағы геологиялық барлаудың бұрынғы қуатын қалпына келтіру үшін бірнеше мәселені шешу қажет: жер қойнауын зерттеу жүйесі бұзылған, жаңа технологиялар толық пайдаланылмайды, ғалымдар мемлекет тарапынан қолдау сезінбейді. Сайып келгенде, кадр даярлаудың ақсап тұрғаны да саланың өткір мәселесі болды.

- Бұрын бұл таңдаулы мамандық болатын. Кейін геология не керек дестік. Қазақстанда 500 жылға жететін көмір бар, 100 жылға жететін хромиттер, алтын да, мыс та бар дедік. Бәрі бар, шығынданбайық дестік, - деп түсіндірді депутат, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Галина Баймаханова.

Анықталғандай, соңғы 20 жылдан бері геологиялық барлау жұмыстарына ақша үнемделіп келеді екен.

Экология вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, министрлік отандық барлау жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар кешенін әзірледі. Үкімет қаржыландыруды ұлғайтуды мақұлдады.

- Бұл көп қаражат емес. Ондай ақшадан жаңа, үлкен кен орындарының ашылуын күту қиын. Бұл капиталды көп қажет ететін, тым тәуекелді сала. Біздің министрліктің басты міндеті – шикізат базасын толтыру, жаңа кен орындарын ашу, жағдай жасау, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов.

Қазақстандағы геологиялық барлаудың екінші тынысы қашан ашылатынын айтуға әлі ерте. Мамандардың пікірінше, елдің минералды-шикізат базасы орасан зор әлеуетке ие. Мәселен, егер мұнай қорын алсақ, оны 4,5 миллиард тоннадан 76 миллиардқа дейін арттыруға болады.
Просмотров материала: 917

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 487 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 297 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 943 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 978 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 272 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 166 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 312 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 495 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 209 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 400 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 272 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 275 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 040 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 883 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 020 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 687 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 786 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 635 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 679 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 187 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 616 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 766 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 104 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 515 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 533 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031