18 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мамандар фастфуд құрамындағы қоспалар қандай ауруларға себеп болатынын айтты

Мамандар фастфуд құрамындағы қоспалар қандай ауруларға себеп болатынын айтты

Фото: unsplash
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті фастфуд өнімдерінің құрамындағы тұз, қант және консерванттардың зияны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фастфуд адам ағзасына зиян екенін білеміз. Бірақ оның құрамындағы қай өнім адамға қалай әсер ететінін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары анықтауға тырысты.

Фастфуд құрамында адам ағзасына қажет минералды элементтер мен дәрумендер жоқ. Дәм сезу бүршіктерін ынталандыруға көмектесетін тұздарсыз, қанттарсыз және тағамдық қоспаларсыз фастфуд өнімі дәмсіз болады. Ыстық кезінде олар дәмді. Ал қысқа уақыттан соң немесе қайта қыздырылған кезде олар бастапқы дәмінен өзгеше болады.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Мамандар фастфуд құрамындағы кей өнімдерге жеке-жеке тоқталып, олар адам ағзасына қалай әсер ететінін атады.

Тұз

Фастфуд құрамында тым көп тұз бар. Артық тұз – жоғары қан қысымы (гипертония), тиісінше, бас ауруы, жүрек ауруы, құлақтағы шу, көру қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Тұз ағзадағы суды сақтайды, бұл бүйрек пен жүректің жұмысын қиындатады. Артық тұз қол мен аяқтың ісінуіне әкеледі. Басқа да жағымсыз салдары: артық салмақ, остеохондроз, подагра, уролития, бүйрек тас және өт тас аурулары.

Қант

Адам ағзасында қант глюкоза мен фруктозаға бөлінеді, олар бірден қанға енеді. Глюкоза адам үшін өте маңызды зат. Ал фруктоза, ғалымдардың пікірінше, пайдасыз ғана емес, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Айта кету керек, жемістерден фруктоза ағзаға жалғыз емес, целлюлозамен (сіңірілмейтін талшық) енеді. Оның арқасында ол асқазаннан өтеді, қанға сіңбейді және тоқ ішекке жетеді. Қантты глюкоза немесе фруктоза ретінде шамадан артық қолдану бұл тікелей семіруге және диабетке алып келеді.

Жоғары калория мөлшері

Фастфудтың тағы бір басты кемшілігі – тағамдық құндылығы төмен бола тұра жоғары калориялы болуы. Жалпы орташа денелі ересек ер адамға тәулігіне 2500 Ккал, әйелге 2000 Ккал қажет. Тағамның артық қуаты – бұл семіздіктің негізгі себебі. Бірақ қауіп тек жоғары калорияда ғана емес, оның тасымалдаушысында да бар. Фастфуд құрамында жеңіл көмірсулар көп. Оларды тез көмірсулар деп те атайды. Көмірсу денеге тез сіңеді, бірақ сонымен бірге өмірлік белсенділікті сақтауға жұмсалмайды, бірақ «резервте» сақталады. Біраз уақыттан кейін сіз өзіңізді қайтадан аш сезінесіз. Оңай сіңетін көмірсулар майға қарағанда қауіпті деп саналады. Құрамында осындай көмірсулар бар тағам инсулиннің пайда болуына ықпал етеді.

Майлар

Әңгіме көбіне транс майлар туралы. Олар кейде табиғатта да кездеседі, бірақ біздің ағзамызға енетін транс майлардың әлдеқайда көп мөлшері жасанды. Әуелі мұндай майлардың зияны байқалмады. Бірақ 1993 жылы транс майлары көп тағамдарды тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыратынын растайтын зерттеулер пайда болды. Денеде транс майлар табиғиға қарағанда басқаша әрекет етеді. Транс майлар жүректен басқа ұйқы безіне де әсер етеді. Олар қант диабетінің дамуына, созылмалы қабыну процестерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай майларды ағзадан шығару қиын. Кейбір мәліметтер бойынша бұл кезең дұрыс тамақтану жағдайында кем дегенде 2 жыл уаұытты қажет етеді. Жануарлардың қаныққан майлары қауіпсіз деп ойламаңыз. Фастфудты дайындауда олар да көп мөлшерде қолданылады. Оларды шамадан тыс пайдалану бауырға үлкен ауыртпалық әкеледі, жүрекке теріс әсер етеді және семіздікке душар етеді.

Дәм және хош иіс

Тағамдық хош иістер мен дәмдік қоспалар табиғи және синтетикалық болуы мүмкін. Бірақ жасанды түрлері арзан болады. Жалпы алғанда аз мөлшерде бұл заттар денсаулыққа үлкен қауіп төндірмейді. Бірақ жоғары концентрацияда және ұзақ уақыт қолданғанда бауыр ауруларына әкелуі мүмкін.

Өнімдердің дәмдік қасиеті туралы айтатын болсақ, натрий глутаматы туралы айтпауға болмайды. Бұл тағамдық қоспа кез-келген тағамдар мен өнімдердің иісі мен дәмін күшейтеді. Көбіне ол MSG (monosodium glutamate) атауымен өнімнің құрамында жасырылады. Оның еуропалық коды (нөмірі) – E621. Осындай қоспасы бар тағамдарды шамадан тыс тұтыну нәтижесінде Альцгеймер ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі, ас қорыту проблемалары, бронх демікпесі және әртүрлі аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Глутаматтың артық болуы көру қабілетіне де әсер етеді, көз торының құрылымы бұзылады. Әрине, натрий глутаматы тағамға тәуелділікті тудыруы мүмкін. Адам табиғи тағамды қабылдауды тоқтатады және тағамға натрий глутаматын қоспай жасай алмайды.

Консерванттар

Консерванттар – денсаулыққа зиян тағамдық қоспалар. Олардың көмегімен өндірушілер өнімнің сақтау мерзімін арттырады. Консерванттар биохимиялық реакцияларды бұзады және нәтижесінде өнімдердегі микроорганизмдердің өсуіне жол бермейді. Ерекше зиян және тыйым салынған консерванттарды қоспағанда, қалғандары тек көп мөлшерде қолданғанда және денеде жиналуына байланысты зиян. Кейбіреулері ағзадағы дәрумендерді бұзады, ал басқалары – канцерогендер. Консерванттар ішектің қалыпты микрофлорасына теріс әсер ететіні белгілі. Аллергиялық реакцияларға бейім адамдарда консерванттар демікпе, жүрек айну және бас ауруына дейін аллергия тудыруы мүмкін.

Осыған байланысты Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын дұрыс тамақтануға шақырады.
Просмотров материала: 951

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 576 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 148 386 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 148 043 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 148 065 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 148 369 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 766 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 918 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 070 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 867 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 851 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 022 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 784 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 607 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 746 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 897 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 562 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 930 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 662 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 665 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 508 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 351 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 605 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 547 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 057 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 388 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 626 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 978 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 385 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 368 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 412 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 353 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 581 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 729 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031