7 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандар мен қандастар неге кері қайтып жатыр

Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандар мен қандастар неге кері қайтып жатыр

Фото : ПС ДЧС СКО
Солтүстік Қазақстан облысынан бірнеше жылда оңтүстіктен қоныс аударған 556 адам кері оралған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында қыстағаннан кейін Ираннан келген бірнеше қандас отбасы кері қайтты. Олар жергілікті билік ұсынған үйлердің суық, ұйытқыған желге төзімсіз екеніне шағымданды.

Сергеевка аудан орталығында оларға арнап салынған 45 үйдің барлығы қазір қайта жабдықталып, негізінен еденді жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйді қайта салуға бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Бірақ бұл кері қайтуға шешім қабылдаған қоныс аударушыларды солтүстік өңірде ұстап қала алмады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында елдің оңтүстік аймағынан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандар үйдің сапасына шағымданып, баспанада су, санитарлық бөлме қарастырылмағанын, есесіне үй қабырғалары көгеріп, жарықшақтанғанын айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмыстарды тиімді ұйымдастыра алмағаны үшін СҚО Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері жұмыстан босатылды.

Жақында өткен қоғамдық кеңесте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов 2017 жылдан бастап "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс күші көп өңірлерден 9120 адам Солтүстік Қазақстан облысына келгенін айтты. Облыстың 225 елді мекені Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 2700 отбасын қабылдаған.

"Қоныс аударғандар арасында еңбек жасындағы 3784 адам бар. Еңбекке қабілетті азаматтардың 30%-інде жоғары, 38%-інде арнаулы орта білім бар. Олардың 3074-і, яғни 81%-і жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 626 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 404 адам ауыл шаруашылығы саласында, 356 адам білім, 176 адам денсаулық сақтау, 1512 адам басқа салаларда жұмыспен қамтылды", - деді Елжасов.
Қандастарға да барлық тиісті құқықтық қолдау көрсетілді: 2016 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Украина сияқты елдерден 850 отандасымыз келген.

Барлық қолдау шарасына қарамастан, өңірде қоныс аударғандардың тек 94%-і тұрақтап қалған.

"Осы жылдар ішінде облыстан 224 отбасы немесе 556 адам кетіп қалды. Себебі алуан түрлі. Оның ішінде отбасылық, денсаулық жағдайы да бар. Кейбірі бастапқы кезеңде, квотаға енгізілмей тұрып шешім қабылдап жатты", - деп түсіндірді Елжасов.

Алайда қоғамдық кеңес мүшелері қоныс аударғандардың солтүстіктен кетуіне негізінен отбасылық жағдай себеп емес екенін айтты.
"Жаңа баспана мен жақсы жұмыс алу мүмкіндігіне алғашқы жылдары өте көп адам қызығушылық танытты. Бірақ қоныс аударғандар солтүстік өңірдің аязды ауа райына төзе алмады. Негізінен тым асығыс салынған үйлердің сапасы қынжылтты. Оның үстіне жалақысы жоғары жұмыс та сол уәде күйінде қалды", - деді қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев.

Ол Ираннан келген Хадиша Адайдың "Үй суық, пешті дұрыс орнатпаған, қабырғалары жұқа, желден есіктер сықырлайды. Дәретхана мен ванна бөлмелері жартылай дайын. Біз жылы елден келдік, бізге суыққа төзу қиын" деген сөзін келтірді.
Сол сияқты Сержан есімді қоныс аударған азамат үй сапасының өте нашар екенін, жалпы бір жарым айда бой көтерген 14 үйдің сапасы адам ұялатындай жағдайда екенін жеткізген.

Отырыста белгілі болғандай, қоныс аударғандар үшін салынған 1 206 үйдің 458-інен ақау анықталған.

"2019-2021 жылдары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс аудандарында жалпы сомасы 8,6 миллиард теңгеге 1206 үй сатып алынды. Тұрғын үйлерді тексеру барысында олардың 485-інде ақау бар екені анықталды. Осы уақытқа дейін 472 үй жөнделіп, 13 баспанада жұмыс жүргізіліп жатыр. Мердігерлер ол ақаулар мен ескертпелерді осы жылдың мамыр-шілде айларында толығымен жоюы қажет", - деп хабарлады облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мұстафин.

Ол 2019-2020 жылдары бір үйдің құны 7 миллион ​​теңге болғанын, бірақ былтырғы Президент әкімшілігі мен Есеп комитетінің тексеруінен кейін екінші жартыжылдықтан бастап үйлер 8 миллион теңгеге сатып алынатынын айтты. Оның айтуынша, бағдарламада септиктер, қоршаулар орнату, қосалқы бөлмелер салу қарастырылмаған. Бірақ бұл мақсаттарға аудандар мен облыс бюджетінен қосымша 800 миллион теңге бөлінген.

Биылдан бастап "Еңбек" бағдарламасы тоқтады. Осы жылы азаматтарды қабылдау жұмыстары "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" жалпыұлттық жобасы аясында жалғасады. Жаңа жоба кадр тапшылығын жоюға бағытталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі СҚО бойынша 2685 адамға квота бекітті, оның ішінде 2556-сы жұмыс күші көп өңірлерден келгендерге және 129-ы қандастарға арналған.

Бағдарлама жаңашылдықтарының бірі – қоныс аударғандарды баспанамен қамтамасыз етудің үш тетігі қарастырылған: үй сатып алу, үй салу және жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау.
Просмотров материала: 952

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 125 439 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 125 269 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 124 916 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 124 943 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 125 250 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 584 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 752 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 827 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 041 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 197 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 554 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 364 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 666 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 560 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 370 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 482 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 339 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 683 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 447 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 280 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 130 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 373 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 835 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 193 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 159 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 379 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 713 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 134 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 146 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 115 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 345 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 495 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031