18 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ішерге тамақ жоқ»: Ираннан келген қандастар кері көшкелі жатыр

«Ішерге тамақ жоқ»: Ираннан келген қандастар кері көшкелі жатыр
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына Иран Ислам Республикасынан келген қандастар мемлекет тарапынан төленетін квотаны ала алмай жүр. Жергілікті әкімдік өкілдері дипломы жоқ азаматтарға қаржы мүлде берілмейтінін мәлімдеді. Қандастардың басым көпшілігі жұмысқа да орналаспаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«АУДАН ӘКІМ АУЫР СӨЗ АЙТЫП БАЛАҒАТТАДЫ...»

Хамит Шадкам Иранның Горган қаласынан көшіп келген. Ол аудандық әкімдік берген үйге қоныстаныпты. Баспана үшін белгілі мерзім аралығында 8 млн теңге төлейді. Қандас қазіргі тұрып жатқан үйінің сапасына, жұмыстың жоқтығына, квотаның уақытылы берілмей жатқанына шағымданады. Айтуынша, осы проблемаларын аудан әкіміне жеткізбек болған әрекетінің соңы жанжалмен аяқталыпты.

«Аудан әкімі Рахат Смағұлов мені балағаттап, ар-намысыма тиді. Ауыр сөз айтты. Кәдімгідей орысшалап, үш әріпке жіберді. Квота берілмей жатыр. Үйде жейтін тамақ жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Арман Дүсенбинов маған қол көтерді. Оның соңынан іле полиция қызметкерлері келді. Шенеунік араға адам салып, үстінен арыз жазбауға көндірді. Үш баласы барын, үстінен шағым түсірсем ол жұмыстан шығарылып, бейкүнә сәбилер қиналып қалатынын айтты. Сөзге тоқтадым. Бірақ жағдайымыз мүшкіл. Үй суық, жылымайды. Қылышын сүйретіп қыс келеді. Күніміз не болары белгісіз», - дейді Хамит Шадкам.
«Ішерге тамақ жоқ»: Ираннан келген қандастар кері көшкелі жатыр



Мәселенің ақ-қарасын білмек мақсатта Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұловты сөзге тарттық. Шенеунік келеңсіз жағдайдың мүлде болмағанын айтып отыр. Хамит Шаткамды бір аптадан бері көрмегенін де алға тартты.

«Хамит Шаткамды танимын. Бірақ соңғы күндері мүлде көрген емеспін. Қандастар тұратын ауданға күнде барып, жағдайларын білемін. Ақсақалдармен тілдесемін. Бірақ Хамит есімді азамат мүлде көзге түскен емес. Қандастар жылы жақтан келгендіктен пеш жағуды білмейді. Барынша үйретіп жатырмыз. Ісі алға баспай жатқандықтан ашуланып айтқан болар. Жала жапқаны үшін сотқа бермеймін», - дейді Рахат Назымбекұлы.



«КВОТА – ДИПЛОМЫ БАР АЗАМАТТАРҒА ҒАНА БЕРІЛЕДІ...»

Шал ақын ауданында тұрып жатқан қандастардың басым көпшілігі жұмыссыз. Олардың қазіргі бар үміті – мемлекет тарапынан берілетін квотада. Қаражатқа керек-жарақ алып, уақытша күнелтуге болады. Алайда, аудандық әкімдік өкілдері оның барлығына бірдей берілмейтінін айтып отыр.

«Адам басына 204 мың теңге ақша беріледі. Ең басты талап білімі болу керек. Егер диплом болмаса квота берілмейді оларға. Ираннан келген қандастардың 90 пайызында жоғары білімі жоқ. Орта арнаулы білім де алмаған. Төлем алудың бірнеше шарты бар. Басында төленбеген несиесі болмауы керек. Зейнеткерлер де квота ала алмайды», - дейді Шал Ақын ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбинов.

Бұл ақпарат елін аңсап келген азаматтар үшін жығылғанға жұдырық болып тигені анық. Шенеуніктер қандастар жұмыс істеуге құлықсыз екенін айтып отыр. Келгелі бірнеше серіктесікте бірер күн ғана еңбек етіп, кетіп қалған.

«Қандастардың 20-сы еңбекке жарамды. 11 әйел, 9 ер адам бар. Жергілікті серіктестіктерге жұмысқа орналастырдық. 2-3 күн жүріп, кетіп қалады. Үйде ақаулар болып тұрады ғой. Өздеріне-ақ жөндеп алуға болады. Қолдарынен келмесе, мені шақырсын. Барып істеп берейін», - дейді Рахат Смағұлов.

ҚАНДАСТАР КЕРІ ҚАЙТПАҚ

Ираннан қандастардың көшіп келгеніне бір ай болды. Бірақ ешқайсысы тұрақты жұмыс таппапты. Сондықтан ішерге тамақ, киерге киім жоқ. Тұрып жатқан үйлерде сапа жоқ. Қабырғасы сөгіліп, терезелерден жер үрлеп тұр.

«Үйдің бәрін өз қаражатымызға жөндеп жатырмыз. Ақысын 5 жылда өтейтінімізді айтты. Өткенде журналистер келгеннен кейін ғана әкімдік қимылдады. Мал қорада жатқандай болдық. Соны айқау-шусыз істеуге болады ғой. Бізге «шыдаңдар» дейді. Бала-шаға бар. Өздері төзер ме екен осындай жағдайда тұруға?! Біз бұл жерге өмір сүруге келдік. Ешқандай дайындық жоқ. Ешкімді танымаймыз. Білмегенді сұрайтын адам да жоқ. Жұмыс қарадық. Қара жұмысқа шақырды. Ондайды істеп көрмегенбіз, шыдамадық. Осы жаққа келгенде мамандық бойынша қызмет беруге уәде еткен. Бізді заң білмей деп ойлайды-ау деймін. Дипломсыздарға квота берілмейтінін айтты», - дейді қандас Абдожалил Шадкам.

Айта кетейік, қыркүйек айында Ираннан Солтүстік Қазақстанға 20 отбасы көшіп келген болатын. Олардың 12-сі Шал ақын ауданының орталығы Сергеев қаласында қоныстанды. Қалғандары Есіл ауданында қоныс тепті. Қандастардың кейбірінің жергілікті атқарушы органдарына деген өкпесі қара қазандай. Ол тиісті жағдай жасалмаса қайта кетіп қалмақ ниеттерін жасырмады.

Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан 32 отбасы көшіп келген. Қытайдан – 24, Монғолиядан – 3, Өзбекстаннан – 3, Ресейдан – 2 қазақ отбасы қоныс аударған. Мамандардың айтуынша, тарихи Отанына оралғысы келетіндер көп. Осындай жағдайлардан кейін көштің жалғасанынына күмән басым.
Просмотров материала: 623

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 114 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 948 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 574 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 622 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 081 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 218 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 442 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 448 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 616 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 336 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 853 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 347 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 201 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 019 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 215 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 963 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 350 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 069 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 087 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 922 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 755 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 019 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 958 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 474 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 942 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 794 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 065 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 393 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 808 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 763 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 816 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 767 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 994 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 140 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031