27 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ІІМ Шымкент полициясы баспасөз хатшысының айыптауларына жауап берді

27 апрель 2022, 9:48
ІІМ Шымкент полициясы баспасөз хатшысының айыптауларына жауап берді

Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva
Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінің жаңа басшылығына тағылған айыптарға жауап берді.

Сәуірдің басында Шымкент ПД-да үлкен дау болды: ведомство баспасөз хатшысы Мөлдір Бакеева өз-өзіне қол салуға тырысты. Ол бұл әрекетінің себебін дау шықпай тұрып Facebook парақшасында жазған. 31 жастағы әйел басшылықтың түрлі заңбұзушылықтары оны мұндай қадамға итермелегенін айтады.

Бекеева Шымкент ПД жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков Түркістан облысынан өзінің ескі командасын көшіргенін мәлімдеді. Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта ІІМ өкілдері облыстық департаменттен қалалық департаментке барлығы сегіз полицей ауыстырылғанын түсіндірді.

"Дәлбеков тағайындалғаннан бері Шымкент қаласы ПД бөлімшелері басшылары лауазымына үш қызметкер келді. Тағы екі орынды орынбасарлары алды. Қалған үшеуі қатардағы полицей. Аталғандардың барлығы Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері болған, бұған дейін ОҚО полиция департаментінде жұмыс істеген. Шымкент ПД-ға олар бос лауазымдарға ауысты", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Бекеева полиция қызметкерлерін облыстан қалаға ауыстыру себебін ПД басшылығы "олардың Түркістанда жылжымайтын мүлкі жоқ, Шымкентте бар" деп түсіндіргенін атап өтті. Ол бұл қызметкерлерге төрт жыл бойы Түркістанда неге қызметтік тұрғын үй бөлінбегенін білмейді. ІІМ бұл жағын да түсіндіріп берді.

"2018 жылы орталығы Түркістан болып Түркістан облысы құрылды, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Жаңа облыстық полиция департаментінің штаты бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының ПД қызметкерлерінің есебінен ұлғайтылды. Осының негізінде елімізде болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын назарға ала отырып, 200-ден аса қызметкер Түркістанға қоныс аударуға шешім шығарды. Бірақ полицейлердің отбасы Шымкентте қалды.

Қызметкерлер 1,5 жыл бойы Түркістанда жалдамалы пәтерлерде тұрды. Тұрғын үй жетіспей, олардың көпшілігі Түркістаннан 30 шақырым жерде орналасқан Кентауда да тұруға мәжбүр болды. 2020 жылдың наурызында қала әкімдігі полицейлерге 42 қызметтік пәтер бөлді. Қалған қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы бөлінеді", - деді министрлік.

Сондай-ақ Мөлдір Бекеева Түркістан облысының полициясынан Шымкентке ауысқан Салтанат Қаракөзоваға бірқатар шағым айтты. Ол: "Қаракөзова Түркістанда мемлекеттік бағдарламамен баспана алды, бірақ неге жұмыс орнын өзгертті?", - деп сұрайды. ІІМ бұған да түсініктеме тапты.

"Қаракөзова Түркістан облысы полиция департаментінің басқа қызметкерлерімен бірге 2020 жылы қызметтік баспана алды. Ол Шымкентке ауыстырғаннан кейін Түркістандағы пәтеріне басқа полиция қызметкерлері қоныстанды", - деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Бекеева Шымкент ПД ресми өкілі болып қала беретінін, алайда Қаракөзова әлеуметтік желілерде өзін осындай лауазымдағы қызметкер деп жариялағанын айтты. ІІМ олар әр түрлі қызметте екенін айтты.

"Полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова осы жылдың 23 ақпанында Шымкент қаласы ПД штабы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның ішкі істер органдарындағы (26 жылдан астам), оның ішінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл және құқықтық салада еркін бағдарлау саласындағы көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, ішкі бұйрықпен ол сыртқы және ішкі коммуникациялар басқармасының кураторы болып тағайындалды. Ол Шымкент полиция департаментінің ресми өкілі болып саналады.

Мөлдір Бәкеева сыртқы және ішкі коммуникациялар басқармасының басшысы лауазымын атқаруды жалғастырады. Ол Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Бекеева бұл қызметті 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап атқарып келеді", - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар, Бекеева Шымкент ПД бухгалтерін жалақыны уақтылы алмағаны үшін айыптады. Ол бұл қызметкер Түркістан облысының ПД-нен ауыстырылғанын және жаңа басшылықтың тапсырмасы бойынша психологиялық қысым көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда ІІМ бұл айыптауларды жоққа шығарды.

"Жалақыны есептейтін есепші - 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкер. Түркістан облысында жұмыс істемеді. Бекееваның жалақысы туралы: бүгінгі таңда оған 31 наурызға дейін есептелген қаражат берілді. Керісінше, бұған дейін бухгалтердің қателігі бойынша Бекееваның шотына 8 наурызға дейін екі рет сыйақы аударылып қойды, ол бірақ ішінара қайтарудан бас тартты", - деп толықтырды департамент өкілдері.

Соңында Мөлдір Бекеева тағы бір бұзушылық дерегі туралы айтты. Оның сөзінше, бұған дейін Шымкент ПД баспасөз қызметінде қызметкерлер алу үшін іріктеу конкурс өткізілген. Ол бұл лауазымға Салтанат Қаракөзованың туысы қабылданғанын және кадрларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына баспасөз қызметінің жұмысынан алшақ бухгалтер енгізілгенін айтты. Министрлік бұл мәлімдемені негізсіз деп атады.

"Баспасөз қызметінің қызметкерін іріктеу жөніндегі арнайы комиссия құрылған жоқ. Заң бөліміне, қаржылық қамтамасыз ету басқармасына және ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасына қызметкерлерді қабылдау бойынша жалпы комиссия құрылды. Комиссия құрамына кадр саясаты басқармасының (комиссия төрағасы) және қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастықтары, сондай-ақ заң бөлімінің басшысы кіреді. Комиссия хатшысы - кадр саясаты басқармасының инспекторы.

Үміткерлер арасында өткен жалпы конкурсқа Түркістан облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Н.Әбдіхалиқ та қатысты. Ол Қаракөзованың туысы емес", - деді ІІМ.

Қорытындылай келе, Ішкі істер министрлігі Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мөлдір Бекееваның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін тергеумен айналысатынын еске салды. Аталған құқық қорғау органы Бекееваның Facebook-тегі парақшасында көрсетілген барлық сөзді тексереді.

Бұған дейін Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Суицид оқиғасы 6 сәуірге қараған түні болды.

Бекееваның айтуынша, бұған дейін ведомствоның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков одан журналистерді алуды ұсынған. Бекеева бас тартқаннан кейін оған қарсы "билік өкілін қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Просмотров материала: 333

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 969 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 800 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 441 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 467 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 775 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 514 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 686 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 758 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 949 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 094 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 474 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 335 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 658 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 553 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 364 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 466 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 662 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 330 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 674 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 439 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 435 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 275 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 123 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 366 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 301 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 831 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 179 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 153 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 373 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 701 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 124 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 141 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 181 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 107 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 338 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 490 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930