9 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

06 апрель 2022, 12:13
Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған
Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 сәуірде болған. Одан бір күн бұрын Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдарған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, оған Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистерді "тамақтандыруды" ұсынған көрінеді. Бекееваның айтуынша, бұдан бас тартқаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасуды ұйғарған.

Кейін бұл жағдайға қатысты Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Наурыздың аяғында Youtube-те Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы (Мөлдір Бекеева - еск.) полиция қызметкеріне балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД басшысы ішкі тексеріс тағайындады. Нәтижесінде өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметі басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмысын сақтап қалу үшін былтыр желтоқсанда осы әңгімені жазып алғанын түсіндірді.

Штабтың Жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұрып, бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша, ол баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол өз кезегінде, оны күнде келеңсіздікке ұшыратып, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті", - делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарлмасында.

Бұл полицейдің сөзін баспасөз қызметі мен кадр жұмысы, сондай-ақ бес жүргізуші қолдап, растағаны атап өтілді. Олардың бәрі Бекеева ПД баспасөз қызметін басқарған 10 ай ішінде жұмыс істегені белгілі болды.

"Содан кейін Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хаттама толтырды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша тіркелді. Өтініш бойынша соталды тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді. Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталы тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазір Мөлдір Бекеева ауруханада жатыр.
Просмотров материала: 681

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 429 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 212 098 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 593 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 631 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 005 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 310 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 341 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 655 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 303 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 378 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 565 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 745 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 825 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 519 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 395 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 628 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 360 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 760 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 567 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 248 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 104 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 445 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 329 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 809 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 051 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 160 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 397 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 139 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 076 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 212 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 374 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 525 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31