9 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресей азаматы болып шыққан шымкенттік шенеунік жұмысынан босатылды

02 март 2021, 10:25
Ресей азаматы болып шыққан шымкенттік шенеунік жұмысынан босатылды
Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов бұған дейін өзінің Қазақстан азаматы екенін айтып, қалалық Полиция департаментінің үстінен сотқа шағым түсірген болатын.

Inbusiness.kz редакциясына инсайдерлік дереккөзден Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловтың жұмысынан босатылғаны туралы құжаттың көшірмесі келіп түсті. Ондағы мәліметке сәйкес, шенеуніктің «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңының 61-бабы, 1-тармағының 10-1 тармақшасына сәйкес жұмысынан босатылғаны көрсетілген.

«Шымкент дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов шет мемлекет азаматтығының болуына байланысты 2021 жылғы 25 ақпанынан бастап жұмысынан босатылсын» деп жазылған өкімде.

Бұл мәліметті қала әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс та растады. Айтуынша, басқарма басшысы қазіргі таңда жұмыс орнында емес.


Біз бұған дейін Олег Почиваловтың қос азаматтығы туралы жазған болтынбыз. Алайда шенеуніктің баспасөз хатшысы бұл мәлметті ресми түрде жоққа шығарған еді. Кейінірек басқарма басшысының Қазақстан азаматтығынан айырылғаны белгілі болды.

Ақпан айының басында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев шенеуніктің Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы ақпарат қалалық Полиция департаментінен келіп түскенін мәлімдеген еді. Кейінірек қалалық Полиция департаменті көші-қон басқармасы бұл мәліметті былайша түсіндірді:

«Көші-қон басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 1974 жылы туылған азамат Почивалов Олег Владимировичке ҚР Азаматтық туралы Заңның 21-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жайты тіркелді», – деді Шымкент қалалық ПД көші-қон басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Нысанбаева.

Бірақ көп ұзамай Олег Почивалов Полиция департаментінің үстінен сотқа шағым түсірді. Алайда Әл-Фараби аудандық соты Олег Владимировичтің шағымын қанағаттандырмады.
Ресей азаматы болып шыққан шымкенттік шенеунік жұмысынан босатылды


«Сот Почивалов Олег Владимировичтің РФ азаматтығын алғанын және тиісті паспорты болғанын анықтады. №1 көшірме бұл мәліметті растап тұр. Аталмыш факт Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хатымен де, РФ ІІМ жауабымен де дәлелденді. Почивалов пен оның өкілдері сотқа бұл деректерді жоққа шығаратын дәлелдер ұсынған жоқ. Осылайша сот полиция департаментінің азаматтықтан айыру әрекетінен ешқандай заң бұзу анықтаған жоқ», – деді судья Нұрғали Исмайылов.

Еске салсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату керектігін айтқан болатын.

«Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген елдердің тобына кіреді. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілерді жиі тіркеп жүрміз. Бұған белгілі себептермен жол беруге болмайды. Бұл өте байыпты мәселе. Өйткені, ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», - деген Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымды қызметінен босату туралы тапсырма бергендігін атап өтті.
Просмотров материала: 1 403

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 102 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 712 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 212 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 259 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 633 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 591 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 969 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 535 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 586 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 633 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 783 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 510 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 203 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 601 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 403 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 299 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 131 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 291 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 202 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 697 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 560 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 283 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 661 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 040 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 087 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 043 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 241 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031