26 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Намазхан болғаны үшін сендік»: Алматыда қаржы пирамидасына алданғандардың алды 85 млн, ең азы 700 мың теңге ақша салған

27 апрель 2022, 7:26
«Намазхан болғаны үшін сендік»: Алматыда қаржы пирамидасына алданғандардың алды 85 млн, ең азы 700 мың теңге ақша салған

Фото: azattyqruhy.kz.
Танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған «Astex.kz» компаниясына 160-тан астам салымшы ақша аударған. Қаржы ұйымының басшылары салымшыларға ортақ түсімнен ай сайын 20% мөлшерде сыйақы төлеп отыруға уәде берген. Жеңіл пайдаға қызыққан адамдар қаржылық пирамидаға өздерінің жиған-тергендерін ғана емес, таныстарының да ақшасын аудартқан.


«Жиналған себебіміздің басты мақсаты – ұсталған кейбір адамдардың «Astex.kz» компаниясына мүлдем қатысының жоқтығы. Біз тергеудің және осыған қатысы бар адамдардың жазалануын, салынған ақшалардың қайтарылуын талап етеміз. Зардап шеккен 160-170 адам бар, олардың да құқығы сақталу керек. Біз ақшаны «Astex.kz» компаниясына құйдық. «Mudarabah Capital» салымшыларының бізге қатысы жоқ. Екеуінің салымшылары екі бөлек. «Astex.kz» тендерге қатысып, одан тапқан пайданың 10-20% аралығында бізбен бөлісті. 20% көп емес, бір нәрсені сатып, пайда көру үшін 30-40% қоспаса, одан кіріс болмайды. Өйткені инфляция жоғары, ҚҚС-ның өзі 12%. Одан басқа офисті жалға алу, жол шығындары бар. Пайдасын бір-екі ай көрдік. Біз бұларға таныстар арқылы келдік. Қазір «Mudarabah Capital» салымшыларының қайта-қайта араласуымен тергеу ісі созылып жатыр. Бұл мәселе 2021 жылдың ақпан айында басталды. Сәуірдің 27 күні полицияға арыз жаздым. Мамыр айында Алмас Құрманғалиев қамалды. Мен ай сайын 20% пайда көріп отыруым керек еді. Соттың қортындысы бойынша олар маған 18 млн теңге қарыз. Шындығында мен одан да көп ақша аударғам», - деді «Astex.kz» ЖШС салымшысы Ұлан Бақырбаев.

«Намазхан болғаны үшін сендік»: Алматыда қаржы пирамидасына алданғандардың алды 85 млн, ең азы 700 мың теңге ақша салған


«Astex.kz» ЖШС құрылтайшысы Алмас Құрманғалиев қамалғалы пайдадан қағылып, пайыздық төлем алуымыз мүлдем тоқтады дейді бүгін жиналған бір топ адам. Олардың сөзінше, адамдар тек бір «Astex.kz» қаржылық ұйымының өзіне 1 миллиард 124 миллион теңге аударған. Салымшылар қос компанияға қатысты тергеу жеке-жеке жүруі керек деп санайды. Өйткені бір біріне қатысы жоқ адамдар пайда болып, ақшасын қайтаруды талап ете бастаған.

Қаржы пирамидасына ақша құйғандардың қатарында бес баланың анасы Гүлмира Құрманбекқызы да бар. Ол банктен 29 млн теңге қарыз алып, «Astex.kz» ЖШС-не апарып берген. Компания басшылары шетінен намазхан болғандықтан олардың сөзіне сеніп қалдым дейді көпбалалы ана.

«Алмас Құрманғалиевтың інісі Шыңғыс Құрманғалиев бізге ағасы үшін ақшамызды бөліп-бөліп қайтарып жатыр. Мен құйған 29 млн теңгенің жартысын қайтарып алдым. Отбасымызбен үлкен іс бастайық деп несие алған едік. Ақша бизнеске емес, осы пирамидаға кетіп қалды. Қазір «Astex.kz» салымшылардың ақшасын қайтара бастаған кезде, «Mudarabah Capital» ЖШС ақша берген адамдар шығып, біз де қаражатымызды «Astex.kz»-ке салғанбыз деп өтірік айтып жатыр. Олар кімге ақша берді солардан сұрау керек. Өйткені, «Mudarabah Capital» қаржы ұйымының салымшылары да, ол жақтағы қаражат көлемі де көп. Біз 4 ай аудит жасадық, бүкіл құжаттарды тексердік. 128 адамның алдындағы берешекті Құрманалиевтың інісі Шыңғыс мойнына алып, төлеймін деп отыр. Негізі екі компанияның бір біріне қатысы жоқ. Шыңғыстың бізге ақшамызды біртіндеп қайтарып жатқанын естіген «Mudarabah Capital» ұйымының салымшылары көреалмаушылықпен «Astex.kz»-ке жала жауып жатыр», - дейді қаржы пирамидасына алданған Гүлнар Құрманбекқызы.



Гүлнар Құрманбекқызы

Ол қазір банкке ай сайын 2,5 млн теңге көлемінде несие төлеп отырғанын айтты.

Бұған дейін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржылық пирамидасына қатысы бар деп танылған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулікке қамаған болатын. Ал, «Astex.kz» қаржылық ұйымының басшысы Алмас Құрманғалиевтың қамауда отырғанына бір жылға жуықтады. Оның інісі салымшылардың 120 млн теңгесін қайтарып берген. Ағасының халық алдындағы берешегін біртіндеп төлеймін дейді ол.



2020 жылы 82 миллион теңгесін осы қаржы пирамидасына салған Ілияс Нұрланұлы да ақшасын толық қайтарып алудан үмітті. Қазір жартысынан астамын өндіріпті. «Mudarabah Capital» салымшылары кедергі келтірмесе қалғанын да қайтаруы керек дейді ол.

«Алғаш рет қаржылық ұйымға 2020 жылдың наурыз айынан бастап ақшамды салдым да, сол жылдың соңына дейін үстіндегі маржасын алып жүрдім. Проблема 2021 жылдан басталды. Біз сол кезде ұжымдық арыз жаздық, соның негізінде Құрмағалиевты қамауға алды. Біз бұл компанияға таныстар арқылы келдік. Қазір екі компанияның салымшылары бір-бірімен дауласып жатыр. Мен бұл компанияға 82 млн теңге салдым, бүгінге дейін соның 50 млн теңгеден астамын қайтарып алдым», - деді Ілияс Нұрланұлы.


Ілияс Нұрланұлы

ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, өткен жылы 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Әншілер мен блогерлер жарнамалаған алаяқ ұйымдар қарапайым адамдарға 54 млрд теңгенің залалын келтірген. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 70-ке жуық қылмыстық іс бар. Арыздардың негізінде 3 мыңнан астам жәбірленуші тіркелген.

Дереккөз: azattyqruhy.kz.
Просмотров материала: 931

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 821 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 653 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 294 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 318 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 628 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 506 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 678 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 747 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 941 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 085 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 465 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 333 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 550 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 362 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 463 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 659 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 328 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 672 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 437 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 432 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 273 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 121 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 364 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 298 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 827 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 175 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 151 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 371 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 698 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 122 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 137 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 179 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 103 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 335 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 487 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930