18 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Баян Алагөзова жарнамалаған". Алматылықтар қаржы пирамидасына шағымданды

29 апрель 2021, 12:14
"Баян Алагөзова жарнамалаған". Алматылықтар қаржы пирамидасына шағымданды
Алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Сәкен Нұрахметов Instagram әлеуметтік желесінде түрлі блогерлер парақшасына тіркелгенін айтты. Олардың бірінің парақшасынан ол Mudarabah Capital компаниясына "тиімді ислам инвестициялары" туралы бейнеролик көрген. Жарнама видеосына вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев түскен.

"Өзім діни көзқарастағы адаммын, сондықтан жарнамалап жатқан адамдар адал және неге компанияға ақша салмасқа деп ойладым. Astex.kz компаниясымен келісімге қол қойдым, ол Mudarabah Capital өкілі. Шарттары былай болды. Мен бес миллион теңге саламын, ал компания оны бизнесті дамытуға: "Самұрық-Қазына" тендерлеріне және мемлекеттік сатып алуларға бағыттайды.

Олардың айтуынша, табысым әр 32 күн сайын 350-450 мың теңге болады. Бірақ 32 күннен кейін мен пайда таппадым. Сондықтан салынған қаражатты қайтаруды талап еттім. Алайда менеджерлер әлі күнге дейін ақша басқа жобалар жүзеге асқаннан кейін берілетінін айтып келеді. Мен әлі табыс көрмедім. Бірақ сабақ алдым: инвестициялар, тауарлар, шұжықтар мен емдік шөптердің жарнамасы тек Instagram-да әдемі. Жарнама берушілердің өздері ғана одан ақша табады", - деді ер адам.



Осыған байланысты ер адам заңгер Динара Жұбатоваға кеңес алуға жүгінген. Олар бірге арыз жазып, Алматы Полиция департаментіне жіберді. Адвокат кейбір блогерлік жарнама халықты қаржылық шығынға әкелетінін айтты.

"Еліміздегі ең тиімді жарнамалардың бірі - әлеуметтік желілер. Жарнама нарығындағы алдыңғы орын Қазақстан халқының 49,5 пайызы қолданатын "Инстаграмға" тиесілі. Бірақ блогерлік жарнама кейде халықтың қаржылық шығынға ұшырауына әкеледі", - деп жазды заңгер Динара Жұбатова Facebook-парақшасында.

Сонымен қатар, Mudarabah Capital компаниясының басшылығы өзінің Instagram-парақшасында болған оқиғаға түсінік берді.

"Біз ASTEX компаниялар тобының агентіміз. Компания болғандықтан Astex.kz ақшаны клиенттерге қайтармауына байланысты 2 наурызда оның қызметін аудиторлық тексеруді бастадық. Біз ақша ASTEX компаниялар тобына кіретін тендерлік компанияларға инвестицияланды деп болжап отырмыз. Аудиторлық есепке сәйкес, ақшаның көп бөлігін Astex.kz осы топқа кіретін төрт тендерлік компанияға жіберген.

Бүгінде Astex.kz басшымен байланыс жоқ. Оларға жіберілген хаттар жауапсыз қалды. Осыған байланысты біз полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовке, сондай-ақ Алматы прокуроры Берік Жүйріктаевқа болып жатқан барлық мән-жайды анықтау үшін өтініш беруге мәжбүр болдық. Оларды осы жағдайды бақылауда ұстауды сұраймыз", - деді компания өкілі.

Сондай-ақ желіде тағы бір бейнеролик пайда болды, онда белгілі тележүргізуші Баян Алагөзова ASTEX компаниясын жарнамалағаны көрінеді. Видеода ол өз ақшасын салу мәселелерінде осы компанияның құрылтайшыларына - туған ағалары Алмас пен Шыңғысқа сенім артатынын айтқан.

"Бұл Қазақстандағы жалғыз компания, соның арқасында тендерлік жобаларға инвестиция салып, тәуекелсіз ақша табуға болады", - деді Алагөзова жарнамалық роликте.

Алматы полиция департаментіндегілер де жағдайға түсінік берді. Құқық қорғау органдары мәліметі бойынша, факт "қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша тергеліп жатыр.

"27 сәуірде бес адам екі компанияның басшылығына қатысты өтініш білдірді - Astex.kz және ACD Technology. Олар ақшалай инвестициялар есебінен тендерлерден пайда табуға уәде берген. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта мән-жайын анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Просмотров материала: 927

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 692 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 524 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 166 149 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 166 195 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 479 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 845 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 987 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 202 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 132 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 300 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 055 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 727 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 294 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 148 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 965 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 150 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 247 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 916 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 298 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 023 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 029 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 867 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 703 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 967 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 911 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 880 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 744 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 007 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 339 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 754 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 716 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 759 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 717 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 937 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 086 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930